Бала құқығы-асыл қазынам

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы ГКС-12 орта мектебі
география пәнінің мұғалімі Омарова Баян

Күні: 24.01.13ж   9а,9б сыныптар

Сабақтың тақырыбы: «Бала құқығы-асыл қазынам»

Барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Армысыңдар қадірменді ұстаздар, оқушылар!

ҚР шынайы егемендікке ие болып отырған қазіргі таңда қоғамымызды одан әрі демократияландыру, құқықтық мемлекет  құру бағытында халықтың барлық топтарна , ең алдымен , оқушы жастарға құқықтық тәрбие беру ісі негізгі мәселе болып отыр. Әр мемлекеттің өзінің заңы болады. Елбасы Н.Назарбаев  ҚР құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралар туралы(21- маусым, 1995 жылы №2347) қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу –заман талабы» екендігін атап көрсетті.

Жасөспірімдердің құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, құқықтық түсінігін қалыптастыру саяси және адамгершілік тәрбиемен сабақтас. Жасөспірім бойына ең ізгілікті қасиеттерді-әділетті, тәртіптілікті, шындықты, адалдықты сіңіру түрлі жағдайларда дұрыс бағыт  ұстанып, сенімді де анық қадам жасауына негіз болады.

Жас ұрпаққа  құқықтық  тәрбие беру дегеніміздің өзі- еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін сыйлауға  және  орындауға, еліміздің материалдық, рухани байлығын үнемді пайдалануға, оны байытуда адал еңбек етуге, жастарды айналамыздағы адамдарға қиянат жасамауға, әдептілік пен тәртіпке үйрету,  оларды  құқықтық сана мен  құқықтық мәдениет негіздерін қалау, саналы ұрпақ тәрбиелеу ісіне үлес қосу болып табылады.

Олай болса бүгінгі  құқықты білу, заңды құрметтеу мақсатында «Бала құқығы-асыл қазынам» атты зияткерлік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!  Ортаға  9а және 9б сыныбының оқушыларын шақырамыз.

Ойынның шарты бойынша 2 топқа бөлінеміз«алғырлар» және «тапқырлар » тобы.

Жоспар

  1. «Бәйге»
  2. «Дода»
  3. «Тіл өнері»
  4. «Жорға»
  5. «Жекпе – жек»

1.«Бәйге»

  1. ҚР Конституциясының  1-бабы, 1 тармағы? (ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды, оның ең қымбат қазынасы- адам және адам өмір, құқықтары мен ботандықтары.)
  2. Құқық дегенііз не? (мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)

3.Балалар құқы туралы Конвенция қашан, қайда қабылданды? (1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ да қабылданды)

4.ҚР Ата Заңы қанша бап, қанша бөлімнен тұрады? (9 бөлім 98 баптан)

5.ҚР  егемндігі мен тәуелсіздігін білдіретін аса маңызды 3 құжат атаңыз (Егемендік туралы декларация, Тәуелсіздік туралы Конституциялық заң, Конституция)

6.Заң дегеніміз не? (барлық адамдарға арналған бірдей ереже )

  1. Заң бұзушылық нешеге бөлінеді? (2 теріс қылық және қылмыс)
  • ҚР рәміздері қашан қабылданды? (1992 ж )

  • Абай Құнанбаевтың құқықтық тәрбие беру жолындағы еңбегі? (Шар ережесі)

  • 10.Заң шығарушы орган қалай деп аталады? (парламент, 2 палатадан тұрады: сенат пен мәжіліс)

    1. Қылмыстық жауапкершілік басталатын жас жамасы? (ҚР 15 бап.Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қлмыстық жауапқа тартылады, ауыр қылмыс жасаған үшін 14  жастан жауапқа тартылады)

    «Дода»

    Бұл ойында 16 ұяшық бар сондағы сұрақтардың дұрыс жауыбын берген топқа 10 ұпай беріледі.

    Ойынымыздың келесі  кезеңі  «Тіл өнері».

    Құрметті ойыншылар , бұл кезеңде сіздерге  мақал айтылады, ішінен бір сөз, яғни  құқықтық термин жасырылады. Сол сөзді қазақша, орысша, ағылшынша  тілінде аударып айту керек. Әр дұрыс жауап 10ұпайдан беріледі.

    1. Бір қазаға екі ——–жоқ. (Жаза -наказание)
    2. Куәсіз істі күмән табар,  куәлі істі——— табар. (Куә-свидетель)
    3. Мен ——- қылған күні ай жарық болды. (ұрлық-кража)
    4. Би екеу болса,———төрттеу. (дау-спор)
    5. Әр елдің ——–басқа, иттері қара қасқа(заң-закон)
    6. Елшіге ————жоқ (өлім -смерть)
    7. Тақыр жерге су төксең, жүруге тайғақ болар , Жаманға сырыңды айтсаң,  тар жерде——–болар. (айғақ- доказательства)
    8. Анық достың  қадірін———–болғанда білерсің.   (жала-клевета)
    9. ——-істің-арты игі.(әділ-спровидливый)
    10. У ішкен бір өледі, —-ішкен мың өледі. (ант-клятва)
    11. Қыдырып ішкен көженің кернеуі жоқ,

    Қыдырып айтқан ——керегі жоқ(билік-власть)

    «Жорға»

    1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні

    1. 20-қараша – дүниежүзілік балалар күні
    2. 10-желтоқсан – адам құқығы күні
    3. 20.11.1989ж – БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
    4. 28.01.1993ж – ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
    5. 8.06.1994ж– Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті
    6. 30.08.1995ж – ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды

      «Өрлеу»

    Яғни қазақстан дамыған елдің қатарынақосылу үшін 2030 жылға дейін басынан қандай қиындықтарды жеңу керек сурет арқылы жеткізу.

    Қорытынды:

     

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше