Без рубрики

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің І-санатты география пәні мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы.

Жауынгер жүректер жарасы (кездесу)

Мақсаты: Оқушыларды Ауған соғысының тарихымен таныстыру. Отанға, елге туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту. Отанын қадірлеп,қастерлеуге баулу.
Көрнекілігі:Отан туралы жазылған нақыл сөздер,Ауған жерінде ерлік көрсеткен Төлеген ағайдың суреті,ағайға арналған құттықтау газеттері.
Жүру барысы:
Жүргізуші:Құрметті оқушылар!Бәрімізге де белгілі 15 ақпан кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан әкетілгеніне 20 жыл толып отыр.Соған орай мектепте де апталық өтіп жатыр.
Негізінен кездесу кешін ұйымдастырамыз ба деген едік.Оған біздің ауылдан қазірде арамызда әскери борышын өтеген азаматтарымыз болмағандықтан «Жауынгер жүректің жарасы » атты ауызша журналды ұсынамыз.
Ауызша журнал екі беттен тұрады.
1-бет: «Ауғаныстандағы соғыс қашан,қалай басталды ».
Ауған соғысына қатысушы: Бисенов Төлеген

2-бет: ҮІІІ «б» өнер сыныбының концерті.

1979 жылғы 25 желтоқсаннан 1989 жылғы 15 ақпанға дейін Ауғаныстан жерінде он жылдай соғыс болды.Ауғаныстанда 1978 ж. сәуір революциясы болып,осы сәуір революциясынан кейін Ауғаныстан үкіметінің басшысы Н.М.Таракидің өтініші бойынша осы елге Кеңес Одағының әскер кіргізуі бұрынғы совет-ауған келісім шарттарының бұзылуына әкеп соқты.Кеңестер Одағы сәуір төңкерісінің нәтижесінде дүниеге келген халықтық демократиялық ауған үкіметін қолдайтын,оның социалистік бағытта дамуын көздеп,интернационалдық достық көмек көрсетіп,әскери жәрдем береміз, әскери қақтығыстарға араласпай,тек өкіметке қарсы күштерден ғана қорғаймыз» деген желең айтты.Үкімет басына Таракиден соң Аминнің келуі кеңес басшыларын бір үрейлендірсе,1979 жылғы маусымдағы Л.Брежнев пен Дж.Картердің стратегиялық қаруды шектеу жөніндегі келісіміне АҚШ-та келіспеушілердің болганы тағы қосылды.Оның үстіне НАТО-ның басқа елдерімен арадағы,әсіресе КСРО мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың бұзыла бастауы қауіп тудырды.Ауғаныстанға американдықтар қаруын орналастыра бастаса көршілес,социалистік одақтас елді уыстан шығарып аламыз деген қорқыныштың өзі-ақ кеңес үкіметін біраз әбіржіткен еді.Сөйтіп саяси бюро мүшелері кеңес әскери контингентін Ауғанстанға кіргізу жөнінде шешім қабылдады.

