Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Қызылорда облысы, Арал ауданы
Жаңақұрылыс елді мекені
№74 орта мектебінің технология пәні
мұғалімі Шамұратова Рысжан
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұлы Октябрь социалистік ревалюциясынан кейін халық мұғалімдері толық провасын алып, өзінің басты мақсатын коммунистік тәрбие мүддесіне бағыттады.
Қазақ мұғалімдері өзінің өсу және толысу жолын мол қамтитын жас ұрпақты тәрбиелеу, мәдени ревалюция міндеттерін өтеу жұмысына белсене кірісті. Осы биік мақсаттарға сай оның беделі барынша арта түсті. Коммунистік партияның әр кезеңдері мұғалімге деген қамқорлығы, мұғалімнің беделін өсірді, педагогикалық «Тәжірибесін» жетілдірді. Біздің елде арнаулы «Мұғалімдер күні» белгіленген. Мұғалімдер ордендермен , медалдармен марапатталды. Арнайы мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары ұйымдастырылған. Көптеген арнайы, газет журналдар бар.
Мұғалім — мектептің айнасы, бәтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің кемшілігін жабады, білдірмейді» деген болатын. Мұғалоім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.
Өсіп келе жатқан ұрпақ-адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасалуы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті.Ол бар жерде үрдіксіз даму үрдісі жүреді. Білім біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – Мұғалім.
Жақсылық атаулыға жаршы жандар
Жамандық атаулыға қарсы жандар
Баланы сусындатып өсіруге білімнің бұлақ көзін аршығандар
Ұстаздар тынымайтын еңбеккерлер
Жемісті жерге екпеген елге еккендер
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп
Зердесін болашақтың зерлеткендер
деп бүгінгі ұстаз мерекесіне арналған «Ұстаз – болу жүректің батырлығы» атты ойын сауығына қош келдіңіздер. Баршаңызға тағы да мереке құтты болсын.
Өнерпаздар жарысып сан—салалы,
Жиын десе, той десе жан салады
Кешіміздің ашылу құрметіне
Әуелеген тақырыптық ән саламыз.
Хормен ән «Ұстазым»
1) Ажырамай мектептен бір елісіз
Жақсылыққа жаралсын жүрегіңіз
Сөз береміз құрметпен өзіңізге
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз
Ұстаздар мерекесіне құттықтау сөз айту үшін мектеп басшысын ортаға шақырамыз.
2) Бүгінгі ойын-сауығымызды «мектеп алғаш қадамым» атты ойқозғау, әрқайсыңыздың 1-ші сыныпқа келген кезімізді еске алып, таратылған тапсырмаларды орындау.
3) Шәкірттің жүрегіне дем бересіз
Екінші анам боп сен келесіз
Мейірім шуағыңды күндей шашып,
Барлығына шәкірттің дәм себесің
Бастауыш сыгныпқа қабылданып әліппені танығанымыз әрине алғашқы ұстаз еңбегі ендеше бастауыш сынып мұғалімдерінің «Әліппені таныту» сабағынан үзінді.
Құттықтау сөзі: Сүйеубаев Т
І топтың әні. (Ұстазыма)
4) Ұстаздардың еңбегі еленеді.
Қуанышқа, шаттыққа кенеледі.
Шәкірттері қауышып ұстазымен
Сезімнің шуағына бөленеді
Бүгін біз барлығымыз оқушы боламыз да, бастауыш сыныптағы апайымызбен кездесеміз! «Сергіту жаттығулары»
5) Құттықтай сөз 2-топ мүшелерінен мектеп дәрігері Б.Нөкешовқа беріледі. Ән «Анама» . «Тамаша мұғалім» ойыны.
6) Мектеп оқйшылары арасынан төмендегі номинациялар бойынша «Жас ұрпақ» бірлестігі төмендегіше жұмыстары жасады.
- Ең сүйкімді мұғалім – Жадыра
- Ең сұлу – Гүлсара
- Нағыз мұғалім, ең білімді -Темірбек.
- Ең белсенді- Рысжан
- Ең қамқор –Байбосынова А
- Ең қатаң – Ерниязова Б
- Ең ақылды – Лиза
марапатталады.
7) Ал енді баршаңызбен «Бәйге» ойынын мына сұрақтар арқылы жалғастырамыз.
1. Домбыра –жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/.
2. Бұл санда қанша әріп болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /жүз/
3. Жел соққанда тау ық болама? /ық болады/.
4. Теңізде қандай тас болмайды? /құрғақ/.
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/.
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /тұз./
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы байқау қорытындысын шығарғанга, енді ұстаздар кезек –кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап таңдап алу керек.
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
№4 билет. Ата –аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?
Қорытынды.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сан-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелердің де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні же жолы да бөлек.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз, деп кешімізді аяқтаймыз.
