Информатика:Архивтік файл

Тақырыбы:  Архивтік файл

Мақсаты: Білімділік: Сабақта оқушыларды архивтік файл және  WinRAR   архивтік программасын пайдалану жолдарымен пайдалану

Дамытушылық:алған білімін жаттығулар арқылы дамыту

Тәрбиелік:Іздемпаздылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ түсіндіру

Пән аралық байланыс : программалау негіздері

Көрнекті құралдар: буклет, компьтер,оқулықтар

    Сабақтын барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Өткен сабақты қайталау.

     1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі

     2. Архивтер дегеніміз не?

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

    1. Архивтік файл

     2. WinRAR   архивтік программасын пайдалану

     3. . WinRAR-дің мүмкіндіктері

     Архивтік  файл-қысылған күйінде бір файлға енгізілген , қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдық жиынтығы.  Оның мазмұны  және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады.Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынандай информациялар сақталады:

  • файлдың аты;
  • файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
  • файлдың соңғы рет өзгертілген мерзімі;
  • Архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау коды.

WinRAR-алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows-тың RAR архиваторының 32-разрядты нұсқасы.

Windows-қа арналған RAR-дың екі нұсқасы бар :

  • WinRAR.ехе –графикалық интерфейсті қолдану нұсқасы;
  • Rar.exe- мәтіндік режимде қатарлар арқылы командаларды пайдалану тәсіліне арналған нұсқасы

WinRAR-дың мүмкіндіктері:

  • RAR және ZIP архиваторларын сүйемелдеу жұмыстарын атқару;
  • мәліметтерді қысудың өте тиімді алгоритмін пайдалану;
  • арнайы мультимедиалық – қысу алгоритмін қолдану;
  • алып бару – және-қойып кету (drag   &    drop)

технологиясының қоршауын пайдалану;

  • басқа форматттағы (CAB, ARJ, LZH, GZ, ACE, UUE)

архивтерді басқару;

  • бірнеше ұқсас файлдарды қысуда қарапайым әдістерге

қарағанда қысу деңгейі 10-50 % көбейетін үзіліссіз архивтерді сүйемелдеу;

  • бірнеше томдық архивтерді жасау;
  • стандартты және қосымша функциялар SFX модульдер көмегімен өздігінен қысылатын қарапайым және бірнеше томды архивтер жасау;
  • физикалық түрде бүлінген архивтерді қалпына келтіру;
  • басқа да қосымша функциялар , мысалы,

шифрлау, архивтік түсініктемелер қосу (ANSI жүйесінің ESK-тізбегін сүймелдеу), қателер хаттамасын жүргізу және т.б.

       WinRAR-ды екі түрде қолдануымызға болады: Windows стандартты интерфейстің графикалық қоршауы режимінде және командалар қатарында.

 4. Жаңа сабақты пысықтау

     1. . Архивтік файл деген не?

     2. Архивтеу программаларының атқаратын қызтеті

     3.  WinRAR   архивтарын қолдану ерекшеліктері

5. Оқушыларды бағалау

6. Үйге тапсырма.171-173 бет

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше