Ғылыми жобалар

«Халықтың емшілік дәстүрі өз сыр-сандығының кілтін күтеді»

«Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» ғылыми-зерттеу
саласы бойынша вице-президенті, «Халық медицинасы және
ғарыштық қуат» академиясының толық мүшесі, академик,
п.ғ.д., профессор, ақын, жазушы, сазгер, Қазақстан журналистер
одағының мүшесі, Халықаралық дәрежедегі халық емшісі,
Йассауйтанушы, ұстаз Құрбанқожа Сансызбай Нызанұлының
(Әбу Фараби) халық емшілігінің бүгінгі өзекті мәселелері жөніндегі ой толғаныстары

    Дәстүрлі халық емшілігі атадан балаға өтіп отыратын құпиялы күш-қуат. Мұны бүгінгі адамзат баласы өзінің техника мен технологияда қол жеткізген жетістіктерінің шеңберіндегі ғылыми тұрғыдан әлі де толық анығына жете алған емес. Оған себеп, ондағы тылсым құпия күштердің көрініс беруі адамзаттың, соның ішінде белгілі бір әулет ұрпағының «генефонды» (ұрығы) арқылы оның өз жалғасын тауып келе жатқанында болса керек. Содан да болар, бүгінгі ең озық технололгияны меңгерген ғалымдар ұрық тазалығының атқаратын роліне ерекше басымдылықпен және аса сақтықпен мән беру керектігін жария етуде. Бүгінгі ғалымдар жетілген технологияның көмегімен енді ғана игерген мәселенің, құпиясы мол астарын қазақ ұлты да көне Түркі халықтары да сонау ертеден-ақ білген. Соның бір айғағы жеті атаға дейін қаны бір тектілердің өзара қыз алысуына тосқауыл қойып, бұл тыйымды қызғыштай қорып, бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Содан да болар, ата тегінде емшілік қасиет болған ұрпақтарда, сол қасиет қан арқылы өз жалғасын тауып келген. Мәселен, кісінің ата-бабасы бақсылықпен шұғылданған болса, сол әулет ұрпағына осы қасиет тұқым қуалай отырып келетін болған.

Әрине, мысалға алынған бақсылық қана емес, сонымен қатар қаншама тегі тылсым қасиеттер өз сабақтастығын тапқан. Міне соның арқасында, саны өзгелермен салыстырғанда аз ғана қазақ халының түрлі ру өкілдерінде әртекті құпиясы мол қасиеттері осы күнге дейін сақталып келіп, бүгінгі таңда, ортамыздағы ұрпақтарының бойынан көрініс тауып отыр деп толық айтуға болады. Бірақ, мұндай қасиеттерді қанына жасырған әулет өкілдері қай қоғамда болса да, сол қоғам туындатқан түрлі қиындықтарға төзуге мәжбүр болды. Кезінде олардың қасиеттерін зерттей алып, баға берерлік ғылыми жетістіктер болмаған тұста, оларды қоғамдық орта есі ауыстарға да балаған. Ал, кейбірінен тіпте бой тартып, қорыққан. Ол көрсоқырлық осынау ғылым жетістіктері арқасында ғарыш әлеміне ұшу сапарлары жүзеге асып отырған шақта да жалғасын тауып, кейбір қасиет иелерін толық танып білмей-ақ жындыханаға тоғытып отырған жайларымыз да баршылық. Қоғамдық орта мен арнайы ғылыми орталарда лайықты бағасының берілмеуінен, қысым жасалуынан, ортадан шеттетуден, түсінбеуден мұндай кісілердің бірқатары тоқырауға ұшарып, шын мәніндегі сырқат адамдарға айналады. Оған басты себеп, бұл құпиялы тылсым күштер жайлы атадан-балаға ауысып келе жатқан сабақтастық дәстүрінің үзілуі әрі онымен тереңдеп айналысатын ғалымдар мен ғылыми орталықтардың жоқтығы болды.

Мұндай ілімдер орта ғасырларда кең қанат жайған болатын. Бірақ, біз Батыс елдерінің ықпалына еніп, өзіміздің қанымызға сіңген қасиеттерімізден көз жазып қалдық. Мәселен, Түркі тілдерінің шұбарлануы, ата жазуымыз «Орхон-Енесей» жазуларының қолданыстан шығып жоғалуы, араб әліпбиімен жазудан айырылуымыз, шынайы ислам қағидаларынан қол үзіп қалуымызды атап айтар едік. Күйбең тіршілік ағысымен рухани күш беретін сан түрлі дәстүрлеріміз өсудің орнына өшіп барады. Алдыңғы орынға материалдық байлық озған заманда, рухани азығымыз, жан тірегі ата дәстүрлеріміз күн санап көмескіленіп барады. Біздің тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, мәдениетімізді, әдебиетімізді жоғалтып, тарихымызды ұмытуымыз материалдық дүниені үстем тұтқан өзгелер үшін өте пайдалы болмақ. Сондықтан да сырт көз үшін, біздің ұлтсызданып, дәстүр салтымызды ұмытқанымыз пайдалы.

   Енді, Аллаға мың қайтара шүкіршілік етеміз, егеменді ел болдық деп. Енді жоғалғанымызды жинақтауға ешкімде кедергі ете алмас. Оған «Мәдени мұра» бағдарламасы куә. Соның арқасында өлгеніміз—тіріліп, өшкеніміз—жануда. Бүгінгі таңда, қанша көненің көзі болған тарихи жәдігерлер халық игілігіне айналып үлгерді. Елдің тарихи санасын оятар неше бір деректер табылуда. Осының бәрі де рухани жадтың оянуына себтігін тигізері анық.

   Біз көбінде көзге көрінетін дүниені іздейміз, ал көзге көрінбейтін «нәзік әлем» көлеңкеде қалып қойып отырады. Оған себеп, біздің әлемнің жеті қабаттан тұратындығын білмегендігімізде. Бұл құпияларды меңгеру үшін заңды түрде «Құрани Кәрім» мен «Хадистің» сырын білу қажет. Осыларды терең ұғынып игергенде ғана біз рухани әлемнің өзіндік тылсым құпия күштері бар екендігіне көз жеткіземіз. Мәселен, егер, «бақсылық» өзінше бір қасиет болмаса, жалған болса, онда бұл өнер неге күні бүгінге дейін жоғалып кеткен емес. Мән беріп қарар болсаңыз, ол өнерге баулитын арнайы мектеп те, ұстаз да жоқ. Ал, өнер бар. Бақсылардың көпке түрлі әдебиеттерден таныс болған шоқ басу, қызған темірді жалау секілділерден бөлек, қобызда ойнап ем жасауы, жаңбыр жауғызуы, бұлттарды ыдыратуы, түрлі зиянкес жәндіктердің шаққандағы уыттын қайтарып, адам денесіне бүгінгі медицинаның қолы жете бермейтін шапшаңдықта көмек көрсетіп, адам жанын арашалап қалуы т.т.б. кімді де болса таң қалдырмай қоймайды. Оның қалай жүзеге асырылатынын біле алмасақ та, нәтиже көз алдымызда. Ол ажалдан араша болған адам. ¤лім аузынан сауғаға қалған шыбын жан. Әрине, көп ішінде бір күрмек болып, шынайы қасиет дарыған кісілердің арасында да осы өнерді бетке тұтып, елді алдап, дүние табу жолына түскендері де бар болуы әбден ықтимал. Бірақ, солай екен деп, ата-бабадан мирас болып қалған, қанға бітетін өнерден жерумізге болар ма екен? Қайта біз қанға бітіп, бойға даритын бұл қасиетті, генмен жалғасып келе жатқан осы өнерді жете зерттеп, бағасын беріп, жақсысын алып, жаманын қалдырып, өркениет көшіне өз ерекшелігімізді сақтай отырып ілессек, кім бізге жоқ дейді? Бақсылық бұл Жаратушы жарылқаған сый болар.

   Бақсылық өнерге баға берерде, оның ислам қағидаларына салыстыра қалыпқа салып баға беруге ұмтылу оғаштау болар. ¤йткені біздің ата-бабаларымызға «Бақсылық» өнердің қашан, қалай, қайтіп дарығаны жөнінде нақты дерек жоқ. Бірақ, бұл қасиетті өнердің Мұхаммад (с.ғ.с.) пайғамбарымыздан әлдеқайда бұрындары пайда болғанына ешкімде шек келтіре алмайды. Солай бола тұра, Исламға дейін де қауымдар арасында, соның ішінде Түркілердің түп аталарында «Бір Жаратушыны» мойындайтын сенімнің болғаны хақ әрі бақсылықтың да жалғыз жаратушының құдіретіне бас иген сол шақтарда тұғырланғаны анық. ¤йткені ол бүгіндері ислам қағидаттарымен астаса жымдасып дамуда.

  Халық емін жасаушы бақсы, балгер, сынықшы, инемен емдейтін, уқалап емдейтін, үшкіретін, ұшықтайтын, кірне салатын, қолын тигізбей емдейтін, «Құран Кәрім» аят, сүрелерін оқып «дем» салатын, емге пышақты, қамшыны пайдаланатын, малдың терісіне орап емдеуді қолданатын, шөп тұнбаларымен емдейтіні секілді, емдеудің  қай түрін ұстанатын болғанына қарамастан, олардың бәрі де емшілерге оқымай-ақ дарыған тылсым қасиеттер.

   Қасиет Алла тарапынан көдесіне (кодына) жазылса, ол ата-бабасының қанымен ұрпақтарына ұласып отырған. Сондықтан да, қасиет тегінде бар кісіде ол уақыт сәті келгенде белгі беріп, оянады. Ондай күш бойды билеп, ал адам санасымен оған қарсы келсе, сол тәнді майып қылып жазалайтынын да өмірден көріп келеміз.

