Без рубрики

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің І-санатты география пәні мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы.

«Үздік сынып жетекшісі-2013» байқауы

Мақсаты: Тәрбиенің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын сынып жетекшілерін анықтау, жас ұрпақты тәрбиелеу әдістерімен педагогикалық ұжымды таныстыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кампютер, нақыл сөздер т.б
Әдісі: Баяндау, сұрақ- жауап
Түрі: Сайыс
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, көрермендер! «Үздік сынып жетекшісі-2013» байқауын тамашалауға қош келдіңіздер!
Сынып жетекшісі міндеттерінің көлемі өте ауқымды, әрі қуыныш пен жеңістен гөрі қобалжу мен қиындықтарға толы. Дегенмен де мектепте сынып ұжымының іс-әрекетін басқаратын одан қызық, одан жемісті жұмыс жоқ деуге болады. Сынып жетекшісі болу-бұл педагогикалық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге ысыру, өзінің әрбір тәрбиеленушісіне қажет болуға талпыныс және адам тәрбиелеудегі кішігірім жетістіктер мен үлкен жетістіктер қуанышы.
Шеттерінен жігер оты лаулайтын
Білімімен шәкірттерін баулайтын.
Биік қойған парасат пен тәлімді-
Мәртебелі ұзтаздықты таңдайтын,-
деп бүгінгі «Үздік сынып жетекшісі-2013» байқауына қатысқалы тұрған сынып жетекшілерін ортаға шақырайық.
1. Ерекенова Н -1 «ә» сыныбының жетекшісі
2. Елшібекова И- 5 «а» сыныбының жетекшісі
3. Қабдолова А- 6 «а» сыныбының жетекшісі
4. Сеңгірбекова Ж – 7 «ә» сыныбының жетекшісі
5. Шоқан Б — 8 «б» сыныбының жетекшісі
6. Қосжанов Т -9 «б» сыныбының жетекшісі
7. Нұғыманова С- интернат тәрбиешісі
Қазылар орнықтылар әділдікті
Кімдердің жауаптары әділ шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты-
деп сайыс барысында баға беретін қазылар алқасымен таныс болайық.
1. Қабдол Гүлшарида-төрайымы
2.Қабенова Гүлжазира-мүшесі
3. Жекенова Ақжарқын-//-//-
4. Шоқан Абзал -//-//-
5. Нұрсұлтанов Қанат -//-//—
Ал, келіңіздер, келіңіздер
Дарындарыңызға сеніңіздер
Өнерлеріңізге сүйеніп
Сайысқа қатысып көріңіздер!- сайыскерлеріміз бен көрермендерге сайыстың жүру барысын таныстырып өтейік.

