Филология

Есімше

Астана қаласы №24 орта мектебі
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі-Тиынтай Айгуль

Күні:
Сабақтың тақырыбы: Eсімше
Сабақтың мақсаты:
1. Есімшенің есімдерше түрленіп есім қызметін атқаратындығын және жіктеліп келіп етістік қызметін атқаратындығын түсіндіру.
2. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, ой – өрісін, сезім, қиялын, түсінігін дамыту.
3. Оқушыларға өз – өзіне сын көзбен қарауға үйрету. Елін сүюге, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, қайталау т.б.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
249-жаттығу, етіс түрлері. (Оқушылардың дәптерлерінен үй тапсырмасын
тексеріп шығу, орындамаған оқушыларды белгілеп алу).
Өтілген тақырыптарға байланысты берілетін сұрақтар:
1. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?
2. Сабақты етістік деген не?
3. Болымсыз етістік қалай жасалады?
4. Өзгелік етіс деген не?
5. Ырықсыз етіс деген не?

Жаңа сабақты талдау барысы

(Оқушылар дәптерлеріне күнді, тақырыпты жазады. Оқушылар тақтада жазылған мысалдарды талдайды).

Көрген көзде жазық жоқ.
Айтарың болса айтып қал.

Еменнің иілгені — сынғаны, ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.

Талдау:
Қандай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып тұр, сын есім.
Нең? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болып тұр, зат есім.
Не істегені? сынғаны, өлгені – етістік.

Есімше – етістіктің ерекше түрі, екі түрлі қызметте қолданылады, екі түрлі мәнде жұмсалады.

Бастауыш я анықтауыш қызметін атқарып тұрған есімшелер есім сөздерше түрленеді(септеледі, тәуелденеді, көптеледі).
Енді бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс-әрекетті белгілі бір шаққа қатысты білдіреді де, баяндауыш қызметін атқарады.

Есімшенің жасалуы мен түрлері
Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалатындығын талдата отырып анықтау.

(Оқушылар тақтада жазылған сөйлемдердегі асты сызылған сөздерді талдай отырып, есімшенің жұрнақтарын анықтайды).

  1. Таң сарғайып атқанда,
    Шолпан жұлдыз батқанда…
    Қобыландыны көрген соң,
    Жанына жақын келген соң…
    («Қобыланды батыр» жыры)
    -ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады.
  2. Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
    Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
    Көкте бұлт, жерде – желмін гулеген.
    Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
    (Мағжан Жұмабаев «Мен кім?»)

Сиыр сипағанды білмес.

-ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін –с жұрнақтары қосылу арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады.

  1. Мақсатым — тіл ұстартып, өнер шақпақ.
    Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.

-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады.

    • Мен емес ұят деп өлетін, —
      Деді сол, айтысты тұжырып.
      Қарт та жоқ оп-оңай көнетін,
      Жыққандай сөзі оны жүз ұрып.

-атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы ауыспалы өткен шақ есімше жасалады.

Жаттығу орындату
250-жаттығу.
Мәтіннен есімшелерді тауып, құрамына қарай талдаймыз.
Келер, болжалды келер шақ, І жақ тұлғасында тұр, -ер жұрнағы арқылы жасалған.

Қонған, өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, -ған жұрнағы арқылы жасалған.
Тараған, өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, -ған жұрнағы арқылы жасалған.
Жиылған,өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, -ған жұрнағы арқылы жасалған.
Пісіліп жататын, ауыспалы өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, -атын жұрнағы арқылы жасалған.
Өткен, өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, -ған жұрнағы арқылы жасалған.
Арнаған, өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, -ған жұрнағы арқылы жасалған.
Емген, өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, -ған жұрнағы арқылы жасалған.
Болатын, ауыспалы өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, -атын жұрнағы арқылы жасалған.

Деңгейлік тапсырмалар орындату

І деңгей:
Берілген сөйлемнен есімшелерді тауып, лексика-грамматикалық талдау жасау.
Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргенінен емес.

ІІдеңгей:

Сурет бойынша есімшелерді қатыстырып мәтін құру.

ІІІ деңгей:

251-жаттығу.

Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғандығын және олардың мағынасын түсіндіріңдер.

Есімше – болар: түбірі – бол, -ар – есімшенің жұрнағы, болжалды келер шақты білдіреді.
Есімше – түсінбейтін, түбірі – түсін, -ген – есімшенің жұрнағы, өткен шақ, — ге барыс септігінің жалғауы.
Мал қимайтын, түбірі – қи, -ма болымсыз етістіктің жұрнағы, -йтын ауыспалы өткен шақ есімшенің жұрнағы.
Айтқаның, түбірі-айт, -қан өткен шақ есімшенің жұрнағы, -ың тәуелдік жалғауының ІІ жағы.
Айтпаған, түбірі айт, -па болымсыз етістіктің жұрнағы, -ған өткен шақ есімшенің жұрнағы.
Қалағандарың , түбірі – қал, — а көсемшенің жұрнағы, -ған өткен шақ есімшенің жұрнағы, — дар көптік жалғау, -ың тәуелдік жалғауының ІІ жағы.

Бекіту:Берілген тапсырмаларды орындай отырып, есімшеге ауызша қайталау жасау.

І деңгей:

Төмендегі ұйқас түрлерін қатыстыра отырып, өлең құрастыру. Есімшелерді құрамына қарай талдау.

…. …. …….. тойлаған,
….. …. ……..ойнаған.
…… …. …. туған елім,
. …. . ……..жайнаған.

ІІ деңгей:

Сөзжұмбақ шешу. Есімшенің жұрнақтарын атау.

1
К
І
1 Ш Ы Ғ А Р А Д Ы
Е
2
2 К Е Л Е Р Т
Г А
3 К Е С П Е К
Қ
А
Н
Д
А
Й

Көлденеңінен:
1. Айды аспанға бір шығарады.
2. Күлме досқа, келер басқа.
3. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
Тігінен:
1. Ұяттан кірерге тесік таппады.
2. Жер түбінен жеті қоян тапқандай.

ІІІ деңгей:

Өлең жолдарындағы есімшенің жұрнақтарын табыңдар.

Кейбіреу мақтан үшін шашқан бәрін,
Таң-тамаша қылмақ боп жолдастарын.
Елге қайтар болғанда есін жиып,
Сонда білмей сандалды не қыларын.

Қорытынды.
Етістік сөздерді атай отырып, оқушылармен ойын ұйымдастыру.
Үнтаспадан сөздер оқылады. Оқушылар аталған сөз есімшеге жатса қағаздың қызыл түсін, жатпаса жасыл түсін көрсетеді.

Үй тапсырмасы: 126-127 бет ереже жаттау;
250, 251, 252-жаттығу (128 бет);
Қосымша тапсырма: І деңгей 1 мақал жазу, есімшеге лексика-грамматикалық талдау жасау.

Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділіктері бойынша.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.