Без рубрики

«Бақыт қаласына саяхат»

Ақтөбе қаласы. № 15  «Жидек» МДҰ психологиялық
педагогикалық түзеукабинетінің әдіскері
Спанова Гульнар Ердаулетовна.

«Әлеумет», «Денсаулық» білім беру салалары бойынша ашық сабақ конспекті

Тақырыбы:   «Бақыт қаласына саяхат»

Мақсаты: Балалардың Біріккен ұлттар ұйымының Конвенциясы, ондағы баланың негізгі құқықтары туралы білімдерін бекіту.

                                           Сабақ барысы:  Ұйымдастыру сәті:

Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған
Мынау менің басым ақылды,
Бәрін осы атқарған

Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

Тәрбиеші: Балалар, мен Сіздерді бүгін «Бақыт» қаласына саяхатқа шақырамын. «Бақыт» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары.

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар. «Бақыт» қаласына жету үшін алдымен мына көшелерден өту керек екен.

1.»Әдемі есімдер» көшесі.

Тәрбиеші балаларға глобусты көрсетеді.

Балалар, бұл не? Глобус бізге неге керек?

Глобус – бұл біздің жер шарымыздың кішірейтілген үлгісі. Біздің жер осындай, бірақ мыңдаған  есе үлкен, онда көптеген елдер, халықтар бар.

(Интерактивті тақтадан суретін қарайды). Міне, жер шарын мекендейтін түрлі ұлтты адамдар бар, олар бір-біріне ұқсамаған. (слайдтардан басқа ұлт өкілдерінің балаларын көрсетеді). Бұл балалардың да, сендердің де әрқайсысының есімі бар.

Бала дүниеге келген соң,  оның ата-анасы есімін қояды.  Әр балаға мынадай куәлік беріледі. Кәне, балалар, өз есімдеріңді  атаңдаршы.

Балалар есімдерін айтады.

 

Ойын: «Еркелетіп ата»

Тәрбиеші:  балалар,  есімдерің қандай әдемі екен. (Балаларға БҰҰ бала құқығы туралы Конвенция» кітабының суретін көрсетіп), мына кітапта барлық балалардың құқықтары туралы жазылған,  оның аты Конвенция. Кәне, қайталайық. Бала  есім алуға, сол елдің азаматтығын алуға құқы бар.

(Эмблеманы іледі).

2. «Денсаулық көшесі»

Денсаулық көшесінде кім тұрады екен? (тақтада дәрігер Айболиттің суреті)

Балалар,  Дәрігер Айболит бідермен ойын ойнағысы келіп тұр.

Ойын: «Денсаулыққа пайдалы, пайдасыз затты тап»

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар. Біз ауырып қалсақ кім көмектеседі?

Балалар: дәрігер.

Дұрыс айтасыңдар, барлық балалар тегін медициналық көмек алуға құқылы (эмблемасын іледі).

3. «Қорғаныс көшесі».

(Буратино ертегісінің кейіпкерлерін көрсетіледі). Таныдыңдар ма, бұл кімдер?

Балалардың жауаптары.

Буратино, Мальвина және басқалары кімнен , неге қашып кетті?

Тәрб: оларды қожайыны Карабас-Барабас ұрып, ренжітіп, жұмыс жасатып қояды екен. Біреуді ренжітуге, оған ұрысып, ұруға болады ма, балалар?

Балалардың жауаптары.

Тәрб: Иә, ешкімнің де сендерді ренжітуге, қолкөтеруге құқығы жоқ.

(Эмблемасы ілінеді).

4.»Білім көшесі»

Бұл көшенің тұрғындары оқиды, сурет салады, ертегі, тақпақ үйренеді екен. Ал сіздер балалар, бақшада не үйрендіңдер?  Бақшадан кейін қайда оқисыңдар?

Балалардың жауаптары.

Әр бала білім алуға құқылы. (эмблема ілінеді).

«Дымбілмес» келеді. Дымбілмес те осында келіп үйреніп жүр, ол сендерге мынадай қызықты тапсырмалар дайындап қойпты.

 

Дидактикалық ойын: «Қимылды қайтала».

 

Тәрбиеші: Балалар, дөңгеленіп отырайық, біздің саяхат аяқталуға жақын.

«Бақыт қаласына» жетіп те қалдық,  (тақтадан анимация суреті көрсетіледі).

Балалар,  бұл қалада тұратын тұрғындар жақсы түстер көреді, түсінде көгілдір ашық аспан, мөлдір өзен, қалың орман, әдемі гүлдерді көреді.

Балалар сізддер қалай ойлайсыңдар, олар неліктен жақсы түстер көреді?

 

Балалардың жауаптары.

Олардың құқықтарын ешкім бұзбайды, сондықтан олар бақытты өмір сүреді. Тәрбиеші: Сіздерге саяхат ұнады ма?

Бақыт қаласының тұрғындары сіздерге мынадай күліп тұрған  мейірімді күндерді сыйлайды, оларды қиып алайық. Себебі әр адамның жүрегінде күн болады, ол мейірім, осы кішкентай мейірім шуақтарын жақсы көретін жақындарыңа сыйлаңдар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.