Қожа Ахмет Йассауй атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Профессор, Курбанхаджаев Сансызбай Нызанұлы
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ( 1397-1487) “Шипагерлік баян” атты ғылымнамалық ұлы еңбек жазып, ХҮ ғасырдың өзінде қазақтың жазу мәдениеті мен әдеби тілінің әр-түрлі ғылымдарының болғандығын кейінгі ұрпаққа айқын көрсетіп қалдырды. “Біздің ғылымымыздың “Шипагерлік баяны” әрі ұлы медициналық еңбек, әрі ғылымнама, тек шипагерлік жағынан емес, ол халқымыздың тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, астрономия, этнография, география, этика, мораль, тағы басқа жақтарынан да қыруар білім, мәліметтерді береді… Басқа ғылыми мәліметтер осы шипагерлік баян негізінде, кейбірі мысал, кейбірі факт, кейбірі жаратылыстық орта, тарих, аңыз, салт-сана ретінде медициналық ғылыми сипаттамалармен тығыз байланысып келеді” (Әзімхан Тышанұлы, ғалым).
Ғылыми еңбектің толық нұсқасын көшіріп алу: Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегіндегі этнопедагогикалық, этнопсихолгиялық ойлары