Без рубрики

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің І-санатты география пәні мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы.

«Атажұрт» ( этногеографиялық ойыны )

Мақсаты: Оқушылардың география деген көзқарасын және ой-белсенділігін шыңдау. Мен бұл ойынды үлкен залда арнайы кеш ретінде ұйымдастырдым. Ойынға 9-10-11-сынып оқушыларын қатыстырып, екі топқа бөлдім. Оның біреуі осы ойынға белсенді түрде қатысып, өз біліктілерін көрсете білді. Теледидардан көріп жүргендей «Атажұрт» этногеографиялық ойыны 6 бөлімнен тұрады:
«Өзін-өзі таныстыру», «Өткел» , «Белес» , «Бекет» ,
«Асу» «Жерұйық».
Ойын барысы төмендегідей бағытта жүреді.
«Жайық» командасы , «Каспий» командасы.
І-бөлім
«Өзін-өзі таныстыру» екі команда өздерін таныстырады.
ІІ-бөлім
«Өткел» Топ басшыларына 5-сұрақтан қойылады.
Әр сұрақ 5-сандық ұпаймен бағаланады.

«Жайық » командасына қойылатын сұрақтар:
1.Қазақстан тәуелсіздігін 1-ші болып таныған мемлекет.(Түркия)
2.Батыс Қазақстан экономикалық ауданның ең ежелгі қаласы. (Орал).
3.Шапшаң нейтронды жұмыс істейтін атам электр станциясы қай облыста орналасқан? (Ақтауда).
4.Республикамыздағы мұнай өңдейтін зауыттар (Атырау, Шымкент, Павлодар).
5.Қ.Иассауи кесенесі қай жерде (Түркістанда).

«Каспий» командасына қойылатын сұрақтар:
1.Дүние жүзіндегі көп ұлтты мемлекет (Үндістан, Қазақстан, Ресей).
2.Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым-географ (Ш.Уалиханов).
3.Қазақстанның миллионер қаласын ата. (Алматы).
4.Еліміз неше сағаттық белдеуде орналасқан? (4,5).
5.Мекке, Медина кесенесі қайда орналасқан? (Сауд Арабиясында).
ІІІ-бөлім.
«Белес» (ұпайы көп топ бастайды).
Әр командаға екі сұрақтан қойылады. Егерде көмек берілсе ұпайының жартысы кемиді.
1.Республикада 40-тан астам ет комбинаттары бар. Ірі ет комбинаттары үлкен қалаларда орналасқан, оларға сойыс малы, мал шаруашылықты аудандардан әкелінеді.
Сұрақ: Солардың ең ірілері? (Семей және Петропавл ет комбинаттары).
Көмек: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданда орналасқан қала).
2.Қазақстан үшін республикаішілік көлік-экономикалық байланыстырудың маңызы барған майын арта түсуде. Қазіргі уақытта Қазақстан темір жолының ұзындығы жөнінен, яғни ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейін 3-ші орын алады. Темір жол көлігі бұл жүктің барлық түрін тасымалдай алады және ол қымбатқа түспейді.
Сұрақ: Қазақстандағы ескі темір жолдардың бірі қай бағытқа қарай өтеді және нешінші жылдары салынған?(Орынбор-Ташкент темір жолы. Солтүстік — батыстан Оңтүстік-Шығысқа қарай өтеді. 1905-07ж салынған).
3.Таралуы мен алатын орнына қарай барлық дін дүние жүзілік және ұлттық дінге бөлінеді.
Сұрақ: Дүниежүзілік діндерден ең көп тараған діндерді ата?
(Христиан, Ислам, Буддизм).
Көмек: Орта ғасырларда пайда болған діндер, осы уақытқа дейін дүниежүзілік діндердің қатарындағы діндер.
4.Көмір-еліміздегі отынның негізгі түрі. Еліміз көмір өндіруден дүние жүзінде 8-ші, ал таяу шетелдер бойынша Ресей мен Украинадан кейін
3-ші орынды алады. Көмірдің негізгі қоры Қазақстанның Солтүстік, Орталық бөлігінде шоғырланған. Солардың бірі Қарағанды, Екібастұз, Торғай Обаған ірі көмір бассейіндері бар.
Сұрақ: Қарағанды аумағынан алғаш рет көмірді тапқан кім және Екібастұз ауданынан алғаш рет ашқан кім?
(1831ж қойшы бала Аппақ Байжанов, 1867ж Қасым Пішенбаев).
ІV-Бөлім
«Бекет» Топтардың жанкүйерлеріне сұрақтар беріледі. Әр команда жанкүйерлері өз топтарына ұпай жинауға атсалысады.
1.1615ж Жайық өзенінің сағасындағы балықшылар қонысы ретінде негізі қаланған ескі қала. Көмек: алғашқы атауы үйшік негізін қалаған орыс көпесі Гурий Назаров.(Атырау).
2.Целлюза-картон комбинаты салынған қала. Көмек: Қазақстан Республикасының бұрынғы астаналардың бірі. (Қызылорда).
V-бөлім:
«Асу» Үлкен кесте ілініп, 14 сұрақ жабыстырылады. Қазақстанның
14 облысы бойынша сұрақтар беріледі. Әр команда 4 сұрақтан таңдайды.

Б.Қ.О А.О М.О АҚ.О С.Қ.О

Қ.О А.О АТАЖҰРТ П.О О.Қ.О

Қ.О Ж.О А.О С.Қ.О Қ.О

1.Б.Қ.О. Еліміздегі ірі газ кен орны . (Қарашығанақ).
2.А.О. Батыс Қазақстанда тамақ өнеркәсібінің қандай саласы аудан аралық маңызы бар? Балық).
3.М.О. Газ өңдейтін зауыт қайда орналасқан? (Жаңа Өзен ).
4.А.О.Қазақстанда медициналық прибор және рентген аппаратурасын шығаратын зауыт орналасқан қала. (Ақтөбе ).
5.С.Қ.О. Марал шаруашылығымен айналысатын аймақ. (Солтүстік Қазақстан ).
6.Қ.О. Темір рудасын өндіретін кен орындары. (Атасу, Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков ).
7.А.О. Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға қашан көшірілді? (1997ж ).
8.П.О. Ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын ірі орталықтар. (Павлодар, Астана, Қызылорда ).
9.О.Қ.О. Республикамыздағы мақта өсіретін аудан. (Оңтүстік Қазақстан облысы).
10.Қ.О. Адамның шаруашылық әрекетінен екі есе кішірейген көл. (Арал ).
11. Ж.О. Қазақстандағы ең ірі ЖЭС қай қалада. (Тараз ).
12.А.О.Аккумулятор зауыты қай қалада . (Талдықорғанда ).
13.С.Қ.О. Қай қалада трактор шығарылады. (Павлодарда).
14.Қ.О. Не себепті Орталық Қазақстанда қара металлургия дамыған. (Шикізат пен отын энергетикасы бар ).

VІ-бөлім:

«Жерұйық»

Әбу Насыр Әл-Фараби қай жерде, нешінші жылы дүниеге келген жердің көне аты? (Көне аты Фараб қаласы. 870-950).
Бұл жерде оқушылар бұрын бұл ойынды тек теледидардан көріп жүрсе енді өздері белсенді түрде араласып, қатысуға болатынын анық көздері жетеді. Қорыты айтсақ бұл ойынды жекелеген пәндерде ұйымдастыруға болады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.