Таңғажайыптар алаңы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Кабетова Гүлмира Беристемқызы

Тақырыбы: «Таңғажайыптар алаңы»

Мақсаты: Жеке тұлғаның сыныптан тыс шараға белсене араласуы,сайысқа  қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу.

      Түрі: Дәстүрлі емес

Типі:Сайыс сабақ

Көрнекілігі: Интерактив тақта,барабан

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Жүргізуші:

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

«Таңғажайып  алаң» сайысына

Келді міне бүлдіршіндер,бағын сынай.

Сайыстың шарттары:

  1. Бірінші үштік өзара сайысқа түседі.
  2. Екінші үштік өзара сайысқа түседі
  3. Үшінші үштік өзара сайысқа түседі.
  4. Бәйге
  5. «Озық ойлы оқушы »

Барабандағы ұпай сандарымен таныстырып өтейін.

“50,100,150,200,250,300,350”-қоржынға түсетін ұпай  сандары.

“Х2”-сіздің қоржындағы ұпай саны екі еселенеді.

“0”-ойынды келесі ойыншы жалғастырады

“Б”-қоржыныңыздағы ұпай сандары күйіп кетеді.

“+”–кез-келген ұяшықты ашу мүмкіндігі

“С”-сыйлық алып ойыннан шығып кетесіз немесе кез- келген бір әріпті ашуға мүмкіндігіңіз бар

Армандарым көп менің,

Ақтарамын деп келдім.

Оқып білім, ғылымды,

Өнер табам деп келдім.

Үйренген соң білімді,

Сайысамыз деп келдік, – дей отырып, бүгінгі сайысқа келген 1,2,3,4 сынып оқушыларына қошемет көрсетіп отырыңыздар.

Ж: Абай атамыздың мынадай жақсы сөздері бар екен…

Сенбе ешкімге, тұрса да қанша мақтап,
Қор қылады, қулығын ішке сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап-деп бүгінгі сайыскерлерге сәттілік тілейміз.

І. Алғашқы үштік:

  1. 1-сынып оқушысы___________________________________________
  2. 2 а-сынып  оқушысы_________________________________________
  3. 2б-сынып  оқушысы__________________________________________

Сұрағы:   Математика пәні ғалымдардың патшасы.Математика – грек сөзі.  Грек тілінен аударғанда «математика»  сөзі қандай мағынаны білдіреді?

ғ ы л ы м

 

Мектепте бәріміз білім аламыз,

Жан-жақты дамып жетіледі санамыз.

Біз секілді дарындылар  меңгерген,

Болашақта ғалым,академик боламыз…

ІІ. Екінші  үштік:

  1. 3-сынып оқушысы_________________________________________
  2. 3-сынып  оқушысы_________________________________________
  3. 3-сынып  оқушысы_________________________________________

Сұрағы: Қазақстан Республикасындағы қорықтарға байланысты.Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін Республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, Республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ Республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қорықтардың басты мақсаты – табиғи тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін  сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді.Олар: Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы    , Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы , Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы,  Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы,  Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы , Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы, соңғы қосылған Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы.Ал,енді сұрақ мен қай қорықты атамай  кеттім.

Ү с т і р т

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп

ІІІ.Үшінші  үштік:

  1. 4-сынып оқушысы___________________________________________
  2. 4-сынып  оқушысы_________________________________________
  3. 4-сынып  оқушысы__________________________________________

Сұрағы: Миллион деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы.

А л т ы н с а р и н

 

ІV. Бәйге.

Сұрағы: Аспан денелеріне байланысты.Жұлдызды аспанға қарап,ғарыштың ұшы –қиыры жоқ сырына үңілген сайын,ол жұмбақ бола түседі. Жұлдыздар  айналаға жылу мен сәуле шашып тұратын аспан денелері. Олар жерден өте алыс орналасқандықтан ,бізге жылтыраған кішкене ноқат болып көрінеді. Күнді 9 ірі ғаламшар (планета )айналып жүреді.

Олар: Меркурий,Шолпан,Жер,Марс, Сатурн,Уран,Нептун,Плутон. Жасырылып отырған ғаламшар ең үлкен ғаламшар болып табылады. Жердің диаметрінен 11 есе үлкен.Бұл қай ғаламшар?

Ю п и т е р

  

V.Озық ойлы оқушы»

Сұрағы:Әлемнің  кереметтері деп көне замандардан бері даңқы әлемге жайылған әйгілі ғимарттар мен

сәулет ескерткіштерін айтады.Әлемге танымал жеті керемет бар.  Олар: Фаростық мұнара шам,Галикарнас

кесенесі,Зевс мүсіні,Родос алыбы,Аспалы бақ,Эфестегі Артемида.  Сұрақта жасырылып отырған керемет

ежелгі  перғауындардың өзіндік үлгідегі мазарлары. Ішінде әр бөлмеге апаратын жол жасалған. Бұл

бөлмелерде мүсіндер,дән салынған құты,қарулар бар.Бұл кереметтердің бәрі адамдардың

қолынан шыққан деседі.Олардың ақыл- ой қуаты мен қол шеберлігінен туған ғажап туындылар күні бүгінге дейін жеткен. Ал,енді сұрақ мен қай кереметтің атын атамай кеттім?

5 әріпті атауға мүмкіндік беріледі.

П и р а м и д а

VІ.Қорытындылау                              

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше