Без рубрики

Редактор бағаны

Құрметті оқырман! Республикалық газеттің және сайт жұмысының Ұстаздардың көмегімен, сұранысымен,  ұжымдасуымен шығатыны белгілі. Газетіміздің әрбір нөмірінің жасалуы барысында осы себепті негізге ала отырып, басты ұстаным ретінде газеттің тек қана сабақтар жинағы емес, өзара тәжірибе алмасу құралы болуын және ұстаздардың, ата-аналардың, оқушылардың да мүддесін ескерер басылымға айналуын басты назарда ұстадық.

Газетіміздің өзге газеттерден айырмашылығы, жаңалықтар мен жетістіктерді жариялауымен қатар, газет арқылы Интернет әлемінде жарияланған Ұстаздардың мол тәжірибесіне жалғастырушы көпір болатыны. Сондықтан, газетте сабақтардың негізгі мазмұны жарияланады және сабақтың толық нұсқасына бағдар беретін сайттағы мекенінің сілтемесі көрсетіледі. Бұл жаңа әдістің  тәжірибе алмасу барысында методикалық құрал ретінде зор пайдасы болады деп есептейміз.

Газеттің өзге бөлімдерінде тақырыптық мақалалар мен тәрбиелік жұмыстар жарияланды. Сонымен қатар оқушылар шығармашылығы, ғылыми еңбектері, мектеп жаңалықтары да өз орнын тапты. Алдағы нөмірлерде облыс, қала, аудан білім бөлімдері мен оқу орындарының жетістіктері туралы кеңінен хабарламалар беріледі. Сұранысқа ие болып отырған «Жеке сайт жобасы» іске қосылады деп сеніммен айта аламыз.

Газет қызметі және Интернет сайтқа сабақтардың жариялануы, сертификат,  газетке жазылу, газеттің оң беделін қалыптастыру жұмыстары «БАҚ өкілі-Тілшілер» арқылы ұйымдастырылуда. Қоғамдық негізде газет, сайт жұмысына көмек көрсетіп отырған белсенді ұстаздарымыздың еңбегіне алғыс білдіреміз.

Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев,
Республикалық «45minut.kz» газеті
және сайтының редакторы

Редактор бағаны: 3 комментария

  1. Шығармашылық табыстар тілеймін!

  2. Сәлеметсіздерме!Мен сіздердің сайтқа кіргеніме қуаныштымын.Тілші болғым келеді.Хат жаздым жауап күтем.Жауап күтем!!!

  3. Сәлеметсіздерме?
    Сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!Жемістеріңіз мол болсын!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.