Динара Жанмухамбетова Сакен Сейфуллин
XXI ғасыр көшбасшысы
Сабақтың тақырыбы: XXI ғасыр көшбасшысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, түрлі ойындар барысында ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдағы жаңалықтардан және өзгерістерден сырт қалмауға баулу.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес.
Сабақтың түрі:
Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, призентация, ұлағатты сөздер
- XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалды шоу бағдарламасы
- «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін нәрсе — білім» (М.Әуезов)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
1.Оқушылармен, келген қонақтармен амандасу
Ашылу сәті.
Мұғалімнің сөзі: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп-өсуі үшін-азаттық пен білім қажет», — деп ғалым Шоқан Уәлиханов айтқандай еліміз егемендік алып, тәуелсіздігін атап өтіп отырған бүгінгі таңда ендігі алдағы мақсат – халықтың білімін дамыту. Ол мақсатқа жету үшін еліміздің болашақ иелері жастарымыз білімді, парасатты болу қажет.
Бүгінгі кеш – білім, өнер, шығармашылық ізденіс, шешендік айтыс болмақ. Сайысқа қатысушылар тобын бір-бір шумақ өлеңмен ортаға шақырамыз.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Көрермендерді сайыс кезеңдерінің барысымен таныстыру.
1- топ оқушылары.
2 –топ оқушылары.
3 – топ оқушылары
1 кезең «Бәйге» 10 ұпай
Жауап нақты, әрі тез болу керек. Қай топ қолындағы жалаушасын бірінші көрсетсе, сол топ бірінші жауап береді.
Сұрақтар:
- 1. Қанша жыл мезгілі бар?
- 2. Қазақ тілінде қанша септік бар?
- 3. Көктем айларын ата
- 4. Шілде, маусым, тамыз қай жыл мезгіліне жатады?
- 5. Тәуелдік жалғауының неше жағы бар?
- 6. Жіктік жалғауының неше жаға бар?
- 7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
- 8. Бір аптада қанша күн бар?
- 9. Бір жылда қанша күн бар?
10. Бір айда қанша күн болады?
11. –ым, -ім, -м жалғаулары қай жалғау?
12. Ең ірі көбелек?
13. Ең ірі маймыл?
14. –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қай жалғаудың жалғаулары?
15. –мен, -сен, -сіз, ол қай жалғаудың жақтары?
16. Дүниежүзіндегі ең ірі жануар?
17. –ның, -нің, -тың, -тің, -дың, -дің қай септіктің жалғауы?
18. Кімге? Неге? Қай септіктің сұрақтары?
19. Көмектес септіктің сұрақтары?
20. Қыс айларын атандар?
21. Ең жүйрік сүтқоректі?
22. Ең ірі бақа?
23. –ың, -ің, -ң жалғаулары қай жалғау түріне жатады?
24. Қазақстан Республикасының астанасы?
25. Қазақстан Республикасының рәміздерің атандар?
26. Ең үлкен құс?
27. Жолбарыс қандай аң?
28. Көк киттің ұзындығы неше метр?
29. Ең кішкентай құс?
30. Қазақстанда жолбарыс қай жерлерде мекендейді?
2 кезең. «Шешендік». Бағалаушы 20 ұпай.
Бұл кезеңде мақал-мәтелдің бірінші жолын мұғалім өзі айтады, соңын сайыскер толықтырады.
Мақал-мәтелдер.
- 1. Елсіз ер болмайды,
————————- (Жұртсыз жігіт болмайды)
- 2. Адам досымен мықты,
——————— (Ағаш досымен мықты)
- 3. Туған жердей жер болмас,
————————————(Туған елдей ел болмас)
- 4. Досы жоқпен сырлас,
—————————(Досы көппен сыйлас)
- 5. Оқусыз – білім жоқ,
—————————(Білімсіз – күннің жоқ)
- 6. Батыр туса – ел ырысы,
——————————(Жаңбыр жауса – жер ырысы)
- 7. Ата – бәйтерек
————————(Бала жапырақ)
- 8. Еңбектің наны тәтті,
—————————(Жалқаудың жаны тәтті)
- 9. Ер жігіт елі үшін туады,
—————————(Ел үшін өледі)
10. Күш – білімде,
———————(Білім — кітапта)
3 кезең. «Тапқырлық»
Бұл кезеңде жұмбақтар айтылады, жұмбақтың шешуін сайыскерлер шешіп, оны қазақ, орыс тілдерінде айтады.
- 1. Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.
Шешуі: кітап, книга
2. Үш көзі бар қаз-қатар,
Кезек-кезек ашады.
Үшеуінен байқасаң,
Үш түсті нұр шашады
Шешімі: Бағдаршам-светафор
- 3. Тық-тық ұрып,
Шегесін қадап.
Мезгілді саған,
Айтады санап.
Шешімі: Сағат-часы
- 4. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ:
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
Шешімі: Қар-снег
- 5. Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрегі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар, ұшпайды,
Су астында қыстайды.
Шешімі: Балық-рыба
- 6. Мына ойынға
Қараңдаршы,
Он екі аққа,
Он екі қара қарсы.
Шешімі: Шахмат
- 7. Өзі сондай нәзік,
Суң құйсаң кетеді,
Алақанын жазып
Шешімі: Гүл-цветок
- 8. Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылда тойласаң,
Төріндемін, үйіңнің.
Шешімі: Шырша –елка
- 9. Үй бағады, үрмейщді,
Аяғы жоқ, жүрмейді.
Шешімі: Құлып-замок
10. Көк жүзінде көп жолақ,
Қойды екен оны кім бояп
Шешімі: Кемпірқосақ-радуга
