Омар Бауыржан Мұсаханұлы,
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы,
Omar-1982@ E-mail.ru Түркістан қаласы.
«Жоғары білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістердің тәжірибелері, мәселелері және даму жолдары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелек конференцияның материалдары. 2010 ж. 22-23 қаңтар. 1 том. Шымкент қаласы. 142-146 б.
Семей жерінде 470 ядролық жарылыс жасалып, соның салдарынан Семей облысының тұрғындары ғана емес, Шығыс Қазақстан облыстарының көптеген аудандарының халқы да зардап шеккені бәрімізге белгілі. Арал өңірінің қасіретін айтар болсақ, мұның өзі экологиялық ахуалдың республикада жақсы емес екенін көрсетеді. Эколг ғалымдардың пікірінше республикамызда жыл сайын атмосфераға бес млн тоннадай лас заттар шығарылады екен. Өнеркәсіп өндірісінен шыққан улы қалдықтарының көбейе түсуі айналадағы ортаға, халықтың денсаулығына да үлкен қауіп төндіріп келеді. Оның жинақталған көлемі 17 млрд тонна және жыл сайын оған 1 млрд. тонна қосылып отырады. Осының қайталама шикізат ретінде тек 0,6%-0,7% ғана пайдаланылады. Улы қалдықтардың өзі 2,3 млрд тоннадан асады. Жыл сайын жиналатын 72,5 млн тонна қалдықтың небары 9% ғана өңделеді және залалсыздандырылады. Облыстар мен қалаларда 13 млн, текше метрге жуық тұрмыстық қалдық пайда болса, соның тек 3% ғана өңделеді [1].
Уран өндіретін өнеркәсіптің радиоактивтік қалдығы 220 млн, тоннаға жетіп, қауіптілігі арта түсуде. Осы қалдықтар да, ашық әдіспен өндірілетін уран кеніштерінің өзі де радиоактивті ластаудың зор көзіне айналып отыр. Олар ядролық сынақтардың және радиоактивті қалдықтың зардаптарымен қосылып, көптеген жерлерде радиацияны көбейтіп, халықтың денсаулығы мен айналадағы табиғи ортаның нашарлауына әсер етуде. Өнеркәсіптің радиоактивті қалдықтарын жинаудың, тасымалдаудың, өңдеудің және көмудің орталықтандырылған жүйесінің жоқтығы да жағдайды қосымша қиынадатуда. Ауаның тұтастай ластануы — техникалық артта қалушылықтың, табиғи ортаны қорғайтын тиімді жабдықтар болмауының, технологиялық нашарлықтың салдары.
Осының бәрі, шын мәнінде, Кеңестер Одағының экологиялық мұрасы және бұған өндірістік құлдырауы, қоғам мен табиғатгың тепе-теңдігінің бұзылуы, табиғатты қорғау заңына құқықтық, тұрғыдағы немқұрайлылық көзқарастың белең алуы қосымша болды. Сайып келгенде, бұл факторлар экономикалық даму мен реформаны тұрақсыздандырып, ұлттық валютаның құнын түсіруге әсерін тигізеді. Мысалы, Арал мен Семей өнірінің халқын әлеуметгік қорғаудың өзі ғана жыл сайын 50 млн теңге жұмсауды қажет етеді, ал бұған табиғи ортаны сауықтыру жөніндегі шығындарды қосса, шығын одан да көп болады. Қалалардың ауа бассейнін ластауда автокөліктің үлес аймағы 70%-ға дейін жетеді және олардың улы газдарының көлемі де арта түсуде. Осындай экологиялық қиын жағдайларды ескере отырып, республикада айналадағы табиғи ортаны сауықтыру шаралары да іске асырылып жатыр. Семей мен Арал жерлерінде сауықтыру жұмыстары жүргізілуде, халықты әлеуметтік қорғау мәселесі күн тәртібінен түспейді. Қолданып жаткан экологиялық шаралардың нәтижесінде оны республика қалаларында атмосфералық ауаның шамадан тыс ластануы байқалып, соның нәтижесінде 13 мың автомобиль газ отынға көшірілді, содан ұлттық экономикалық бағдарлама жасалып, оның көлік атаулының барлығын тазартқышпен жабдықтау, мұнай және газ орындарын кешенді, экологиялық талаптарға сай игеру қарастырылуда [2].
