Сен білесің бе? Турнир сайыс
Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы , Б.Майлин
атындағы орта жалпы білім беру мектебінің физика
және математика пәндерінің мұғалімі Смагулова Ләззат
(Физика, математика, информатика пәндерінен сыныптан тыс өткізілген іс-шара, сайыс)
«Бай болмасаң болма, өнер мен білімге бай бол»,-демекші бүгін біздің физика, математика, информатика пәндеріне арналған «Сен білесің бе?» атты сайысымызға қатысушыларды ортаға шақырайық. Бірінші топ «Ньютон» командасы және екінші тобымыз «Архимед» командасы. Ал енді ойыншыларымызды орындарына жайғасуларын сұраймыз.
Кіріспе.
Мұғалім сөзі:
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық өшпес жарық, кетпес, байлық
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!- деп бүгінгі сайысты ақын өлеңімен ашқым келіп отыр.
«Бай болмасаң болма, өнер мен білімге бай бол»,-демекші бүгін біздің физика, математика, информатика пәндеріне арналған «Сен білесің бе?» атты сайысымызға қатысушыларды ортаға шақырайық. Бірінші топ «Ньютон» командасы және екінші тобымыз «Архимед» командасы. Ал енді ойыншыларымызды орындарына жайғасуларын сұраймыз.
І-тур. «Танысу». Командалар презентацияларын тамашалау.
ІІ-тур. «Қасқағым». Ойын шарты бойынша ойыншыларға тез-тез сұрақтар қойылады. Жылдам жауап берулері керек.Берілген жауапқа байланысты ұпай беріледі.
І-командаға:
1. Қиылыспайтын түзулер қалай аталады? /Параллель/
2. Ақпараттың ең кіші бірлігі? /Бит/
3. 48-дің 1/7-і неге тең? /6/
4. Ток күшін өлшеуге арналған құрал? /Амперметр/
5. Аты бар байттар тізбегі? /Файл/
6. Кері итеруші күш қалай аталады?/Архимед күші/
7. Катет қандай үшбұрышта болады? /Тік бұрышты үшбұрышта/
8. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек? /бұрыс бөлшек/
9. Зарядталған денелердің реттелген қозғалысы? /Электр тогы/
ІІ-командаға:
1. Электр тогын өткізбейтін заттар? /диэлектриктер/
2. «ядро» сөзін кім енгізді? /Резерфорд/
3. Объектілер қоймасы? /Қапшық/
4. 63-тің 1/7-бөлігі неге тең? /9/
5. Кернеуді өлшеуге арналған құрал? /Вольтметр/
6. Үшбұрыштың төбесінен шығып, оның қарама-қарсы қабырғасын қақ бөлетін кесінді қалай аталады? /Медиана/
7. Амалды болдырмау пернесі? /Esc/
8. Тізбектегі токты реттеуге арналған құрылғы? /Реостат/
9. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктесін центрімен қосатын кесінді? /Радиус/
ІІІ-тур. «Ойлан, тап». Әр командаға кезек-кезек сұрақтар қойылады. Ойлануға 1 минут беріледі. Дұрыс жауап бес ұпай.
1-сұрақ
Екі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың бірі 135º. Қалған бұрыштары неге тең?
Жауабы: 130º,45º, 45º.
2-сұрақ
Неліктен рельстер арасында саңылау қалдырады?
Жауабы: Жазда, күн ысыған кезде рельс едәуір ұзарады, яғни деформацияланады. Ол саңылау деформация үшін қажет.
3-сұрақ
Тағамдарды тұздау, құрт қайнату, жүн, жіп бояу, киіз басу, металдардан сәндік, зергерлік бұйымдар жасау, ұстаның металдарды дәнекерлеуі және т.б. халықтық кәсіпшілік қандай құбылысқа негізделген.
Жауабы: Диффузия
4-сұрақ
Бұл ұғым АҚШ-тың қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша бұдан 30 жыл бұрын пайда болды. Ол соғыс-өнеркәсіп комплексі мен ғылыми зерттеу орталықтарын және оқу процестерін ұйымдастыру үшін жасалды және бұған со кездегі өте күшті бірнеше ЭВМ-дер біріктірілді. Сөз не жайында?
Жауабы: Желі ұғымы. Интернет.
ІV-тур. «Заңдылықтар әлемі». Ойыншыларға конверт беріледі. Ойыншылар конверттің ішіндегі сөздердің қиындыларынан сөйлем құрап, оның қандай заңдылық немесе кімнің заңы екенін табулары керек./уақыт 1мин/
І-ші команданың жауабы:
Паскаль заңы: Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі.
ІІ-команданың жауабы:
Термодинамиканың І-ші заңы:
Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясының өзгеруіне және жүйенің сыртқы денелермен істейтін жұмысына жұмсалады.
V-тур. «Тәжірибелік есеп».
1-командаға: Формасы жоқ дене, мензурка, динамометр т.б құралдар беріледі. Осы құралдарды пайдаланып дененің тығыздығын анықтау керек.
2-командаға: Дене, сызғыш, динамометр т.б құралдар беріледі. Берілген құралдарды пайдаланып дененің тығыздығын анықтау керек.
VI-тур. «Арзан физика» немесе «Шебер капитан» ойыны. Бұл ойын шарты бойынша әр команданың капитаны ортаға шығады.Оларға пластмасса бөтелке, жіп, әр-түрлі денелер: болт, тас, қаламсап, сым т.б беріледі. Берілген жабдықтарды пайдаланып ойыншылар физикалық құралдар жасап, қорғаулары керек. Жауабына қарай ұпай беріледі.
VII-тур. Қорытындылау. Әділ-қазы алқалары командалардың ұпай санын есептеп, жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды.
