Вирустар
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
№136 қазақ орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Абдкереева Гаухар Жанбырбаевна
Пән аты: Информатика Класы: 10«А»
Сабақтың тақырыбы: Архивтеу. Антивирустар. Архивтеу программалары.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Компьютерлік ақпартты қорғау, ДК-ді қорғау ерекшеліктері. Компьютерлік вирус, Антивирустық құралдар туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымадстыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Компьютерлік вирустардан қорғау
Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерлік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.
Компьютерлік вирус – өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.
Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:
Файлдық Жүктейтін (загрузочный) Макровирустар
Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізіліген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады. Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.
Компьютерді және файлды сақтау үшін пайдаланушы компьютерлік вирустардан қорғанудың негізгі әдістерін білу қажет.
АРХИВТЕУ ПРОГРАММАСЫ Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген. Кейде жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің 1-ші жолы қажет емес файлдарды жою. Ал егер қажет емес файлдың барлығын жойғаннан кейінде дискідегі орын жеткіліксіз болса, онда мұндай жағдайда дискідегі орынды үнемдеп, файлдың көлемін азайту үшін мәліметтерді сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған архиватор программалары бар. Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі архивтеу деп аталады.
Архиваторлар дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақтау тәсілдері әр түрлі болғанымен, жалпы қызметі мынадай болады: Файлда қайталанатын фрагменттер болады, ал оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан, архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі файлда қайталанып тұратын, фрагменттер орнына қысқаша басқа информацияны жазып, кейіннен оларды сақтай отырып, алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану.
Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік 1 файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен қайта шығарып алуға, архив мазмұнын көруге және т.б істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен сығылған файлдық форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды сығу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктермен ерекшеленеді.
Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны яғни құрамындағы қосылған файлдар тізімі және әр файлдың сақтаулы бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай информациялар сақталады: файлдың аты, файл орналасқан каталог туралы мағлұмат, файлдың соңғы рет өзгертілген мерзімі, архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдық бақылау коды.
ФАЙЛДАРДЫ АРХИВКЕ ЕНГІЗУ
Ең алдымен Win Rar –ды іске қосу қажет. Ол үшін Win Rar белгішесін белгілеп алып, тышқанды екі рет шертеміз немесе Enter-ді басамыз. Сонымен қатар іске қосу менюіндегі программалар пунктінен Win Rar-ды таңдап алуға болады. Win Rar іске қосылған терезеде ағымдағы буманың ішіндегі файлдар және бумалар тізімі көрсетіледі. Содан кейін онда бірден архивтейтін файл тұрған бумаға өту қажет. Ағымдағы дискіні өзгерту үшін пернелер комбинациясын пайдаланып, дискілер тізімінен аспаптар тақтасындағы қажетті диск белгішесін шерту қажет. Қажет файлдар бар бумаға кірген соң, архивтейтін файлдар мен бумаларды ерекшелеп, тбелгілеп алу қажет.
Содан соң бір немесе бірнеше файлды қосу батырмасын шерту арқылы немесе командалар менюінен файлдарды архивке қосу командасын таңдау арқылы іске асыруға болады. Пайда болған сұхбат терезесіне архивтің атын енгіземіз. Бұл сұхбат туралы архивке ат беру, параметрлер енгізу сұхбат бөлімінде толық сипатталынады.
Егер архивтеу процесін кенеттен тоқтату қажет болса, сол терезеде болдырмау батырмасын басу қажет. Архивтеу кезінде статистикалық терезе пайда болады. Архивтеу аяқталған соң статистика терезесі жойылады, ал жасалған архив ағымдағы белгіленген файл күйінде қалады.
ФАЙЛДАРДЫ АРХИВТЕН ШЫҒАРЫП АЛУ
Win Rar ортасында архивтен файлды шығарып алу үшін алдымен архивті ашып алу қажет. Оны бірнеше тәсілмен жасай алуға болады:
– Windows ортасында архивтік файлға 2 рет тышқанды шерту немесе Enter- ді басу;
– Win Rar терезесіне архивті тасымалдау. Мұны жасамас бұрын Win Rar
Терезесінде басқа архивтің ашық болмағандығын тексеріп алған жөн. Себебі, тасымалданатын архивіміз басқасына қосылып кетуі мүмкін.
Win Rar терезесінде архивті ашқанда оның мазмұны шығады. Шығарып алынатын қажет файлды және буманы ерекшелеп алған соң Win Rar терезесіндегі шығару батырмасын басу қажет. Оны Alt+E пернелері немесе командалар менюінен файлды архивтен шығару пунктін таңдау арқылы орындауға да болады. Егер де архивтен шығарылған файлды басқа бумаға сақтау қажет болса, онда шығару батырмасына шертіп, пайда болған терезеден қажет жолды көрсетіп, ОК командасын орындау керек.
АРХИВТІ БҮЛІНУДЕН САҚТАУ
Win Rar терезесіндегі команда құрамына архивтің атын немесе оның параметрлерін енгізу кезінде қалпына келтіру информациясын іске қосуға болады. Қалпына келтіру информациясы өз функциясые орындау үшін оның құрамында 4096-ға дейін секторлар болуы мүмкін.
Егер бүлінген мәліметтер үзіліссіз қатарласа орналасса, онда әрбір сектор оның бүлінген 512 байт көлемін қайта қалпына келтіре алады. Ал егер файлдың біртектес бүлінуі бірнеше рет қайталанатын болса, онда бұл көлемде кішірейеді. Архивтегі әрбір файл үшін оның циклдық бақылау коды жазылып сақталады. Бұл код файлдың ішкі мәліметінің арнайы функциясы. Егер файлға кішігірім өзгерту енгізілсе, онда оның бақылау коды да өзгеруі тиіс. Сондықтан бақылау коды архивтік файлдың бүлінбей дұрыс сақталғанының белгісі болып табылады.
Вирустар және антивирустық программалар.
Жалпы мағынасында, компьютерлік вирус-бұл пайдаланушыға қажетсіз, кездейсоқ белгісіз бір нәрселерді (көбінесе жоюшы, бүлдіруші сипатындағы) кенеттен орындайтын программа немесе маркос.
Вирустар экранда ұрандарды, балағат (сыбау) сөздерді ұйымдастыруы ықтимал, қатқыл дискіден файлдарды алып тастауы немесе операциялық жүйені бүлдіруі мүмкін. Кейбір вирустық программалар пайда боғаннан кейін бірден емес, біршама кешігіп барып жұмыс істеуі мүмкін, себебі сіз оның жұмыс нәтижесін бір күн емес, бірнеше күн өткеннен кейін бір-ақ білуіңіз қажет емес. Уақытты алатын әр қилы жағымсыз ұсақ-түйек құбылыстар, файлдардың кешігіп өңделуі-мұның ақырында, яғни күндердің бір «тамаша» күнінде компьюер мүлдем жұмыс істеуді тоқтатады. Бұл арада әр түрлі нұсқалар болуы мүмкін, бірақ түпкі нәтижесі біреу-ақ: компьютер уақытша тоқтап қалады немесе жұмыс істеуін мүлдем тоқтатады.
Вирус-атауының өзі мұндай программаға бекер жапсырылып (таңылып) отырған жоқ. Компьютерлік вирустар «мінез-құлықтарымен» тірі организмді іске түсіреді. Тура осындай ауру тудыратын вирустар адам денесінің әр түрлі органдары мен клеткаларында жасырынып жатады, осыған ұқсас компьютерлік вирустарда орындалатын компьютерлік программаларда немесе баса файлдарда жасырынып жатады. Әдеттегі вирустар сияты компьютерлік вирустар да жұқпалы, бұл арада тірі организмднгі вирустар тәрізді болады, ал кейбір вирустар көбейгіш келеді, яғни көбеюге бейім.
Вирустардың көбісі жалпыға орта желілер доменінде немесе тегін программалы етуде, яғни программамен тегін қамтамасыз ету кезінде қалқаланып (маскируясь) жасырынып жатады, алайда коммерциялық тұрғыдан таралатын программалардың көшірмесіне жария түрде (немесе жариясыз) еніп кетуі ықтимал. Толық «заңды түрдегі» программалы етуде жасырынып, сіздің жүйеңізге еніп кеткен вирустарды «трояндық программа» (троян жылқысына ұқсас етіп алынған) деп жиі атайды.
Вирустардың алуан түрлілігі. Вирустардың көптеген түрлері болады. Оның кейбіреулері нақты уақыт аралығында (мәселен, «Қара-жұма»-«Черная пятница» вирусы) белсенділік танытатын болса, енді біреулері тек белгілі бір программаны іске қосқанда немесе нақты функцияның программасын орындау барысында «бой көрсетеді». Компьютерді жүктеу сәтінде белсенділік танытатын вирустар да бар.
Вирустардың бүлдіруші әрекеттері. Вирустар деректерді бүлдіреді, информацияны бұрмалап көрсетеді, компьютерлік программаның орындалу барысы мен тәртібін өзгертіп жібереді, компьютердің өздігінен жүктелуіне әкеп соғады немесе монитордағы кескінді бұрмалап көрсетеді.
Компьютердің вирус жұқтырғаны белгілі болған жағдайда мынадай іс-шараларды жүзеге асыру керек.
Компьютермен жұмыс істеу барысында күдік тудыратын жағымсыз белгілер алғаш болғанда мыналарды істеу қажет:
Компьютеді сөндіру;
Дискеттің икемді жүйесіндегі жазбадан қозғалып, таза екендігіне кепілдігі бар машинаны қайта жөндеу;
Тиімділігі жоғары антивурустық программаларды іске қосу;
Антивирустық программалардың көмегімен тек қатқыл дискілерді ғана емес, сондай-ақ программаның барлық архивын тексеру;
Вирустан құтыла алмаған жағдайда білікті арнайы маманның көмегіне жүгініңіз, яғни оны көмекке шақырыңыз.
Антивирустық программалар
Вирустардан қорғайтын программалар мынаған бөлінеді:
Деректер-программсы вирустарды табады; имуназатор-программасы вирусар оны бүлдірдік деп санайтындай етіп программаны өзгертеді. Көптеген вирустар екінші мәрте файлды бүлдіре алмайды, өйткені имунитеттеу вирустардың мұндай «бір жолға» әрекетін қорғауға мүмкіндік береді;
Фаги-программасы вирустарды тауып қана қоймай, олардың көзін құртады, яғни олардың көзін құртады, яғни олары жояды. Егер программа әр түрлі вирустарды құрта алатын болса, онда оны әдетте полифаг деп атайды. Кейде вирустарды жойғаннан кейін бүлінген файлды бұрынғы (бастапқы) қалпына келтіруге болады. Ал, бастапқы қалпына келтірген файлды емделмейтін, яғни жөнделмейтін файл деп атайды. Мұндай жағдайда емделмейтін файлды жойып, жоқ қылу керек. Сонымен қатар, мұндай жағдайда дискеттен жазып алудан қорғалатындай етіп орналастырылған программаның таза резервтіе көшірмесі қажет болады;
Сүзгі-программасы (программа фильтры), (күзетші-қарауыл, манитор) компьютер қосылғаннан кейін ұдайы жұмыс жағдайында болады және қалыпты жұмыс істеп тұрған компьютерге сәл ауытқу пайда болса қатер төнгенін білдіріп, бірден дабыл қағады (белгі береді). Бұл компьютерге, яғни программаға еніп кеткен вирусты ерте тауып, сол кірген сәттегі алғашқы кезіңде-ақ оның бүлдірушілік әрекеттерін асқындырмай, алдын алып, неғұрлым залалсыздандыруға ұмтылады.
Бүгінгі таңда ең танымал (әйгілі) антивирустық құралдарға Norton AntiVirus, AVP, Aidstest, Adinf, Doctor Web және DSAV. Doctor Web дестелерін жазуға болады. Doctor Web антивирустық программа құралы компьютердің жадында сақтау программадағы белгілі вирустарды іздестіріп, табылған вирустарды дискіден алып тастауды орындайды. Сондай-ақ компьютер дискілеріндегі жүйелі аймақтың және файлдардың эвристикалық талдауын жүзеге асырады. Эвристикалық талдауыш дестенің маңызы айрықша элемент болып табылады. Ол программадан белгісіз болып келген бұрғыны және жаңадан пайда болған компьютерлік вирустарды табуға (оның таба алатын мүмкіндігі зор) мүмкіндік береді. Doctor Web антивирустық программасы 1994 жылы шығарылған. Дәл қазіргі уақытта бұл программаның нұсқалары көптеп шығарылған.
Компьютерлік вирустарды тауып, жою үшін Doctor Web программа дестесін қолдану тәртібі.
негізгі мәзірдің немесе жұмыс орнының тиісті таңбашасының басу немесе Программа- Doctor Web- Doctor Web крмандасымен Doctor Web программасы іске қосу.