  1. Өзін-өзі таныстыру-5минут
  2. Педагогикалық жағдаяттарды шешу 3 мин
  3. Сыныптың тәрбие жүйесін мультимедиялық презентациялау 10 мин
  4. Сыныпта ашық тәрбиелік іс-шараны өткізу 15 мин
  5. Педагогика және психологиялық теориясы мен әдістемесі білімдерін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу 20 мин.
  6. Эссе-7мин
  7. Өнері.
    Ақыл керек білім таңдап аларға
    Білім керек іске жақсы қарарға.
    Ақыл шырақ, қараңғы түнді ашатын
    Білім-жарық, нұрын әлемге шашатын
    Біліктіні тыңда – ақыл бұлағы
    Білімді сөз-шырын жанның құнары.
    Тәрбиесіз бала ұғар ма?
    Олай болса уысыңнан шығарма.
    Тартар күйік ет кескендей етінен
    Қатал тәртіп көрсе бала күнінде,
    Өнерімен қуантады түбінде,- деп, сайысымызды бастаймыз.
    І-бөліміміз «Мен сынып жетекшісімін» деп аталады.
    Сайыскерлер 3-5 минут аралығында өзін-өзі таныстыруы керек.
    (Әділқазылардан сайыскерлердің бағасын беруді сұрау).
    ІІ-бөліміміз «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке» деп аталады. Сайыскерлерге ұсынылған шиеленісті жағдайды шешудің алуан жолдары, педагогикалық болжамдауларды, шешімінің әсерлілігі анықталады. (3-минут)
    1.Үзіліс кезінде шулап жатқан балалар қоңыраудың, соғалғанын, сіздің сыныпқа кіргеніңізді байқамады. Бір оқушының лақтырған бас киімі сіздің бетіңізге тиіп кетті. Сіз не істейсіз?
  8. Сіз сабақ өткізудесіз. Мектепке сирек келетін ата-ананың бірі есік қақпастан кіріп келіп, әй-шай жоқ, партада отырған қызының жанына жүгіріп барып, айналып-толғанып ертіп әкете жөнелді. Сіздің әрекетіңіз?
  9. «Тез келсін!» деп сізді директор шақыртыпты. Кабинетіне кіріп келсеңіз ашуланып тұрған директор сіздің еш қатысыңыз жоқ оқиға жөнінде ұрса жөнелді. Сіз ештеңе түсінбей, аңырап қалдыңыз. Не істейсіз?
    4.Сыныбыңда бір оқушының темекі тартып жүргенін байқадыңыз. Баланың өзіне ескерткеніңізде мойындамады. Сіздің әрекетіңіз қандай?
  10. Жатаханада бір оқушы ауылына қашып кетіпті. Күн болса аяз, боран соғып тұр. Сіз тәрбиешісіз. Баланың өміріне сіз жауаптысыз. Сіздің әрекетіңіз?
    6.Мерекеге қарсы тәрбие сағатын өткізейін деп жатырсыз. Арман есімді бір оқушының әлі жоқ, ол жүргізуші және көріністерге де шығады. Басталатын уақыт болды. Ата-ана т.б шақырылған қонақтарың келіп болды. Сіз не істейсіз?
    7.Сіз сыныптағы сабаққа келдіңіз. Әрине, ерекше жағдайды көресіз. Балалар өздерінің бір бетке ұстарын қоршап алған. Оның әңгімесі қатты күлкімен аяқталады. Сіздің әрекетіңіз?
    8.Сыныбыңызда ұлдар өте тентек. Сыныбыңыз үшін үнемі ескерту аласыз. Шаштары өскен, үнемі ескертесіз. Бірақ орындалмайды. Ата-анаға барсаңыз «жалғыз сол ма?» деген сияқты дәлел айтады. Сіздің әрекетіңіз?
  11. Сыныбыңызда нашар оқитын оқушы бар. Оның үлгерімін жақсарту үшін қандай жұмыстар жүргізер едіңіз?
    10.Өзіңіз жетекшілік ететін сыныбыңызға үзіліс кезінде сөмкеңізді тастап кеттіңіз. Қайтып келгенде, сөмкеңізден қомақты ақша жоғалғанын аңғардыңыз. Қайтесіз?

    ІІІ. Сыныптың тәрбие жүйесін мультимедиялық презентациялау 10 мин

    ІҮ. Сыныпта ашық тәрбиелік іс-шараны өткізу 15 мин
    Мұнда сайыскерлерге төмендегідей тақырыптар баріледі. Сол тақырып бойынша сайыскерлер тәрбиелік шараның жоспарын құруы керек.
    Шараның тақырыбы, мақсатын, жүрісі айқын болуы керек.
  12. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан»
  13. «Мәдени мұра»- өткеннен салауат
  14. «Ата-ананы сыйлау -парызың»
  15. «Нашақорлық қоғам дерті»
  16. «Темекіден тартынайық»
  17. «Иманды ел ұрпағы азбас»
  18. «Қазақ тілі-айбыным менің»
  19. «СПИД-ХХІ ғасыр обасы»
  20. «Тәуелсіздік- ел тұғыры»
  21. «Табиғатты қорғай біл»

    Ү. Педагогика және психологиялық теориясы мен әдістемесі білімдерін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу
    Сайыскерлерге тест сұрақтары беріледі. 20 минут ішінде тест сұрақтарының дұрыс жауаптарын белгілеулері керек.

    ҮІ. Эссе-7мин
    «Менің тәрбиеге көзқарасым» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлер өз тәжірибесінен жазған шығармашылық баяндамаларын қорғауы тиіс.

    Соңғы бөліміміз «Өнер көрсету» деп аталады. Сйыскерлердің өнерін бірігіп тамашалайық.

    Жүргізуші: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оныңөміріне зиян әкеледі», — деп әлемнің екенші ұстазы Әл-Фарабидің көрегенділікпен айтқан пікірі ешқашанда маңызын жоймақ емес. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан озық әдет-ғұрып, дәстүрлері мен ізгі қасиеттеріне бойына сіңіре отырып, дені сау, рухани өрісі биік, парасатты, қазіргі қоғам дамуының үрдісіне сай білімді, рухы кемел жеке тұлғаны қалыптастыру – тәрбиенің өзекті мақсаты екені айқын.
    Сайысты қорытындылау үшін сөз кезегі әділқазыларда.
    Сайыскерлерді қорытындылап, байқауға қатынасушы сынып жетекшілерін марапаттау.
    «Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір болмақ емес» деген Ж. Аймауытов пікіріне сүйене отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп, сол еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер деп сайысымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет

Тест сұрақтары

  1. ҚР-ның «Тіл туралы заңы» қашан қабылданды?
    А)1998ж 11 маусым ә)1997ж 27 маусым б)1997ж 11 шілде
  2. ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің 2004жылғы 16 наурызда бекітілген. Ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесінде көрсетілгендей тестілеу қай кезде өтеді?
    А)10 маусымнан 15 маусымға дейін
    Ә)15 наурыздан 30 сәуірге дейін
    Б)10 маусымнан 25 маусымға дейін
  3. ҚР –нің білім беруді дамыту тұжырымдамасы нешінші жылға дейін арналған?
    А) 2010 жылға дейін Ә)2015 жылға дейін Б)2017 жылға дейін
    4.ҚР –сы үкіметінін «Ауыл мектебі» бағдарламасын бекіткен қаулысы қашан шықты ?
    А)4 қаңтар 2003 жылы №127 Ә)4 ақпан 2003 жыл №128
    Б) 4ақпан 2003жылы №108
  4. «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасы қай жылы қабылданды?
    А)1998 жылы ә)1996 жылы б) 1997 жылы
  5. Балалар құқығы туралы конвенцисын қабылдаған ұйым?
    А) Халықаралық ұлттар ұйымы
    ә) Біріккен ұлттар ұйымы
    б) Біріккен ұлттар ұйымы балалар фонды.
    7.Тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбесі мен көлемі, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін негізгі құжат?
    А) Мемлекеттік бағдарлама Ә) Оқу бағдарламасы б) Оқу жоспары
  6. Профессор Ж.А Қараевтің технологиясы қалай аталады?
    А) Ұжымдық оқыту тәсілі
    Ә)Деңгейлеп саралап оқыту
    Б) Ұжымдық ойлау әрекеті
  7. ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі бекіткен 11 кешенді тәрбие беру бағдарламасы қашан қабылданды?
  8. ҚР-ның азаматтарының орта білім алуға міндеті туралы ҚР конституциясының нешінші бабында жазылған?
    А) 29 ә)30 б)3

Қызға қырық үйден тыю

Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.

5-8 сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан еш нәрсе бүкпейді, қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.

Үшінші кезең 9-11 сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңмен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау-ежелгі дәстүр. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайынсіңілерін де атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен.
Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын болған. «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған.
«Қызға қырық үйден тыю» деген мақал да осының айғағы. Міне осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлі атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған.
Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу т.б өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып –ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дарытып психологиялық жағынан даярлай бастаған.
Қыздарымыздың асыл қасиетті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа,жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан білеміз. Қазақ қыздары махаббат атты асыл сезімді айырықша қастерлеп, аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе,тіпті қатықсыз қара көже ішсе де бақыттымын деп, өмірге риза болған.
Ал, қазір,жасыратын не бар,бұрын дәстүрімізде болмаған сүеңсіз жағдайлар бой көрсетуде.Қаладағы қазақ қыздарының көбі бір-бірімен орысша сөйлеседі.Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көреді.

Мектеп қабырғасында жүрген бір сыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш қалдыратын киімдер киіп,қымбат алтын әшекейлер тағып, бет-ауыздарын бояп,өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығын, жастық жарасымдылығынан айырылады.Табиғаттың өзі қыздардың жан дүниесін сұлу,нәзік,мейірбан етіп жаратқанына болар мән бермейді. «жастықтың өзі жастығымен әдемі» дегендей,жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әсем ғой.Табиғат берген көрік пен сымбаттан артық не бар.Қыздардың ішінде ұрлық жасайтындар мен шылым шегіп,арақ ішетіндер де кезігеді.Демалыс сабақтарынан шашын дудыратып ұйыстырған, ұнасымсыз ерсі киім киіп, аяғын бірінің үстіне бірі қойып, темекі түтінін құмарлана жұтып отырған сылым бикештерді жиі жолықтыруға болады.Қастарында отырған адамдардан да именбейді.Ал енді осыны көрген жас қыздарымыздың бұларға еліктемесіне кім кепіл?
Кейде аялдамадан кейбір қыздарымыздың үлкен бар,кіші бар-ау деп қымсынбай,жігіттермен құшақтасып,сүйсііп, қай жеріне қол жүгіртіп сипаласа да былқ етпей тұрғанын көргенде шыдамай төмен қарайсың.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.