   Біздің көп жаңылысатын себебіміз Адамның тән мен жан және рухтан тұратындығын біле бермейтініміз, не білсек те соны тұтына бермейтінімізде. Сол себепті біз көп мәселені тәни тұрғыдан шешіп, рухани мәселе өз шешімін таппай қалып қойып отырады.

   Күн санап халық арасындағы шынайы таза емшілердің қатары сиреп барады. Бірте-бірте құпия қасиет дарыған кісілердің өзі де мүлдем арамыздан жоғалуы әбден мүмкін. Оған себеп, бүгінгі таңда белең алып отырған түрлі экологиялық қасіреттер, арақ-шарап, темекі, есірткі т.б. адамзаттың азғындауын жеделдетіп, бұл жағымсыз әсерлер олардың қанына сіңіп, көдесін /кодын/ күйретіп жатуы. Адам генінің бұзылуы көріністерінің қоғамдық ортада көбеюі осының дәлелі бола алады. Егер бет алысымыз осылай кете берсе, адамның азғындауы күн санап ұлғая бермек. Онда біз атадан балаға беріліп келген, генге орныққан құнды қасиеттерімізден айырылып қаламыз. Сондықтан да әліде болса, осындай тылсым құпиялы күштер дарыған кісілерді бағалап, оларға тиісті құрмет көрсетіп, қасиеттерінің шығу тегін ғылым жетістіктерімен сараптауға әрекет етелік.

   Егер мұндай ерекше қасиеті бар адамдардан айырылып қалсақ, тылсым қасиеттердің тегін ешқашан білмеуіміз мүмкін. Аталған қасиет иелерімен бірге құпия да бірге кетпек. ¤йткені азғындаған келер ұрпаққа ондай ерек қасиет дари қоймайтыны өмір тәжіриебесі айқын көрсетіп отыр. Сондықтан осылардың құпия сырларын ашып себеп-салдарын анықтайық.

   Бұл бағытта «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» біршама іс-шара өткізуде. Бірақ бұл шаралар мұхиттағы бір тамшыдай ғана. Көп болып бұл мәселеге қолдау көрсетілсе құба-құп болар еді.

   Ең алдымен қасиет дарыған кісілерді топтастырып, оларға арнайы дәріс берілгені жөн секілді. Одан соң, ол кісілердің қасиеттеріне ғылыми-іс тәжірибелік саралау, сараптау, талдау, ғылыми болжарлау жасалып, баға беріліп, ондағы құбылыстар қағазға түсірілгені орынды.

   Бұл айтылғандар кейбір ұйымдар тарапынан ішінара қолға алынып жатуы мүмкін, бірақ соны жан-жақты тереңдетіп, жандандыра түсу қажет.

   Егер біз бүгін бұларға қол ұшын бермесек, өз ұлтымыздың рухани тылсым мол мұрасынан мақұрым қаламыз. Қоғамда рухани тоқырау бола берсе, болашағы жоқ, тәрбиесіз тобыр қоғамға айналамыз. Мұның бәрі рухани дәстүрлі тәрбиенің әлсіреуінен. Ал, енді бұл айтылған тылсым дүние еш уақытта ғалымдарды қызықтырмайды дегендік емес. Бұл құпиялы істердің астарын ашуға Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Әл-Беруни, Қашқари, Баласағұни, Ахмет Жүйнеки, Қожа Ахмет Йассауй, ¤тебойдақ Тілеуқабылұлы, Шоқан, Абай, Шәкәрім, Мәшћұр Жүсіп Көпеев, Мағжан, Ахмет, Ақжан Машанов секілді ғұлама-ғалымдар, әулиелер, көкірек көзі ашық зиялы қауым кезінде терең бойлай айналысқан.

   Кеңес ‡кіметі тұсында діннен, дәстүрден алыстап кеттік. Соның салдарынан сабақтастық үзіліп қалды. Көптеген зиялы қауым өкілдері қудалауға ұшырап, жазықсыз жазаланды. Уақыт өткізіп алмай енді бұл мәселелерде белсенді қадамдар жасалуы керек. Халықтың рухани байлығының шынар көздері бітеліп қалмағаны жөн. Сондықтан әрекетке көшкен дұрыс. Халық емшілерінің қасиет иелеріне қол ұшын бергеннен біз зиян шекпейміз, одан қоғамға тек рухани күш пайда болады. Әрине бұл бір күннің ісі емес. Ол көп уақытты қажет етеді. Сонда да болса қоғамға осының қажет екендігін түсінсе, мұның өзі үлкен жеңіс.

   Қысқасы осы жолмен ғана «халық емшілік дәстүрі сыр-сандығының кілтін» таба аламыз. Әрі оны келер ұрпаққа үзбей жеткіземіз. Егер бүгіннен қолға алмасақ, ертең кеш болады. Бәріміз бірлесе қолға алайық ағайын. Әмин!!!

П.ғ.к., профессор, академик  Құрбанқожа Сансызбай Нызанұлы /Әбу Фараби/

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.