Жаңа технология балабақшада
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылы
№ 99 орта мектептің Мектепалды даярлық 0 «А»
«Көгершін» тобының жетекшісі
Рамазанова Жанар Тұрсынбекқызы
Тәуелсіздігіміздің тірегі – білімді әрі саналы, парасатты, жан – жақты, мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы әбден керек – ақ. Бұл жөнінде Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2030» Жолдауының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «біздің балаларымыз бен немерелеріміз … бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманға нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», – деп үміт артып отыр.
Тақырыбы:
Жаңа технология балабақшада
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
а) Бала дүниетанымын дамытуда жаңа технологияның әдістерін пайдалану
б) сабақ үлгілері
3. Қорытынды
Тәуелсіздігіміздің тірегі – білімді әрі саналы, парасатты, жан – жақты, мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы әбден керек – ақ. Бұл жөнінде Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2030» Жолдауының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «біздің балаларымыз бен немерелеріміз … бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманға нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», – деп үміт артып отыр.
Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін жан – жақты тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте педагогикалық үрдістің жалғасын табатыны бәрімізге белгілі.
Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы басты міндеттерінің бірі – өз Отанына деген елжандылық сезімін жас ұрпақ бойына сіңіріп тәрбиелеу болып отыр.
«Елжандылық сезім» сөзін ғылыми тұрғыда талдап, мазмұнын ашсақ: «елжанды» сөзі қазіргі кезде көбінде «ұлтжанды» синоним сөзімен қолданылады. «Ел», «Ұлт» сөзі қазақ тілі түсіндірме сөздігінде «Халық», «Жұрт» сөздерімен синоним болады да, «жұрт» сөзі «ықылас», «ниет» сөзінің мағынасын білдіреді екен. Сонда елжанды сөзіміз ел жұртқа ықыласты және ниетті болу деп түсініледі. Ал «сезім» сөзіне қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «сыртқы дүние мен құбылыстардың адамға еткен әсер – әрекетіне байланысты ішкі жан дүниесінде пайда болатын үрдіс» деп анықтама берліпті. Сезім – өтекүрделі психологиялық үрдістің бірі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды елжандылыққа тәрбиелеу «дұрыс» деп таныла ма? Бұл сезім бөбектер санасына түсінікті бола ма? Педагогтар мен технологтар: Р.Н.Жуков, А.А. Люблинская, Т.А.Морков, В.Г.Нечаев, Р.С.Буре, В.С.Мухинаның ғылыми зерттеу еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалар бойында бастапқы елжандылық негіздерін /туған ауыл немесе қаласына, туған табиғатқа сүйіспеншілік сезімін, туған және өзге халықтың еңбек ерлеріне мақтаныш сезімін/.
Қалыптастырудың мүмкіндік кезеңдері көрсетіледі. Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру – бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезгіштік тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған дұрыс қарам – қатынасқа тәрбиелеу әдісі.
II. Дамыта оқытудың негізін салушылар мен зерттеушілер: орыс ғалымдары В.Занков, В.Давыдов, В. Эльконин, П.Эрдниев. Суға түспей жүзуді үйрену мүмкін еместігі сияқты, танымдық іс – әрекет жасамай, дамудың жүзеге асуы да мүмкін емес. Дамыта оқыту барысында балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдаумен шектеліп қалмай, бос уақытында тәрбиеші сол баламен шағын зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Ол үшін алдын ала зерттеушілік жұмысқа дайындау қажет.
Сондықтан мен тобымдағы Аяжан атты қызбен былай жұмыс жүргіздім.
Мысалы: «Алма» деген сөз а дыбысынан басталады, екі буыннан (ал – ма) тұрады. Және де ол қызыл, сары түстес дәмі тәтті. Уақыт шектеусіз, ал мен қадағалап отырамын.
1) Қадағалау. Балалар шуласып, өзара алма туралы әңгімелесіп жатыр.
2) Не істеу керек?
Таныту: Шыдамдылық қажет. Балалардың айтқан ойын қағазға түсіріп отырдым.
3) Не болды?
Нәтиже: Жауапкершілікті сезіне бастады, бір – бірін тыңдауға көшті.
4) Қортынды: Біз бір – бірімізді оқыттық, пікірлестік. Балалардың ішіндегі Аяжанның ойы.
Дәрігер: Алма балаға өте қажет. Денсаулыққа пайдалы. Алманы жуып жеу керек.
Тәрбиеші: Алманы математика сабағына пайдаланып 4 немесе 2 бөлікке бөлуге пайдаланамыз және санауға қажет, түр – түсін, формасын дұрыс, ажырата білуге үйретеміз.
Ғарышкер: Болашақта біз алманың түрлерін ғарышқа өсіріп, саябақ жасау жағын зерттейміз…
Дамыта оқытудың бір түрі: 1. Оқу мен жазу арқылы ойлауды дамыту. Мақсаты: балаларға кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарап, өз көз қарасын білдіруге үйрету. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл жоба бойынша бала терең әрі жан – жақты ойлауға, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге үйренеді. Баланың қиялы шексіз, арманы ұшан теңіз.
Үш кезеңге бөлеміз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы.
I . Қызығушылығын ояту
II.Мағынаны шолу
III. Ой толғаныс
Және де «Ассосация» әдісі баланың қызығушылығын ояту кезеңі аса тиімді. Бұл әдіс балалардың бұрынғы білімін есіне түсіріп, жинақтайды әрі топ мүшелері бір – бірінен үйренеді.
Өзімнің көркем әдебиет сабағын былай өткіздім.
Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық
Сабақтың мақсаты: Бала өз ойын еркін айтуға, шығармашылық қасиетін
дамытуға, сын тұрғысынан қарауға үйрету.
Сабақтың міндеті: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұнын түсіндіру,
тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкерлердің көңіл – күйін
танытудағы, көркемдік ерекшелігін көрсету.
Күтілетін нәтиже: Бала ертегіні дұрыс талдай білуге, кейіпкерлердің жағымды
немесе жағымсыз екенін айыруға үйрену. Әр кейіпкердің
сөзіне мән беріп дұрыс қабылдауға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: Ассоциация, Венн диаграммасы, әрі қарай ертегіні жалғастыру,
ұнаған кейіпкерді суреттеу.
Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту, сурет.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту.
Өз таңдаулары бойынша топқа бөлінеді.
1 – топ. Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау
2 – топ. Ертегінің кейіпкерлеріне қарап әңгіме құрастыру. /ойнаған
кейіпкерлерінің суретін салу/
3 – топ. Ассоциация мен жұмыс, ойтолғау.
4 – топ. Ертегіні аяқтау әрі қарай не болғанын қалайсың.
Әр топ өзінше жұмыс жасайды.
Өзім қорытамын. Балалардың ойына түрткі болу.
Ой толғаныс. Осы ертегіні тыңдағанда не ойладың? Мен мысық болсам қыздың қатығын төкпей айтқанын қылар едім – дедім және екеуміз дос болар едік.
– Енді ертегіден алған әсерлерің туралы сурет салайық.
Қортынды:
Балалар жұмысына өте қанағаттанамын, салған суреттері ассоциация туралы ойларын кеңінен айтып, қызыға ертегіні суреттеп, әрі қарай ертегіні былай жалғастырдық, мақта қызбен мысық сол куннен бастап дос болып мысық пештің қасынан орын алып, үйге көмектесіп жүретін болыпты.
Қорытынды.
Дамыта оқыту баланың ойлау, сезіну қабілетін дамытатынын және бағдарламаның маңызы зор екенін айтқым келеді. Өйткені, бүкіл әлемде өмір сүру күрделенді, елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады.
Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, саналы шешім қабылдауға дайын болу керек. Ендеше, балалардың ойлау қабілетін жан – жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдаларын сын тұрғыда қалыптастыру жолдарын ұсынатын бағдарламаны үйренейік, үйретейік.
