Без рубрики

Мектеп,оқушы, ата-ана ынтымақтастығы

 Ақтөбе облысы  Қобда ауданы
Қобда қазақ орта мектебі Омарова А.К

 Ой санасы дамыған  адамгершілік және  дене  тұрғысынан  салауатты, мәдениетті  тұлғаны  жан-жақты  қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де , ата- ананы да әрқашан толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата- аналар арасындағы  ынтымақтастық қарым- қатынаста. Өйткені адамзат бесігін  тербеткен баланың бас ұстазы ата –ана. Бала әкеден  ақыл, анадан мейірім алып өседі.

Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында  белсенді, шығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың  тәрбие ісі  кіріктіріліп  жүзеге асуы тиіс. Өйткені  отбасына  мектеп тарапынан  білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата аналардың  өзара әрекетінің арқасында ғана  оқушы тұлғасын дамыту  мәселелерін табысты шешуге болады. Мектеп, мұғалім және ата-ана орны бөлек,  себебі бала бір жақты тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.

Осы тұрғыда мектебімізде, Қобда қазақ орта мектебінде,  оқушы , ұстаз, ата- ана ынтымақтастығы  жүйелі түрде жұмыс жасайды. Негізгі мақсатымыз әр баланың мектепте, мектептен тыс уақытын дұрыс пайдалануын қадағалау және тәрбие жұмысында , алуан түрлі бірлескен іс — шаралар барысында  оқушы , ұстаз,ата- ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыру. Осы мақсата жету барысында алдымызға атқарылуға тиіс негізгі іс шараларды міндеттедік.

Біріншіден, ата — аналдардың өзін-өзі басқару жұмысының қалыптасуын ұйымдастыру мен   ұстаздық көмек  көрсету.

-мектеп және отбасының біріккен тәрбиелік қызметін жоспарлау;

  • ата-аналарға педагогикалық рефлексияны қалыптастыруда, отбасында тәрбие технологиясын және әдістемесін таңдауда және қолдануда көмек көрсетeу.

Осы міндеттерді шешу барысында мектепте  жоспарлы түрде  ата-аналар апталығы, ата ана, ұстаз, оқушы атты айлықтар жүргізіледі. Ата аналар ұйымы   ашық есік күндерінің  кезекшілігін жасап, ата -аналардың мектеппен жүйелі түрде байланыс жасауына  және  мектеп оқушыларының материалдық-әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілуіне  көмек беріп отырады.жетекшілер мен ата аналар тығыз байланыста болып,сынып сағаттар мен сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысуға  ықпал жасайды. Мектепте  жылма жыл «Ең үлгілі отбасы» байқауы  өтіп отырады. Сонымен қатар ата –аналар апталығында «Ата- аналар белсенділігін қалай атқаруға болады?» тқырыбында дөңгелек үстел, «Мен ата -анаммен мақтанамын» тақырыбында  альбомдар, буклеттер, ата аналар бұрышы, «Өз үйім -өлең төсегім» тақырыбында  ұйымдастырылады. Мұндай іс- шаралар  ата- анамен баланың арасын одан әрі жақындата түседі. Сынып жетекшілер мен мектеп психологтары  ата аналармен жеке әңгімелер жүргізіп, баламен ата ана арасындағы қарым қатынасты  анықтау барысында сауалнамалар алып, қорытындысы бойынша түзету жұмыстарын жүргізеді. Мектепте  ата- аналар мен  балаларды біріктіре отырып жұмыс жасау, түрлі  шаралар өткізу, оқушылар мен ата -аналар арасында көзге көрінбейтін белгілі бір бәсекелестікті туғызады. Ата- ана мен балалар бір біріне түрткі болып, өзара біз неге мұндай шараларға қатыспасқа, біз неге көрінбейміз деген ой тудырады.Мұндай бәсекелестік ата ананың мектеппен байланысын арттыра түседі. Мұндай ата — аналар  өздерінің саналы өмірімен және сапалы  іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді. Мектепте мектеп өміріне белсене араласып, көпке үлгі болар ата аналар жылына екі рет І және ІІ жарты жылдықта   марапатталып, арнайы  құттықтауларға ие болады.

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.