Без рубрики

Атырау облыс, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің І-санатты география пәні мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы.

«Кеш қалмаңыз» (пікір алысу кеші)

«Ана қымбат па?», «Ару қымбат па?»
Мақсаты: Әр оқушыға аналарды құрметтеуге, қыздарды сыйлауға, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу. Ана еңбегін қадірлеп білуге үйрету.І жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар мен арулар!
Қош келдіңіздер ардақты ұстаздар мен оқушылар. Барлығыңызды алда келе жатқан аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
ІІ жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
І жүргізуші: Жарығыңмен, шуағыңмен Күн ата!
Алып келдің жүрегіме гүл көктем.
ІІ жүргізуші: Қос жанарлар гаучардай мөлдіреген,
Мін таппайсың жүздерінен күлімдеген.
І жүргізуші: Кербез басып мұң бұралған аруларым
Құтты болсын, қадамдарың-деп бүгінгі «Кеш қалмаңыз»
бағдарламасын бастаймыз.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі пікірталас кешіміздің тақырыбы халықаралық аналар
мерекесіне байланысты
«Ана қымбат па?», «Ару қымбат па?»
І жүргізуші: Арулар –асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар
Қуат боп тасылғандар
Құшақ боп ашылғандар.
ІІ. жүргізуші: Арулар-аяулылар, ардақтылар
Өмірдің шуағы боп қалмақ бұлар.
Арулар тіршілікке күретамыр
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар,-дей келе,
Ортаға алғашқы қонағымымызды шақырамыз. Ол кісінің пікірі бойынша «Қыз жоқ жерде» қызық жоқ. Енді сол кісінің пікіріне құлақ түрсек.
І. жүргізуші: Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада дегендей,бұл кісінің пікірін тыңдадық.Ал,енді келесі қонағымызды ортаға шақырсақ.
II.жүргізуші:Адалдыққа баулыдың әуел бастан,
Сақтадың оттан,судан,тау мен тастан.
Ақ батаңды демей көр беу анашым,
Кезімде енді өмірге аяқ басқан.
І.жүргізуші:Қолың жеткен табысқа таспа дейсің,
Кем болдым деп біреуден саспа дейсің.
Адал бол деп ботақаным айналаңа,
Жаман жолға ешқашан баспа дейсің.
ІІ.жүргізуші: Ар ұятты ешқашан сатпа дейсің,
Тас атқанға қайта тас атпа дейсің.
Ала жібін аттама ешбір жанның,
Жаман атқа боташым батпа дейсің.

І.жүргізуші: Келесі қонағымыздың пікірі бойынша
«Өмірде-ана-бақыт,ана-пана,Өмірді өркендетер ана ғана».Келесі қонағымыз: Ағылшын пәнінің мұғалімі Бекзат ағайды ортамызға шақырайық. Өз ойыңызды ортаға салсаңыз.
ІІ.жүргізуші: Ендігі кезекті сюжетке берсек.Содан соң кешімізді міндетті түрде әрі қарай жалғастыратын боламыз!
І.жүргізуші: Ардақты ана аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
ІІ.жүргізуші: Өміріңнің нәрін бердің,ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
І.жүргізуші: Жимайды-ау бір шашылған шуақтарын,
Саясына келеді-ау шуақтағың.
ІІ.жүргізуші: Жамандыққа қияарсың қалай ғана,
Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын-деп ортаға үшінші
қонағымызды шақырамыз.ол кісінің айтуы бойынша

«Анамның да көңілін таба аламын,Жарымның да жанынан табыламын»

Қазақ тілі пәнәнің мұғалімі Гүлнар апайды шақырамыз. Кешімізге
қош келдіңіз! Сөз кезегі өзіңізде.
І.жүргізуші: Ал,енді әңгімемізді одан әрі өрбіту үшін кезекті ситуациялық
сұрақтарға береміз.
1.Қыздарға бұл мейрамда не сыйлауға болады?
2.Сізді құрбыңыз мерекелік кешкі дастарханға шақырады.Сіз жолға шықтыңыз.үстіңізде ақ көйлек қара шалбар,қолыңызда құрбыңызда арналған сыйлығыңыз бен гүліңіз бар.Кенет бір машина жаныңыздан өтіп бара жатып,үстіңізге балшықты шашты да кетті.Айналаңызда көмектесер ешкім жоқ,бөтен адамдар ғана бар.Белгіленген уақытыңыз да болды.Ал,құрбыңыз нағыз талғампаздың өзі.сіз қандай айла олап табар едіңіз?
3.Сіз көшеде қалжырап,ақшаңыз да таусылып,жолда келе жатырсыз.Кенеттен біраз жыл бойы көрмеген сыныптас қызыңызбен кездесіп қалдыңыз.Сіз онымен жақсы сыйласатындығыңыз сонша,тіпті қонақтауыңызға тура келеді.Ал кафе жаныңызда тұр.Құрбыңыздың көңілін қалай аулар едіңіз?
І.жүргізуші: Ендігі кезекті сюжетке береміз.Содан кейін кешімізді
жалғастыратын боламыз.
ІІ.жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
І.жүргізуші: Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
ІІ.жүргізуші: Адам бар ма ана сүтін татпаған?
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.
І.жүргізуші: Адалдықты,ар-нмысты сақтаған,
Мен ананың сонысына мақтанам –деп, төртінші қонағымыз

яғни бүгінгі мейрамның нағыз иесі, ортамыздың гүлі Бақтыгүл апайды қошеметпен ортамызға шақырамыз.апайымыздың ойынша «Ана! Ол біздің елде ардақты адам. Кіші де,үлкені де ардақтаған».Ойыңызды ортаға салсаңыз.

ІІ.жүргізуші: кешімізді одан әрі қыздыра түсу үшін қонақтарымызға
сұрақтар қойсақ.
1.Сіздің туған күніңіз 8-наурызда.Туған күніңізді жанұяңызбен тойлағыңызкеледі.ал,қызыңыз болса мейрамын өзімен бірге тойлағынды қатты қалайды.Сіз кімнің көңіліне қарар едіңіз?
2. 8-наурыз қыздар мейрамын Халықаралық дәрежеде дүркіретіп тұрып тойлаймыз. Ал ерлер мейрамында дәл осындай жағдайда тойланғанын көрген емеспіз. Себебі неде?

І жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін ортаға сөздер тастасақ
1. Көктем
2. Гүл
3. Шуақ
4. Сұлу
ІІ. Жүргізуші: Жүректің жалынысың,
Мәңгілік сағынышым
Қарызым өтелер ме?
Ұйқысыз таңың үшін
І. Жүргізуші: Өмірдің сынақ бәрі
Әлдиің құлақта әлі?
Қабыл ал арман әнін
Балаңның жырақтағы.

Ана деген махабат пен құрметтен кеш қалмаңыз!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.