Мектепке дейінгі ұйымда инновациялық іс-әрекетті психологиялық-педагогикалық ертіп жүру
Ақтөбе қаласы. № 15 «Жидек» МДҰ психологиялық
педагогикалық түзеукабинетінің әдіскері
Спанова Гульнар Ердаулетовна.
Мектепке дейінгі ұйымда инновациялық іс-әрекетті психологиялық-педагогикалық ертіп жүру
МДҰ -ның инновациялық іс-әрекет ету жағдайындағы педагог-психолог жұмысының негізгі мақсаты – тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, оның жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына ықпал ету. Баланың психологиялық денсаулығы саналылық, бостандық сезімі, өзімен үйлесімділікте өмір сүру, «Мен істей аламын» -әрекет етуге бейімділігі, әлеуметтік қызығушылық, тұрақтылық жағдайы, оптимистік көзқарас.
Жоғарыда аталған сапалардан МДҰ инновациялық жұмыс жағдайындағы психологиялық салауатты бала тұлғасының мінездемесі айқындалады:
өзін саналы түрде сезіну, өз эмоционалдық жағдайларын анықтау, жақсы дамыған рефлексия, өзін өзі қабылдау, өз мүмкіндіктерін сезіну, басқа адамдарды қабылдау іскерліктері.
Қазіргі кезде мектепке дейінгі ұйымдарда көптеген инновациялық технологиялар, бағыттар қолданылады. Барлық инновациялар психологиялық ертіп жүруді талап етеді.
№ 15 «Жидек» МДҰ «Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытуға бағытталған ақпараттық білім беру ортасының архитектурасы» тақырыбындағы облыстық эксперимент бойынша екінші жыл жұмыс жасауда. Сонымен қатар «Шығармашылық шеберхана» төңірегінде педагогтардың шығармашылық тобы жұмысын жалғастыруда. МДҰ биылғы оқу жылында «Жобалау іс-әрекетін оқу-тәрбие процесіне енгізу» бағытын жылдық міндеттерінің бірі етіп таңдады.
Біздің ұжымның педагогтары барлық жаңашылдықтарға зеректігімен ерекшеленеді. Жалпы білім беру практикасының дамуы мекеменің барлық педагогтарының инновациялық шығармашылық әлеуетінің айқындалуына ықпал етіп келеді. Бұл жағдайдағы педагогтардың кәсіби құзыреттілігі ерекше маңызды, яғни оның негізінде педагогтардың жеке тұлғалық және кәсіби дамуы тұр. Сондықтан МДҰ- ның педагог-психологының негізгі міндеттерінің бірі – инновациялық үрдістерді жүзеге асыру барысында педагогтардың жеке тұлғалық, кәсіби қасиеттерін анықтау: педагогикалық іс-әрекетінің мотивін; балалар мен ата-аналардың педагогқа деген қатынасы; моральдік ережелер; қарым-қатынас жасай білу және кәсіби құзыреттілік.
Мысалы жеке тұлға ретінде педагогикалық іс-әрекет мотивін анықтау – педагогикалық іс-әрекетке деген өмірлік қалауын көрсетті. Жұмысты ұйымдастырудағы басымдылықтар ретінде (62%) анықталғаны: педагогикалық іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін қолдану және жаңашылдықты іздену. Балалар мен ата-аналардың педагогқа деген қарым-қатынасындағы бірінші орында: сүйіспеншілік пен құрмет екені анықталды. Эксперименталдық жұмыстың бірінші кезеңінде педагогтардың өз біліктілік деңгейін дамытуға қабілеттілігі 82%, инновациялық тәртіпте жұмыс жасауға қабілеттілігі 76% көрсетті.
Педагогикалық ұжыммен немесе жауапты эксперименталдық топпен тығыз байланыстағы жұмыс (педагог-психолог – білім беру ортасын түрлендірудің авторларының бірі).
Бірдей мақсатты ұстанымдар, жұмыстың бірдей бағдарламасын құрастыра отырып, тәрбиеші мен педагог-психологтың бірлескен іс-әрекетінде серіктес болады. Олар бірігіп психологиялық-педагогикалық қолдаудың неғұрлым тиімді бағдарламасын құрып, баланың жеке қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерін ескере отырып дидактикалық материалды таңдап, іріктейді.
