Септіктер
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Кабетова Гүлмира Беристемқызы
Сабақтың тақырыбы: Септіктер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
2.Дамытушылық:Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту,байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, еңбекшілдікке, ана тілін қадірлеуге,септік жалғауларды бір –бірімен ажыратуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Топтық жұмыс
Әдіс –тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап,жаттығілар,тапсырмалар.
Көрнекілігі: Интерактив тақта,шарлар,бағалау парақшалары.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақстан Республикасындағы ,Ақтөбе облысының ,Шалқар ауданындағы ,Бершүгір орта мектебінің 4-сынып оқушыларына көрші мемлекеттің оқушыларынан сәлем хат.
(Балаларға хатты ашып оқып беру)
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.
-Өтіп кеткен септіктерді сұрағымен,жалғауымен атау,мысал келтіріп еске түсіру.
|
№ |
Септік |
Сұрақтары |
Жалғаулары |
Мысал |
| 1 | Атау | Кім? Не? | – | Ата |
| 2 | Ілік | Кімнің? Ненің? | – ның,-нің,-дың,-дің,-тің,-тың | Атаның |
| 3 | Барыс | Кімге?Неге?Қайда? | -ға,-ге,-қа,-ке | Атаға |
| 4 | Табыс | Кімді? Нені? | -ды,-ді,-ты,-ті,-ны,-ні | Атаны |
| 5 | Жатыс | Кімде? Неде? Қайда? | -да,-де,-та,-те | Атада |
| 6 | Шығыс | Кімнен? Неден? Қайдан? | -нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен | Атадан |
| 7 | Көмектес | Кіммен? Немен? | -мен,-бен,-пен | Атамен |
Қаңтардың жиырма сегізі
Класс жұмысы
Септіктер
- Септіктер әлеміне саяхат,таудың ең шыңына шығамыз.
М:Оқушылар,әр тапсырманы орындау арқылы таудың ең шыңына жетуіміз керек.
І.Атау септік.
ІІ Ілік септік
1 топ
……… ……… табысты
……… ……… шабысты
……… ……… жарысты
……… ……… қатысты
2 топ
……… ……… қызықтаймыз
……… ……… қорықпаймыз
……… ……… жетеміз
……… ……… кетеміз
ІІІ.Барыс септік
«Ерте-ерте ертеде,ешкі жүні бөртеде,зат есім жерінде,Септік деген дәулетті,бай шал болыпты.Шалдың қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсірген жеті ұлы болыпты.Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты.Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де жетіпті.
Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп,тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы қайтыс болыпты,сонда шал
тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» – деп егіледі. Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»- деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлынан айырылғанда « нені айтып, кімді ғана қарғайын?» – деп көзі жасқа толып, ағашқа төртінші ішекті қадайды. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып , « неде, кімде екен себебі?» -деп жылайды. Зұлым аштықтың бір ұшы Шығыс атты ұлына
жеткенде, «неден қайтыс болдың,кімнен сені сұраймын?» – деп ағашқа алтыншы ішекті таққан екен. Жетінші ұлы Көмектесі қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» -деп жеті ұлын жоқтап ұзақ жоқтау айтқан екен. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген» аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқалы шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
IV.Табыс септік І топ
1.Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
- Көрмес түйені де көрмес.
-
Өзің ойдан табыс септігіне сөйлем құра
-
Кітапты түсініп оқитындар да бар,
Тиіп –қашып оқитындар да бар.
ІІ топ
1.Кенжебек артынан барып қараса күшіктер әлгі нанды таласып жеп жатыр.
- Айгүлді, Асқарды бүгін кездестіре алмадым.
Алыстан әкеп хабарды,
Қуантар барлық адамды
4.Жақсы өз басынан көреді.
Жаман жолдасынан көреді.
V.жатыс септік
Берілген сөздерді тірек сызбалар арқылы сәйкестендіру керек.
VI.шығыс септік
М:Берілген сөздерді сәйкесінше әр септіктің тұсына «+» белгісын қой.
|
А.с |
І.с |
Б.с |
Т.с |
Ж.с |
Ш.с |
К.с |
|
|
Мектепке |
|||||||
|
Сәбидің |
|||||||
|
Астанаға |
|||||||
|
Орманды |
|||||||
|
Талғатпен |
|||||||
|
Әжеге |
|||||||
|
Күн |
|||||||
|
Қорапта |
|||||||
|
Борды |
|||||||
|
Көше |
|||||||
|
Ауылға |
VII. Көмектес септік. Тест
- « Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап
А) А.с. С) Б.с.
В) І.с. Д) Ж.с.
2. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле
А) Оқушы С) Оқушының
В) Оқушыға Д) Оқушыда
3. Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) –ны,-ні,-қы,-кі,-ғы,-кі. С) -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті
В) –ны,-ні,-шы,-ші,-ды,-ді Д) -нан,-нен,-тан,-тен,-дан,-ден
4.Барыс септігінің сұрағын белгіле
А) кімге? неге?қайда? С) кімге? кімді?нені?
В)кімдерге? Кімді?нені? Д) кіммен? немен?
5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле
А) көктемде С) мектеппен
В) далаға Д) ауылдан
- Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз
А) Сабаққа С)Сабақты
В) Сабақтан Д) Сабақпен
7. Көмектес септігінің сұрақтарын ата
А) кімде?неде? С) кімнен? неден?
В) кімге? неге? Д) кіммен? немен?
Қортындылау.
Барлығыңа үлгі болар,қарақтар,
Байсалды да,ақылды да Марат бар.
Жеке басым ең алдымен Мараттың
Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.
Сенбейсің бе,күнделікті парақта:
Талай “бестік” қойылыпты Маратқа
Батыл емес дей алмайсың Маратты,
Сол үйретті ауылдағы бар атты.
Алғыссыз күн болған емес Маратта
Жетеді онда,ынта,жігер,талап та.
Қай өнерде табылады Мараттан,
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.
Міне,сондай жақсы бала Маратпен,
Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең.
Бағалау
М: Біздер бүгін баламыз.
Өсіп алға барамыз.
2030 шы жылдары
Бізде азамат боламыз.
