Без рубрики

бастауыш

Қызылорда облысы Байқоныр қаласы
Ю.А.Гагарин атындағы
жалпы білім беретін №8 мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Бегалиева РабиғаӨтешқызы
Сабақтың тақырыбы:Бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу.
№1-9 есептер
Сабақтың мақсаты: Білімдік: Бір таңбалы санға жазбаша көбейтуді, бөлуді пысықтау.
Дамытушылық:
Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өз бетімен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік:
Алға қойған мақсаттарына жетуге, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, іздендіру, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: ойын аттары: «Кім болам?» суреттері, асықтар.

І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың оқу құралдарын дайындап, сабаққа әзірлеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, қазір қандай сабақ?
Математика сабағы.
Үйге қандай тапсырма берілді?
№ 5,7 есептер.
«Кім жылдам?» ойыны арқылы үй тапсырмасын оқыту.

№ 5 есеп
Қалдықпен бөлуді орында, тексер:
3820 : 6 = 636 (4қ) 25700 : 6 = 4283 (2қ)
636 * 6 + 4 = 3820 4283 * 6 + 2 = 25700

№ 7 есеп
Қошқар – 355
Саулық – 9045 15050
Тоқты – ?
15050 – 355 – 9045 = 5650 (т)
Жауабы:шаруашылықта 5650 тоқты бар.

Енді балалар, өткен сабақты қайталап, еске түсірейік.
Бір таңбалы санға жазбаша қалай көбейтеміз?
Қалай бөлеміз?
ІІІ. Жаңа сабақ
Олай болса, бүгін «Бір таңбалы санға көбейту, бөлу» тақырыбын пысықтай отырып,есептер шығарамыз.
Күннің ретін жаздыру.
30 саны

М.д. «Жасырынған санды тап» ойыны.
12 * 3 = 36 80 * 4 = 320 70 * 9 = 630
48 : 2 = 24 450 : 9 = 50 120 : 40 = 3

Диктантты тексеріп, бағалау.

№1 есепті түсіндіру.
Ой қозғау .
«Кім болам» ойыны арқылы, мамандық суреті бар карточкаға есептер жазу.
Қандай мамандық иелерін білесіңдер?
Ол үшін не істеу керек?
№2 есеп. Түсіндіре отырып, шығар.
№1 мұғалім №2 дәрігер №3 ұшқыш
805 * 5 = 4025 4025 : 5 = 805 8005 * 5 = 40025
805 * 5 = 4025 кг 4025 : 5 = 805 кг 8005 * 5 = 40025 м

№4
Халыққа мамандықтың жаманы жоқ, тек соны таңдай біл? – деген сөз бар.
Кім өскенде тігінші болғысы келеді?
Ендеше, балалар, мына есебіміз тігінші туралы екен. Есеп шартын құрып шығарайық.
Айнұр – 6 а
Айгүл – 3 а
Жұмсалды – 9 м
Әрқайсысы — ? м.мата
6 + 3 = 9 9 : 9 = 1м 6 * 1м = 6м 3 * 1м = 3м
Жауабы: Айнұр 6м, Айгүл 3м мата жұмсалды.

Ой ашар.
№3 есеп.
Қалдықпен бөлуді орында және оны тексер!
4026 : 5 = 805(1қ) 40028 : 5 = 8005 (3қ)
805 * 5 + 1 = 4026 8005 *5 + 3 = 40028

Поэзия минуты.
Балалар, қазір қандай ай?
Осы қазан айында қандай мереке тойланады?
Осы мерекеге байланысты үйге Қазақстан туралы өлең жаттауға бергенмін.
1,2 оқушыдан сұрап, бойларын сергіту.

Сергіту жаттығуы.
Сыныпқа № 6 есеп.
«Ойлан, тап!» ойыны арқылы өзіндік жұмыс жүргізу.
І қатар ІІ қатар ІІІ қатар
а 180 5400 909 9090 2718 5004
а : 9 20 60  101 1010 302 556
а * 8 1440 43200 7272 72720 21744 40032

№7 есеп
«Хан талапай» ойыны арқылы 3 қатардан 1 оқушы келіп, асықты алып, нөмірге байланысты есеп шығару.
Өрнек түрінде жаз және мәнін тап:
а) 805 және 5 сандарының көбейтіндісін 1025 ке арттыр.
805 * 5 + 1025 = 5050
ә) 10000 санын 40025 және 5 сандарының бөліндісіне кеміт.
10000 – 40025 : 5 = 1995
б) 4025 және 5 сандарының бөліндісін 100 есе арттыр.
4025 : 5 * 100 = 80500

№8 есеп
Теңдеуді шеш:
ІІІ қатарға бөліп беру.
5 * в = 4025 в : 4 = 6008 24032 : в = 4
в = 4025 : 5 в = 6008 * 4 в = 24032 : 4
в = 805 в = 24032 в = 6008
5 * 805 = 4025 24032 : 4 = 6008 24032 : 6008 = 4

IV. Қорытынды.
Тест тапсырмасы.

V. Үйге тапсырма.
№5,9 есеп

VI. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.