Атмосфералық ауа айналадағы табиғи ортаның өмірге маңызды негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Жер шарында, оның құрлық бөлігінде өсімдіктер мен жануарлар ауасыз тіршілік ете алмайтыны баршаға мәлім. Атмосфера ауасы бірнеше газ заттарының жиынтығынан тұрады. Ол ғарыш кеңістігі әлемімен, әлемдік мұхитпен, жерден, өсімдіктермен (орманды қоса) үздіксіз араласып қатқан тіршілік тынысы. Ауа құрамындағы оттегінсіз тіршіліктің болмайтыны белгілі. Адам денесінің үштен екі бөлігі — оттегі. Отгегінсіз тыныс алу мүмкін емес. Оны өсімдіктер түзейді. Атмосферада оттегінің азаюы тіршілік үрдісін баяулатады. Ормандарды орынсыз кесу, өртке ұшырату, жасыл ұландардың азаюы, тұздардың аспанға ұшуы, мұхиттардың, су қоймаларының бетіне мұнай және жанармай мен өндіріс қалдықтарының төгілуі ауаның тазалығына зиянын тигізбей қоймайды. Өндірістер мен қатынас жолдар техникасы көп мөлшерде отгегін жағып, жыл сайын 20 миллиард тонна көмір қышқыл газын ауаға бөліп шығарады екен. Ал бір жеңіл автомашина бір мың километр жер жүргенде, бір адамға бір жылға жететін оттегін жағады. Аталған шараларды жүзеге асыру барысында қоғамдық қатынастарды реттеу, ең алдымен, бұл қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу қажеттігі туады [3]. Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы жағдайын қамтамасыз ету, материалдық өндірісті одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін атмосфералық ауаның қолайлы жайының сақталуына, оны қалпына келтіріп, жақсартуға зор мән береді және осы орайда бірқатар құқықтық шараларды жүзеге асырады. Құқықтық шаралардың ішінде «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ерекше орын алады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны таза сақтау және оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне, халық шаруашылығы мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада залалды зардап туғызатын химиялық физикалық, биологиялық және өзге де зиянды ықпалды болғызбау және оны азайту мақсатындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы эаңдылықты нығайту жатады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар қатарына Қазақстан Республикасында «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңы жатады. Онда атмосфералық ауаны қорғау туралы мемлекеттік жүйелердің қызметі мен атмосфералық ауаны қорғау туралы бірнеше ережелер бар.
Басқару саласында атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі тапсырмалар мен атмосфера ластануының алдын алу және оның себептерін жою, сондай-ақ атмосфералық ауаның жайын жақсарту жөніндегі шаралар экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік жоспарларында көзделеді. Атмосфералық ауаның жайына баға беру үшін ластағыш заттардың шоғырлануына және берілу шегінің және атмосфераға зиянды физикалық ықпал деңгейінің нормативтері белгіленеді. Бұл нормативтер адамдардың денсаулығын және айналадағы табиғи ортаны қорғау мүдделеріне сай келуге тиіс. Қажет болған реттерде жекелеген аймақтар үшін атмосфералық ауа ластағыш заттардың шоғырлануына жол берілу шегінің неғұрлым қатаң нормативтері белгіленеді. Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында тұрақты және жылжымалы ластағыш көздердің лас заттар шығаруына, сондай-ақ зиянды физикалық ықпалдың жол берілуі шегінің нормативтері бар. Бұл нормативтер атмосфералық ауаға зат шығарудың әрбір тұрақты көзі үшін немесе өзге зиянды ықпал көзі үшін, сондай-ақ көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының әрбір үлгісі үшін белгіленеді.
Рұқсатта көзделген шарттар мен талаптар бұзылған жағдайда, сондай-ақ халықтың денсаулығына қатер төнгенде атмосфераға лас заттар шығару атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылау жасайтын органның шешімі бойынша шектелуге, тоқтатыла тұруға немесе тыйым салынуға, жекелеген өнеркәсіп қондырғыларының, цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың қызметін тоқтатуға дейін шаралар қолданылуға тиіс.
Автомобильдер, ұшақтар, кемелер басқа да қозғалыс құралдары мен қондырғыларын жобалауды, өндіруді және пайдалануды жүзеге асыратын министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ол құралдар мен қондырғылардың лас заттарды атмосфераға шығаруын болғызбау әрі азайту жөніндегі шаралар жиынтығын жасап, жүзеге асыруы қажет [4].
Көлік және қозғалыс құралдары мен қондырғылары шығаратын ластағыш заттардың мөлшері тастанды заттардың жол берілу шегінің белгіленген нормативтерінен аспауға тиіс. Пайдаланудағы барлық көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының лас заттар шығаруға жол берілу шегі нормативтерінің сақталуы бақылауға алынып отырады. Тастанды заттарында лас заттардың мөлшері белгіленген нормативтерден асып түсетін көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларын өндіріске ендіруге және пайдалануға жол берілмейді. Атмосфералық ауаға қандай да болсын зиянды физикалық ықпал жасауға жол берілу шегінің белгіленген нормативтері сақталған жағдайда, ал оған рұқсат берілген реттерде осы рұқсатта көзделген басқа да талаптар сақталған жағдайда жол беріледі. Аталған талаптар бұзылған кезде атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізетін органның шешімі бойынша жекелеген өнеркәсіптік және өзге қондырғылардың цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың тиісті қызметі жол берілетін шектің нормативінен асып кетуді немесе рұқсатта көзделген талаптардың бұзылуын туғызған себептер алдағы уақытта жойылғанға дейін тоқтатыла тұруы, шектеулі немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Халық шаруашылығында қолдануға рұқсат етілетін өсімдік қорғау құралдарының, өсімдіктердің өсуін шапшаңдататын заттардың, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препаратттардың тізбесі, сондай-ақ оларды қолдау тәсілдері атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарда белгіленетін тәртіп бойынша ауаның қорғалуын бақылайтын органдармен келісілуге тиіс. Пайдалы қазбалар өндіру, түрлі жарылыс жұмыстары, үйінділер мен төгінділерді орналастыру және пайдалану атмосфералық ауа ластануының алдын алу немесе оны азайту жөніндегі ережелерді сақтай отырып, атмосфералық ауаның қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен және заңдарда көрсетілген басқа да органдармен келісілген тәсілдер бойынша жүргізілуге тиіс [5].
Елді мекендерде үйінділерді жайғастыруға, өнеркәсіп қалдықтарын, өндірістік, тұрмыстық қоқыстарды және атмосфералық ауаны тозаңмен, газ тектес зиянды және сасық иісті заттармен ластаудың көзі болып табылатын басқа да қалдықтарды үйіп қоюға, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптар сақталып, өртеуге арнайы қондырғылар пайдаланылған кезден басқа реттерде, аталған қалдықтарды кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сондай-ақ елді мекендердің территориясында өртеуге тыйым салынады. Егер метеорологаялық факторлардың, атмосфераға лас заттар шығарылуы және атмосфералық ауаға басқа да зиянды ықпалдың қолайсыз жүргізілуі салдарынан жекелеген аймақтарда адамдардың денсаулығына қатер туса, табиғи ортаның ластану дәрежесіне байқау мен бақылау жасайтын жалпы мемлекеттік қызмет органдары бұл туралы дереу Қазақстан Үкіметіне, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, мүдделі кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға хабарлауға міндетті.
«Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңға сәйкес атмосфералық ауаны қорғау туралы дауларды шешу сот арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы мен басқа елдер арасындағы атмосфералық ауаны қорғау саласында туындаған дауларды мүдделі елдердің өкілдерінен тең дәрежеде құрылған комиссия қарайды.
Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдардың мынадай талаптары бұзылған жағдайларда:
— атмосфералық ауаға лас заттар шығарудың жол берілу шегінің нормативтерінен асып кеткені;
— атмосфералық ауаға зиянды физикалық ықпалдың жол берілу шегінің нормативінен асып кеткені;
— атмосфераға шығарылатын заттарды тазалау және бақылау үшін орнатылған құрылыстарды, жабдықтарды, аппаратураларды пайдалану ережесін бұзғаны, сондай-ақ оларды пайдаланғаны;
— атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды қанағаттандырмайтын жаңадан салынған және қайта құрылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа объектілерді пайдалануға қосқаны;
— шығаратын заттарында лас заттардың құрамын белгіленген нормативтерден, мәселен, автомобильдер, ұшақтар, кемелер және басқа қозғалыс құралдары мен қондырғыларын артық өндіріп, оларды пайдаланғаны үшін;
— өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою, өсімдік қорғау құралдарын, өсімдіктің өсуін шапшаңдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да аппараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерін бұзғаны, атмосфералық ауаны ластағаны немесе ластайтын қатер төндіргені;
— мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы органдардың атмосфералық ауаның қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларын орындамағаны үшін кінәлы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, материалдық және басқадай жауапқа тартылады [6].
Лауазымды адамдардың және басқа қызметкерлердің кінәсынан кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар зиянды өтеуге байланысты шығынға ұшыраса, ол адамдар белгіленген тәртіп бойынша материалдық жауапқа тартылады. Жоғарыда аталған факторларды қорыта келіп, биологиялық, техникалық, экономикалық, санитарлык, гигиеналық және әлеуметтік шаралармен қатар атмосфералық ауаның тазалығын сақтау үшін, мынадай ұсыныстар жасағым келіп отыр:
— өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдық заттарды өңдейтін шетелдік жаңа технологияларды алдырып, қолданысқа ендірсе; Мысалы: Қытай Халық республикасында қаладан шығарылған қалдық заттардың өзінен 42 түрлі зат өндіріліп алынады екен.
— өнеркәсіп орындарының, жол қатынастары көліктерінің және басқа атмосфералық ауаға әсер ететін машиналар мен механизмдердің, сондай-ақ басқалардың қолданылуын нормаласа;
— ормандар мен жасыл алаңдарды, ағаштарды, бұталарды сақтау, қорғау және олардың саны мен көлемі ұлғайтылса, ол үшін Қазақстан Республикасының барлық азаматтары ат салысса;
— жерді топырақ пен су эрозиясынан сақтауға және басқа да атмосфералық ауаны қорғауға байланысты мемлекеттік шараларды жүзеге асыру қажет деп ойлаймын.
Ең бастысы заңдар қабылданып, қолданысқа ендіріліп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Әдебиеттер:
1. Стамқұлұлы Ә. ҚР Экология құқығы. — Алматы, 1995 ж. 71-72 беттер.
2. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. — 2007. 9 ќањтар // Егемен Ќазаќстан. — 2007. — 19, 20, 23 ќањтар. 4-5 беттер.
3. Бринчук М.М. Экологическое право. — М., 1998. 65-66 беттер.
4. Байдельдинов. Д. Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы — Алматы 2005. 79-80 беттер.
5. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы Алматы: 2005. «Юрист» баспасы. 22-23 беттер.
6. «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңы. 2002 ж. «Юрист» баспасы. 15-16 беттер.
РЕГИСТРАЦИОННАЯ ФОРМА
1. Фамилия, имя, отчество (полностью) Омар Бауыржан Мұсаханұлы
2. Ученая степень Магистр право
3. Организация МКТУ. кафедра «Гражданского право и процесса»
4. Должность Магистр-преподаватель
5. Служебный адрес г. Туркестан ул. Таукехана б/н №3 корпус
6. Телефон, факс, е-mail 8 72533 7-20-44, 8 702 237 60 69, bomar_82@mail.ru
7. Название доклада Қазақстан Республикасындағы атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың өзекті мәселелері
8. Секция Современные проблемы правового обучения в свете реализации стратегии «Казахстан-2030