Ауғанстан шекарасына жақын орналасқан әскери бөлімдер арасында көршілес республикаға достық ниетпен интернационалдық көмек көрсету мақсатында тез арада басып кіру жұмыстары жүргізіле бастады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес әскерлері баса көктеп Ауғанстан Республикасының жеріне енді
Кеңес әскерлерінің кіруі жергілікті жүріп жатқан қақтығыстарды тоқтата алмады. Керсінше ауғандармен бірігіп, соғыс өртін одан әрі өршіте түсті. Тарихи оқиғаға айналған бұл қантөгіс он жылға созылды. Ауғанстанда кеңес әскерлерінің шектеуші контигенті құрамында 620мың адам соғысты. Оның ішінде Қазақстаннан барған жауынгер саны 22269. Олардың 761-і ұрыс даласында қаза тапты. 484 адамзат мүгедек болып оралды. 20 жауынгер іс-түзсіз жоғалып кетті. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 –наурыздағы жарлығы бойынша « Ауған соғысында іс-түзсіз жоғалғандар мен тұтқында қалған әскери қызметкерлерді іздестіру комиссия мүшесі, полковник Борис Керімбаев айналысуда.
1989 ж 15 ақпанда Кеңес Одағы Ауғанстаннан әскерлерін әкетуді аяқтады. 40-шы армия қолбасшысы генерал-майор Б.В.Грошов шекерадағы Тернияз көпірі үстінде кеңес әскерлерінің ауған жерінен толық әкетілгенін, соғыстың аяқталғанын бүкіл дүние жүзіне мәлімдеді. Бірақ, жат жерде жау қолында қалған 20 қазақстандық жауынгер үшін соғыс әлі біткен жоқ. 1979 жылдың наурызынан желтоқсанға дейін совет одағынан 20 рет әскери күшпен көмектесуді сұраған. Осындай жағдайда 1979 жылы 8-ші желтоқсанда Орталық саяси бюро мүшелері Ауғанстандағы жағдай туралы қаулы алды. 1979 жылдың 25 желтоқсанында генерал-лейтонант Тухариновтың жаңадан құрылған 40-шы армиясы ауған жерінен аяқ басты, Армия құрамына 4 дивизия 5 жеке бригада, 4 жеке полк, аралас автокорпус, материалмен қамтитын бригадалар енді. Біздің әскерлердің негізгі міндеті-соғыс емес автокөлік жолдарын, совет-ауған экономикалық қатынастырының обьектілерін, газ өндірістерді, электростансалар, Мазари-Шарнов
Қаласындағы азот тыңайтқыштар зауытын, ірі қалалардағы аэромдрандарды күзету еді. Алайда ауғандық оппозиция отрядтары горнизондар мен транспорт колонналарын жиі атқылады. Соғыс осылай өртке тұтанды. Бұл ұрыс 10 жылға созылды. Соғыста 14453 совет жауынгерлері қаза тапты. Оның 13833-і совет армиясының 572-сі мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің 28-і ішкі істер министрлігінің жауынгерлері еді. Телевидение, құрылыс отрядтарынан, тағы басқа салалардан 20 адам қаза болды. 417 әскери қызметкерлері іс-түссіз жоғалды және тұтқынға түсті. Қазақстан Республикасы бойынша 22 мың боздақ Ауғанстан соғысына қатысты. Осы соғыста 761 адам қаза тапты. Атыраудан 19 жауынгер қаза болды. Ал біздің ауданнан 35 жауынгер Ауған жерінде азаматтық борышын өтеді.

Ядролық қарусыз әлем

Хабарлама

Мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Елін, жерін, туған жердің табиғатын қорғауға атсалысу.
Қазақ даласында алғашқы ядролық жарылыс жасалғанына биыл 56 жыл. 1991 жылғы тамыздың 29 да халықтың жаппай талап етуімен әлемдегі аса ірі полигондардың бірі жабылды. Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап сыртқы саясатының бейбіт жолын таңдап алды.Осыншама зұлматқа негізгі кінәлі саналған әскерлер құрдымға кетті. 40 жыл бойы жарылыстан көз ашпаған қазақ даласының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан зардаптары жан түршігерлік. Егер ғалымдардың нақты дерегіне сүйенсек, Семей өңіріндегі полигондардың жиынтық қуаты 1945 жылы американдықтардың Жапониялық Хиросима қаласына тастаған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе күшті екен. Соғыстан кейінгі жылдары жапон сыртқы саясатының негізгі АҚШ пен ынтымықтасу бағдар ұстау болды. АҚШ оны өзінің ракеталық ядролық стратегиясын және сен бағдарламасын іске асыруға тартты.

Хиросима мен Нагосакиді атом бомбасымен бомбалаудан кейін Жапон халқының фацифистік көңіл күйінің күштілігін ескере отырып, үкімет 50 жылдардың өзінде-ақ үш « ядросыз принципті »
1) атом қаруын жасамау, 2) иеленбеу, 3) елге әкелмеу принциптерін ресми саясат деп жариялады. КСРО мен Жапония совет- жапон бейбіт шарты туралы мәселені қарастыру үшін, үнемі әрекет жасап отыратын механизм жасауға келісті. Жер бетінде лайымда тыныштық ,бейбітшілік болсын!
Ядролық қаруға жол жоқ.
1943 жыл аяғынан бастап АҚШ пен Ұлыбритания совет одағының Жапониямен соғысқа кіруге міндеттеме алуын табанды түрде талап етті.
Совет үкіметінің халыққа арнаған үндеуінде Жапония мен соғыстың басталуы мынмен байланыстырылды. 1904 жылы орыс-жапон ауыр естеліктер қалдырды. Ол елімізге қара күйе болып жабысты. Біздің халық Жапонияны күн туатынына сенді әрә сол күнді күтті. Біз аға ұрпақтың адамдарды, бұл күнді 40 жыл күттік.
1945 жылы сәуірдің 5-де совет үкіметі атынан Москвадағы Жапон елшісінде ССРО Жапония мен бейтараптық жөнінідегі шартты бұзатыны туралы мәлімдеме жасады. Оның себептері туралы айта келіп, жағдай түбегейлі өзгерді. Германияның одақтасы Жапония оның ССРО-ға совет одағының одақтастары болып отырған АҚШ-пен және Англиямен соғысуда. Жапонияның өзінде бұл мәлімдеме оның үкіметінің өзгеруіне себепші болды. ССРО-ның Жапониямен соғысқа кіруге белгіленген уақыттан 2-і күн бұрын 1945 жылы тамыздың 6-да Американың әскери әуе күштерінің ауыр бомбалаушысы Жапонияның Хиросима қаласына атом бомбасын тастады. Тамыздың 9-да бұл «Сынақ» Нагасаки қаласына қайталанды. Құрбан болғандардың жалпы саны 200 адамға жетті. Соғыс қашанда рақымсыз ,бірақ атом қаруын қарусыз бибіт халыққа қарсы қолдануды ақтау мүмкін емес. Бұл акциялар әскери емес, саяси қажеттілікпен жасалды. Олар АҚШ басшылығының соғыстан кейінгі дүние жүзіне өзінің гипондығын орнатуға ұмтылып отырғанын көрсету үшін жасалды.
Жоспарларға сәйкес совет әскерлері Маньчжуриядан орналасқан және бір милион адамы бар Квантуь армиясына негізгі соққы берді. Әскерлерге жалпы басшылықты А.М. Василевский жүзеге асырды. Ұрыстарға Монғол халық революциялық армиясының әскерлері қатысты . Совет әскерлеріне тауларды, өзендерді, тайганы, батпақ жерлерді, шөлейтті далаларды алуға тура келді. Жапонияны жан тәнімен берілген бөлімдерді әсіресе өлімге бас тіккендерді табанды қарсалық көрсетті. Тамыздың 14-де Жапон үкіметі тізе бүгу жөнінде шешім қабылдады. Бірақ Квантунь армиясы күресті жалғастыра берді, тіпті кейбір учаскелерде (шешім қабылдады. Бірақ Квантунь армиясы күресті жалғастыра берді.) қарсы шабуылға шықты. Алайда қызыл армияның соққыларынан кейін Жапон әскерлері қаруларын тастады.
Ал қыркүйектің 1-де совет десанты Куриль тізбегінің оңтүстік аралдарына түсті.
1945 жылы Қыркүйектің 2-де Тоийск шығанағында Американың «Миссури» соғысы кемесінде Жапония мен соғысқа қатысқан елдер өкілдерінің қатысуымен Жапониның сөзсіз тізе бүккендігі туралы қол-қою рәсімі болды. Қызыл Армияның Қиыр шығыстағы соғысы небары 24 күнге созылды. Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.