Балабақшадағы қандай да бір инновациялық іс-әрекет педагогикалық қауіп төндіруі мүмкін аумағы болып табылады. Сондықтан МДҰ педагог-психологтары келесі міндеттерді шешуі тиіс:
• Балалардың психикалық дамуының диагностикасы және түзету жұмысы;
• Енгізіліп отырған жобалар мен ортаның психологиялық сарапталуы;
• Тәрбиеленушілер, педагогтар және ата-аналардың арасында психологиялық ағарту жұмысын жүргізу.
МДҰ-ның инновациялық-эксперименталдық іс-әрекетіне педагог-психологтың қатысуы мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1 кезең – инновациялық идеясын ұсыну және талқылау (бұл кезеңде әдетте педагог-психологтың арнайы міндеттері жоқ).
2 кезең –МДҰ ресурстарын бағалау қажет. Мұндағы педагог-психологтың міндеті – тәрбиеленушілердің жас шамалық, психологиялық тұрғыдан мүмкіншіліктерін, педагогикалық ұжымдағы психологиялық ахуалды, ата-аналардың мүдделерін және т.б, талдау.
3 кезең – эксперименттің концепциясын құруға қатысу. Оның мазмұнын анықтайтын психологиялық-педагогикалық негіздер бойынша рефлексия.
4 кезең – экспериментті жүзеге асыру. Педагог-психолог экспериментке қатысушыларға мақсаттарына жетуде қолдау көрсетеді, балалардың психикалық дамуына инновациялардың әсер ету тұрғысынан, яғни эксперименттің ағымдағы нәтижелеріне баға береді.
5 кезең – эксперимент барысында құрылған үлгілерді инновациялық жүйелерге трансляциялау. Трансляцияның тиімді формаларын қамтамасыз ету үшін педагог-психологтың көмегі қажет.
6 кезең – Эксперименталдық жұмыстың нәтижелеріне сәйкес МДҰның міндет-мақсаттарын түзету (өзгертілуі мүмкін).
МДҰ-дағы инновациялық іс-әрекетті ертіп жүрудің негізгі міндеті – баланың тәрбиеленіп жатқан мектепке дейінгі мекемесінің жағдайында өзінің әлеуеттік қабілеттеріне сәйкес білім алуға құқығын қорғау, толыққанды дамуы және жетіліп келе жатқан әлеуметтік жетік тұлғаның қалыптасуы үшін психологиялық-педагогикалық жағдайларын құру болып табылады. Танымдық, мотивациялық, эмоционалдық-еріктік іс-әрекеттерінен тұратын психикалық денсаулық құрамдастарының арасында психопрофилактикалық жұмыс және жеке тұлғалық дамудың жайсыз амалдарын түзету, әр баланың отбасын зерттеуді қамтиды.
МДҰ жұмысында маңызды өзгерістерді туындататын инновациялардың түрлерін енгізу нақты мақсат-міндеттерді орындау кезінде мемлекеттік білім беру стандартының критерийлеріне және баланың құқығын қорғау Конвенциясы негізінде жүзеге асырылады.
№ 15 «Жидек» МДҰ-ның балалары – өз қажеттіліктері, қабілеттері және мүмкіндіктеріне сәйкес жеке дамуына, педагогтары – өз кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндіктері бар. МДҰ басшысы – балалар мен педагогтардың іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс тәртібінде жұмыс жасап келеді.
Педагог-психологтардың инновациялық жұмысқа қатысуы МДҰ-ның психологиялық қызметінің дамуына септігін тигізеді. Нәтижесі ретінде – педагог-психологтар әрдайым өз іс-әрекетінің моделін құру немесе жетілдіру қажеттілігінің алдында тұрады.
Қолданылған әдебиет:
1. «Инновационная деятельность в ДОУ» әдістемелік құралы. К.Ю.Белая. М. 2005ж.
2. «Справочник педагога психолога. Детский сад» журналы № 1, 2011ж.