Баптау-Орнатуды өзгерту командасының, Орнату таңбашасын немесе Ғ9 функциялық пернесін оперативті түрде жадында сақтауын тестілегеннен кейін параметрлер терезесін шақырып, қарау керек әрі қажет болған жағдайда вирустарды іздестіруді орындайтын режимді қалпына келтіру;
Программаның негізгі терезесінде тексерілуі тиіс дискіні көрсету.
Тексеруді бастау/ аяқтау командасын орындау үшін Файл-Тексеруді бастау немесе Ctri+F5 пернесін бірге басумен тексеру процесін іске қосу.
Файл-Шығу командасымен, Шығу таңбашасымен немесе Ait+X пернесін ұштастырумен дестенің жұмысын аяқтау.
Norton Anti Virus 2007. Windows үшін осы заманға антивирустық программалардың ішінде Symantec Corporation фирмасының вирустарды тауып, залалсыздандыру бойынша үлкен мүмкіндіктеріне ие, сондай-ақ аса қолайлы пайдалану интерфейсі бар Norton AntiVirus ппрограммасы кеңінен танымал.
Вирустардың бар-жоғын тексерудіңең қарапайым түрінде Іздеу кнопкасын басудан кейін іздеу процесі орындалатын дискідегі NAV бас терезесіндегі мүмкіндік беретін барлық параматрлердің мәні дыбыс шығармауы (по умалчанию) бойынша белгіленеді.
Тексеруді пайдалануға қажетті қапшыққа немесе файлды тапсыру үшін командалардың біреуін пайдалану керек: Іздеу-Папкалар-Файлдар және ашылған диалог терезесінен қажетті таңдау керек.
Әр түрлі іздеу параметрлердің тапсырмасы үшін құрал-саймандар панеліндегі Параметрлер кнопкасын пайдалануға болады немесе Құралы-Параматрлер командасын орындау керек.
Anti Viral Toolkit Pro (AVP). Соңғы уақытта Касперлік AVP антивирустық дестесі өте әйгілі деп саналады. Бұл программа вирустарды іздестіріп, жоюға арналған. Аса қолайлы пайдалану интерфейсіне, көптеген әр түрлі баптауларға, сондай-ақ антивирустық деректердің көлемді базасына ие AVP пакетінің қолданбалары бүгінгі күні белгілі болып отырған барлық вирустарды дер уақытында (уақытылы) залалсыздандыру арқылы пайдаланушының еш алаңсыз тапжылмай отырып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. AVP-тың ең басты артықшылығы – соңғы уақытта пайда болған вирустардың қорғауды қамтамасыз ететін антивирустық программаны уақытылы әзірлей алады. Антивирустық деректер базасын жаңарту процесі автоматтандырылған және пайдаланушыға Интернет арқылы осы базаға енгізілген өзгертулердің барлығынан аттап (немесе айналып) өтуіне мүмкіндік береді. Дестенің негізгі құрастырушылары ретінде Манитор AVP және сканер AVP программалары қызмет етеді. Манитор AVP қолданбасының негізгі міндеті-компьютердің жағдайын (орындалатын программалар, жүктелген кітапханалар және т.б.) ұдайы бақылап отыру. Басқаша айтқанда, жадта ұдайы болуы арқылы бұл программа болып қалуы ықтимал барлық күдікті әрекеттердің ізін бағып отырады, ал мұндай әрекеттің үстіне тап басып түсетін болса (тауып алса), тиісті хабар береді.
Сканер AVP қолданбалы өз кезегінде дискіде вирустың бар-жоғын бір-ақ рет тексеріп білуге, яғни бір жолғы тексеруге арналған. Бүлінген файлды тауып әрекет етудің әр түрлі ықтимал нұсқаларын ұсына отырып ескерту жасайды, я болмаса бүлінген файлды бірден жөндеуге кіріседі (немесе баптауға қарай алып тастайды).
IV. Сабақты бекіту.
1. Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған? (не үшін керек?)
2. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар.
3. Ақпаратты компьютерлік вирустардың қорғау шараларын атап шығыңдар.
4. Ақпаратты сығу дегеніміз не?
5. Файлдарда архивтеу не үшін қолданылады?
6. Архивтік файл дегеніміз не?
7. Қандай архивтер көп томды деп аталады?
8. Архивтен алу дегеніміз не?
V. Үйге тапсырма беру: Архивтеу.Антивирустар. Архивтеу программалары.
VI. Оқушыларды бағалау.
