Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Мұқағали өлеңдеріндегі физикалық құбылыстар.»
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мұқағали өлеңдері арқылы физика пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетінің қалыптасуын теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Гуманитарлық бағыттағы сыныптарда физика пәнін оқыту барысында Мұқағали шығармаларын пайдаланудың мүмкіндіктерін анықтау;
Мұқағали поэзиясындағы физикалық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан дәлелдеу.
Мұқағали өлеңдерінің әрбір шумағында тұнып тұрған физикалық заңдылықтар бар екенін көрсету.
Ғылыми жобаның өзектілігі : Мұқағалидың табиғат жайындағы өлең шумақтарын, ақынның әрбір сөйлемін, сөзін талдап көру арқылы олардың сырын физикалық тұрғыдан ашу барысында ана тілінің барлық ғылымының анасы екендігін дәлелдеу. Әдебиет пен физика ғылымының арасындағы тығыз байланысты Мұқағали өлеңдері арқылы көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
егер жалпы орта білім беретін мектептерде гуманитарлық бағыттағы физика пәнін оқытуда ақындар шығармашылығы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі ғылыми-теориялық тұрғыда негізделсе, онда осы пәнді оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру кезеңдері толық жүзеге асады, өйткені ақын шығармалары бұл бағыттағы оқушыларға танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға негіз болады.
Қорытынды: Физика пәндерін оқыту барысында Мұқағали шығармаларын пайдаланудың мүмкіндіктері жоғары, өйткені Мұқағали шығармаларының арасынан сұрыпталып алынатын өлеңдері жаратылыста болып жатқан құбылыстардың шынайы көрінісін сипаттайды және физика пәнінде теориялық деректердің пәрменді игерілуін жүзеге асырады.
Физика пәнінің білім мазмұнына сәйкес Мұқағали Мақатаев өлеңдерін пайдаланудың мүмкіндіктері нақты тақырыптар мен оқу материалдары бойынша анықталды;
Мұқағали өлеңдерін физика пәнін оқытуда тиімді пайдалану оқушыларды
Ұлы физик А.Эйнштейннің “Ғылыми ойлауда әрқашан поэзия элементі болуы тиіс” деген тұжырымды негізге ала отырып, болашақта бейінді бағыттарда физика пәнін оқытуда Мұқағали өлеңдерін енгізу арқылы, ұлттық мұддемізге сай арнайы курстар жүргізу қолға алынса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз.
1.1 Мұқағали өлеңдеріндегі физикалық құбылыстар
Физиканың негізгі мақсаты — табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Мысалы, дененің жерге құлап түсуі Жердің оны өзіне тартуына байланысты туындайды. Жылдың төрт мезгілінің (қыс, көктем, жаз, күз) ауысуы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Бұл мысалда төрт түрлі табиғат құбылыстары (дененің құлауы, Жердің тартуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, Жердің Кунді айнала қозғалуы) аталып отыр.Осындай құбылыстардың арасындағы байланыстарды зерттей келе, физикада Ньютон заңдары, астрономияда Кеплер заңдары ашылды. Осылайша табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы физика заңдары ашылады. Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасын терең ашып беретін арнайы терминдер физикалық ұғымдар деп аталады.
Осы физикалық құбылыстардың Мұқағали өлеңінде қалай жырланатыны туралы таныстыру мақсатында мына бір өлеңдері таңдалды. Мысалы: Мұқағалидың
«Неге жыламасын?
Бәрісі де жылаған.
Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған.
Түнек болып келе жатқан тажалға,
Аттануда, аттануда тірі адам.
Жылап жатыр өбісуде еріндер,
Жыламаған жалғыз ғана кебір жер,
Жылап жатыр үйленбеген күйеулер,
Жылап жатыр үйге енбеген келіндер.» [1.47]
деген шумағын алайық. Немесе «Көрмесем екен» өлеңінде
«Көзіңнің жасын көрмесем екен мен сенің,
Көзіңнің жасын көрсетпе маған еңселім,
Қайғыру саған қара теңіз боп теңселу,
Қайғыра көрме, алмастан соққан семсерім.» [1.134]
Адамды физикада не деп қабылдаймыз? Көзден аққан жас тамшысының формасы қандай, қалай қозғалады деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, жас тамшысының салмағын және құрамындағы бөлшектер және Жердің тарту күші әсерінен домалай қозғалатынын түсіндіруге болады. Табиғаттағы әрбiр затты тiрi рух ретiнде қабылдаған ақын ондағы құбылысты да адами әрекеттермен әрлейдi.
Армандап адам сұрады
Ақ таулар iштен тынады
Азан сап тұрып ақ бұлттар
Ағыл да тегiл жылады,
Ақ нөсер, бар ма арманың?!
Келтiрiлген өлең жолындағы кейiптеу ақын шеберлiгiнiң айғағындай. Табиғаттың «адамдануы» поэзия әсерлiлiгiн барынша арттырған.
«Сен қартайды дегенге» деген өлең шумағындағы
«Сен қартайдың дегенге мен сенбеймін,
Әжіменен кәрілік өлшенбейді,
Әжім деген – әйгілі тамшы – уақыт,
Тамшы – уақыт тасты да жеңсем дейді.» [.113] осы бір жолдардан «тасты», «тамшыны» деген сөздерді физикалық тұрғыдан егжей – тегжейін талдауға болады. Тастың физикалық қасиеті қандай, күйі қандай, бөлшектері қалай орналасады? Су тамшысының формасы қандай, қозғалыс бағытының жылдамдығын анықтайтын параметрлер қандай? Бұл сұрақтарға молекулалық физика тұрғысынан және Бернулли заңы бойынша оңай жауап береді.
Қолаң қара шашың – ай күн қақтаған!
Қос бұрым – ай жотаңда бұлғақтаған!
Қарғам, сенде жерімнің иісі бар – ау,
Жер иісі жұпардан қымбат маған! – [2.56] деген өлең жолдарындағы немесе
«Бозқараған…
Көрдің бе бозқараған?
Сирень аңқиды боз даладан,
Тағы да
Бойжеткендер тойларын жасарында
Бозқараған жағатын ошағында
Әтір исін әкеліп аш ауылға,
Желік беріп тұратын жеңгейлерге,
Жер түбіне біреумен қашарында
жер иісі, жұпар иіс бұларда физикалық құбылыс. Яғни заттар мен денелерді құрайтын бөлшектердің үнемі қозғалыста болатыны дәлелденген. Бұл – диффузия.
1.2 Мұқағалидың табиғат туралы өлеңдеріндегі физикалық құбылыстардың көрінуі.
Адам мен табиғат. Ақын бұлардың тұтастығын сұңғыла философтарға тән түйсікрпен ұғынған. Белгілі суреттерден белгісіз сырларды аңғарды. Ақынның «Тау өзені» деген өлеңінде бала шопаннан таяқ жеген серке ата шопанның соңынан маңырайды. Ол бекер маңырап тұрған жоқ, адам мен табиғаттың арасы алшақтанып, оның соңы дүлей құбылыстарға ұрындыратынын сезді. Сол үшін де шығар, ақын қайыңнан «өмір сүрейік алмасып» деп өтінуі. Сол қайыңнан адамдар тіршілігін көргісі келеді. Ол дамдар арасындағы қарым – қатынасты суреттесес де, табиғат көріністеріне үңілсе де, өткен тарих жолына көз салса да, адамның таусылмайтын арманын, өлмейтін махаббаты, үзілмейтін сағыныш сезімін, біріне – бірі жалғасып жатқан тіршілік сабағын жазды.
М.Мақатаев поэзиясында кейіпкер бар болмысымен, ішкі және сыртқы табиғатымен толық анықталды:
Көрдің бе таң мен түннің соғысқанын,
Жарық пен қараңғының тоғысқанын?
Мен көрдім, көрдім – дағы тек отырдым,
Дем беріп біріне, де болыспадым.
Енді Мұқағалидың табиғаттың түрлі құбылыстарын суреттейтін өлеңдеріне тоқталайық:
Алыста, сонау аспанда,
Атыстар, сірә, басталды.
Жай түсіп жатыр тастарға.
Жайратып жатыр асқарды.
Дүрілдеп біраз тұрды да,
Гүрілдеп ала жөнелді.
Аспанды құдай ұрды ма?
Айырар ма екен төбемді.
Жарқ етті алды көзімнің,
Өртене жаздап басылдым,
Отым ба, әлде өзімнің,
Оты ма әлде жасының!?
Немесе
Жанымды болдым қорғамақ.
Жалтарып тұра қшқан ем,
Төбемнен төмен сорғлап,
Сөндірді нөсер басты әрең –
деген өлең шумағындағы бінеше сөздерді физикалық тұрғыдан түсіндіруге болады.
Көктем де келер,
От ойнар әлі аспанда.
Көгерер әлі:
Кәрі емен, қайың, жас тал да.
Дүлейдің шоғы түспесе екен деп тіле,
Аспанда апат зарядтар жағаласқанда!
Күркіреу, найзағайдың ойнауы, бұлттың пайда болуы, жаңбырдың жаууы, тамшы формасы, төмен құлауы. Физикада конденсация құбылысын түсіндіруде қолдануға болады.
Сондай-ақ Тағы да күз, тағы міне сары тағы ұзақ түн Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың,
Ой хой, шіркін, тағы да бір күзді міне ұзаттым,
Бұл өлеңде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық – көркемдік тұрғыда беріліп, күзде күннің қысқарып, жылу берілуі азаятындығы бейнеленеді.
Сарышұнақ аяз.
Салт атқа шана жектіріп,
Сапарға шықсаң,
Ақ қарға жонын бөктіріп,
Сабаса келіп үскірік тікен бетке ұрып.
Немесе
Жәйімен жапалақтап қар жауып тұр,
Үлгермей де қалдық қой қамданып бір,
Ыққа кеп қонақтаған көгершіндер,
Бұталарға қапайды таңданып құр. [2.134]
Бұл өлең жолдарын кристалл заттар тақырыбын өткенде тамаша қолдануға болады. Қардыңкристалл екендігін, күш әсерінен кристалдық тордың бұзылуынан, сықырлап дыбыс шығаратындағын түсіндірген кезде пайдалана аламыз.
Жарқырайды түнгі ауылдың оттары,
Адам даусы, пысқырынған аттары.
Қызыл сәуле бір көрініп, бір сөніп,
Белден асып машиналар кетті әрі
деген өлең жолында машиналардың қозғалысы механикалық қозғалыс болатындығын көреміз. Және де осы өлең арқылы толқындық құбылысты да түсіндіруге болатыны анық.
1.3 Дыбыстардың таралуы
Мұқағали тек қана табиғатты суреттемеген, табиғаттағы дыбыстарды ести білген, оны жырға қосқан.
Сұмдығы ай осы біреу мұң дауыстың,
Шыға алмай көкіректе тұнған ұшқын.
Күй тартып көкіректе боздатады,
Сұмдығы ай осы біреу мұң жауыстың.
Осы бір боз дауыстыестігенде
Ән болып көкейімде есті жел де
Ойыма ойран салып осы бір үн
Бауырымды ұстарамен кескілеуде.
Немесе
Үн біткен бұлай емес тегіс неге?
Қайта орал, сиқырлы үн көріспеген
Апыр ай әлгі бір үн қайдан шықты,
Адам ба қанатты бір періште ме?
«Ән» өлеңі бойынша мынадай сұрақтар қою арқылы өлеңнің физика тұрғысынан шешімін табуға болады. Ән – күй, яғни музыклық дыбыстар қалай пайда болады, қалай таралады. Дыбысты адам құлағы қалай қабылдайды, құлақтың осы тұста атқаратын функциясықандай? Бұл сұрақтарға толқындардың таралуы бойынша жауап береміз.
1.3 Жылу
От та болғым келмейді!
Жылуым бар.
Жылуымбар келіңдер, жылыныңдар. [2.163] Сәби болғым келеді.
Сондай – ақ
Менің де бір шуағым бар жинаған,
Бұлтты күндей буырқанам, қиналам
Өзімді емес, өзгелерді жылытайын,
Жарық дүние, жақсылығыңды қи маған.
Яғни, бұл өлеңдерді «Жылу» тақырыбын өткенде пайдалана аламыз.
ІІІ. Механикалық қозғалыс.
Мұқағалидың «Қозғалыс» өлеңін оқып көрсек физикадағы механикалық қозғалыстың анықтамасындай болары сөзсіз.
Ағылады екен – ау бұлай халық,
Бар адам бір адамдай тұр ойланып,
Немесе
Бар әлемнің осында көз жанары
Барлық нәсіл Ильичтің өз қонағы
Жер кіндігі іспеттес осы жерде
Қозғалады дүние қозғалады.
Қозғалады мұхиттар, материктер
Тілдеспей ақ бір – бірін түсінгендей
Шындығында қозғалыс Мұқағали айтқандай барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.
1.4 Планеталардыңң қозғалысы
Аспан денелерінің тәулік бойы аспан әлемінде қозғалатынын білеміз. Түні бойы Ай мен жұлдыздардың қозғалысын бақылуға болады. Міне осы қозғалыс Мұқағали өлеңдерінде көптеп кездеседі. Бұл тақырыпты Мұқағалидың мына өлеңімен бастауға болар еді.
Аспан мен Жер,
Уақыт заман жайлы…
Соын ойлап көңіл шіркін алаңдайды деп ақын өзі айтқандай табиғаттың түрлң құбылыстарын жырға қосады.
Тағы да таң атады, күн шығады.
Түн келеді,
Тіршілік тыншығалы,
Ауысып алма кезек тұрсын әлі,
Ей, менің өмірімнің күн шуағы. (Күн шуағым) [1.11]
Ай жұлдыз абыр – сабыр араласып,
Түн кетті шымылдығын ала қашып
Жарқын өмір жарықсыз қалды ма деп,
Күн ұшып келе жатыр, далаға шық – деген жолдардан [2.170]
Немесе
«Күн ауысып барады» өлеңіндегі,
Күн ауысып барады түнге қарай,
Шығыста, — кеш, Батыста – кірген арай,
Күн шыққан жерден әркез түн келеді,
Маған солай, білмеймін, кімге қалай – деген Мұқағали жолдарын планеталар қозғалысы тарауында пайдалануға болады. Жарық күн мен түннің алма кезек ауысуының басты себебі Жердің өз осінен үздіксіз айналуы.
Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыстап түсінген Н.Коперник болды. Ол Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Осы тақырыпты өткен кезде Мұқағалидың «Дөңгелек, жер» өлеңінен үзінді келтіре отырып ашуға болады.
Жер айналдың,
Мен төсіңе жайғастым
Саған мініп,
Аспан бардым, Ай бастым…
Дөңгеле жер, дөңбекші жер, айнал жер
Арқаңнан мен айырыла қоймаспын. [2.157]
Немесе
Көкжиекке ымырт кеп асылады,
Түн келіп, дүниені басынады.
Күн неге асығады, асығады?!
О, жарық дүнием-ай!
Қуатым-ай!
Несіне асығасың, тұра тұрмай.
Өмірді басқа арнаға бұратындай.
Түннен қорқам…
Мәңгілік тұратындай.
Тоқташы!
Тоқтай тұршы, қуатым-ай!
Білмеймін асығатын Жер ме, Күн бе?!
Белгісіз, не күш мені тербетуде?!
Қара жер қашан өткен күнді айналып?!
Қозғалмай-ақ тұрмын ғой жер бетінде.
Жетпедім ұшығына күнде ойланып,
Жер қайда асығады, күнді айналып?!
Мұқағали iшкi әлемiндегi құбылысты табиғаттағы құбылыспен ауыстыра бейнелегенде тылсым сырлы аспан әлемiн жиi нысанаға алады:
Жүрегiмнiң сауыты – тылсым кеуде,
Тынымсыз дүрсiлдеуде, дүрсiлдеуде.
Көктемдегi аспандай күркiрейдi
Болар-болмас жүрегiм күрсiнгенге.
Ақынның поэтикалық тiлiнде Тау – аспанға жеткiзер асқақтық:
Тауға барып, көкке ұшып кетсем бе екен,
Ұстап алып қыранның қанатынан, – деп тебiренген ақын биiктiк пен кеңiстiкте еркiн тыныстап, тiрлiк күйкiлiгiнен азат болуды көксейдi.
Әдетте адам бір нәрсені жақсы меңгерсе, осы сала бойынша өз танымын кеңейте түсуге деген табиғи талпынысы арта түсетіні баршамызға аян. Теория негіздерін санаға құю – бастапқы қадам. Сондықтан да гуманитарлық пәндерге жақын , соның ішінде тарихты,әдебиетті сүйіп оқитын, физика пәнін тек мектеп бағдарламасында оқуға тиістімін деп қана жаттап алып оқитын балалар үшін физика пәнін әдебиетпен байланыстыру тиімдірек.
Іс жүзінде жаратылыстану пәндерін толық меңгеретін шәкірттердің басым көпшілігі – осы пәндерге деген қызығушылығы бар оқушылар. Ал гуманитарлық бағыттағы оқушылар үшін жаратылыстану пәндерін оқытуда ақын шығармаларын пайдалана отырып жұмыс жүргізілсе, олардың қызығушылықтары арта түспек. Олар өлеңдерді физиканың тақырыптарына байланысты сұрыптау мақсатында өлеңдерді іздей отырып физиканың да заңдылықтарын жете меңгеріп үлгереді. Ал жаратылыстану бағытындағы оқушыларға бұндай жұмыс қажетсіз. Себебі өлеңге деген қызығушылығы төмен, физикаға жақын балаға бұл бос уақыт кетіру болады.
Сабақтың мазмұнын ашуға пайдаланылған ақын өлеңдерінің мысалдары тартымды және пайдалы екендігі байқалды. Сынып оқушылары өтілген ұғымдарды, ережелерді оңай меңгереді. Физиканың заңдылықтарының Мұқағали шығармаларындағы көрінісін келтірудің, оны көркем тілмен жеткізудің мектеп оқушылары үшін тәрбиелік, дамытушылық мәні зор. Ұғымдардың мағынасын кеңейту, пәннің теориялық негіздерін өмірмен байланыстыру және оқушылардың өз бетімен ізденуі арқылы танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың мүмкіндіктері жоғары. Зерттеу жұмысымызға сай өткізілген сабақтар оқушылардың қызығушылығын тудырып, білім сапасының көрсеткіштерінің артқандығына іс жүзінде көзіміз жетті.
Қорытынды.
Мұқағалидың кез – келген өлеңдер шумағын алып, оның әрбір сөйлемінің әр сөзін талдасақ, олардың сыры физикалық тұрғыдан ашылмақ. Әр сөзі өмірді танып – білуге, адамның дүние танымдық көзқарасын қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Табиғатты сүюге, оны қорғауға шақырады.
Мәселен, «Батар түн» өлеңіндегі мына шумаққа ой жіберейік:
Батар күн, келер түн,
Атар таң, шығар күн.
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!
Осы мен, осылай мәңгілік тұрамын,
Осы мен , сірә да өлмейтін шығармын.
Өмірім, сірә да әріден басталған
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен, өлмейтін шығармын
Сәл ғана мызғып – ап, қайтадан тұрартын.
Ақын дәл болжап кеткен. Ол сәл мызғыды да, мәңгілік жаңа өмірі басталды. Өйткені халық жүрегінен терең орын алып, өлеңдері әнге айналып, жүрек жарды лебіздер, зерттеулер, естеліктер жазылып жатыр. Мұқағали шығармаларына ән жазбаған композитор кемде – кем шығар. Мызғып ап, орнынан қайта тұрды деген осы емес пе?
Ұлы физик А.Эйнштейннің «Ғылыми ойлауда әрқашан поэзия элементі болуы тиіс» деген тұжырымды негізге ала отырып, болашақта бейінді бағыттарда жазылатын физика оқулықтарында М.Мақатаев өлеңдерін енгізу арқылы, ұлттық мүддемізге сай түсінікті де оқулықтар қолданыс тапса.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- М.Мақатаев «Соғады жүрек» І том Алматы: Жазушы 1982
- М.Мақатаев «Соғады жүрек» ІІ том Алматы: Жазушы 1982
- «Қалай біткен мынау гүл тау басына?!» // Ақиқат. – 2007. №5 81 – 84 бб.
- Негимов С. Ақын жыраулар поэзиясы. Алматы: Ғылым, 2001. 280 бет
- Физика және астрономия 7 сынып оқулығы
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………………………4
Мұқағали өлеңдеріндегі физикалық құбылыстар………………………………..5
Мұқағалидың табиғат туралы өлеңдеріндегі физикалық құбылыс-тардың көрінуі……………………………………………………………………………..8
Дыбыстардың таралуы………………………………………………………………….8
Жылу…………………………………………………………………………………………..9
Механикалық қозғалыс…………………………………………………………………9
Планеталардың қозғалыс……………………………………………………………..10
Қорытынды………………………………………………………………………………..11
Мұқағали жырларымен сусындап өскен жастар