Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы
«№ 8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені» ММ
Сабақтың мақсаты: Алаша хан. Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Алаша хан туралы қосымша мәлімет беру. Сын есімді қайталау, бекіту.
Дамытушылық: Сөйлеу, тіл ширату, пәнге деген қызығушылықтырын арттыру, сөздік қорлары молайту, өз ойларын толық жеткізуге дағдыландыру, ой өрісін қозғау
Тәрбиелік: қазақ тарихына қызығушылық ояту, патриоттық, отан сезіміне тәрбиелеу,
Сабақтың типі: дәстүрлі емес.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, орыс тілі, информатика
Сабақтың көрнекілігі: Алаша хан күмбезі, интерактивті тақта, тірек сызба, призентация
Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, демонстрация, тірек сызба, сөйлесу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастру:
1.Оқушылармен, келген қонақтармен амандасу
2. Кезекшілер сұхбаты
Қандай ақын – жазушылардың шығармалары арқылы тарихи тұлғалармен танысып жатырмыз? (121 бет)
Мысалы: І. Есенберлин
(Сабақтың мақсатымен таныстыру, презентация көрсетіледі)
Үй жұмысын тексеру:
1) Мәтінді кім мазмұндайды?
2)Тәуекел хан қандай адам болған?
3)Тәуекел ханның берілген антын айтып беріңдер?
4)Мәтіндегі «Тізгін – сіздің қолда», «Ат еркі — иесінде», дегенді қалай түсінесіңдер?
6) Берілген сөздердің синонимдік мағынасын табыңдар
Ынтымақ — ……………
Ақтар -………….
Үміт — …………..
Тозар — …………..
Ыдырау — ……………..
Бейбіт — ……………….
Сақтау — ……………..
Ғажайып — ………….
Алдаспан -……………..
Жүрік -………………
Жарып жіберу -……………..
Серуендеп — …………….
Шошу — ……………..
Уақтанып — ……………………
Айлакер — …………………..
Тұқым -………………..
Жаңа сабақ
Жаңа сөздермен таныстыру
Күмбезі — купал
Айнадай ашық – ясно, четко
Сары сайран дала – широкая степь
Желсіз түндей тымық – безветренная ночь
Құйындай екпінді тарихы – стремительная история
Үдере көшкен тұрмысы – кочевая жизнь
Асықпайтын, саспайтын – спокойный, уравновешенный
Мінезі – характер
Сахара – степь
Мұғалім сөзі:
Алаша хан
Алаша хан күмбезі — Қарағанды облысындағы Қаракеңгір өзенінің оң жағында. Ол — X—XI ғасырларда сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған күмбез.
Күмбездің іргeci текше түрінде қаланып, төбесі күмбезделген. Ескерткіштің биіктігі — он метр. Көне заман шеберлері күмбездің әpi әсем, әpi берік болуына ерекше көңіл бөлген.
Оның алды киіз үйдің қос жаппалы eciгi сияқты. Күмбездің бip ерекшелігі — оның үстінде екінші қабаты бар. Оған үйдің ішінен жоғары көтерілетін басқыш арқылы шығады.
Алаша ханның атына лайықтап, оның күмбезін алаша кілемнің түрімен нақыштап шығарған. Әр тусті кірпіштерді қиластырып қалау арқылы геометриялық бейне жасалған. Олар күмбездің, барлық беттерін масаты кілемнің түріне ұқсатып өрнектеген.
— Енді балалар мәтінді пайдаланып синоним сөздердің сыңарын тауып жазыңдар
Оң жағында — … Лайықты — …
Оюлаған — … Өрнектеген — …
Қиюластыру — … Үлгісінде — …
Өрнектеген — … Көне — …
Ескерткіш — … Шебер — …
Сахаралық — … Ерекше — …
Сияқты — …
— Ал, енді өткен тақырып — сын есімді қайталайық.
- 1. Сөз табы дегеніміз не? Және қазақ тілінде неше сөз табы бар?
- 2. Сын есім дегеніміз не? және оның сұрақтары?
- 3. Сын есімге 4 жалғаудың қайсысы жалғанады? (мысалы келтіріп дәлелде)
- 4. Тұлғасына, мағынаса және құрамына қарай сын есім қалай бөлінеді?
- 5. Негізгі мен туынды сын есімдердің айырмашылығы қандай? (мысалы
келтіріп дәлелде)
- 6. Қандай сын есімдер сапалық сын есімдер деп аталады, олар қалай жасалады?
- 7. Қатыстық сын есімдер дегенеміз не, олар қалай жасалады?
- 8. Қандай сын есімдер дара, қандай сын есімдер күрделі деп аталады? Олардың
айырмашылығы? (мысалы келтіріп дәлелде)
- 9. Сын есім сөйлемде негізінен қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? (мысалы
келтіріп дәлелде)
10 . Сын есімнің неше шырайы бар, олар қалай аталады?
- 11. Жай шырай мен салыстырмалы шырай қалай жасалады?
- 12. Күшейтпелі шырай қалай жасалады?
- 13. Негізгі сын есімдер қатыстық сын есімдер жасайала ма? Мысал.
- 14. Шырай жұрнақтары қатыстық сын есім жасайала ма? Мысал.
- 15. Қандай жұрнақтар сын есім жасайды?
— Енді, мәтінен сын есімдерді табыңдар, оған сұрақ қойып сөз тіркенстерің құрастырыңдар.
— Хан сөзімен мынау сызба бойынша жұмыс істеңдер
Зат есім — Сын есім — Cан есім — Есімдік — Сөйлем құрастырыңдар
-Енді, 140 — беттегі мына сөздердің антоним сыңарын тауып жазыңдар, сөз тіркесін, сөйлем құрастыңдар
Сол жағасы -…. нашар- …..
Төбесі — …. арты -….
Аласа — …. жалғыз -….
Жаңа -…. төмен — …..
Сыртынан -….
-Енді Венн диограмасын толтырыңдар
-Мына мақал-мәтелді оқып, аударыңдар, мағынасын түсіндіріңдер
Қорытындылау: Алаша хан мәтіні бойынша диолог құрастырыңдар. Сонымен қатар тірек сызбаны толтырыңдар
Үй жұмысы мәтінді мазмұндау, жаңа сөздерді жаттау.
Бағалау.








