1-қазан – Қарттар мерекесіне арналған оқушылар шығармашылығына арналған «Дария кеуде тау мүсін ,қарттарым аман саумысың?» атты кеш сценарийі

Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Жаңақұрылыс елді мекені,  №74 орта мектеп мұғалімі
Шамұратова Рысжан

Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау,өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Қызық қайда,күн қайда мол шуақты
Өткен жылдар қояды зор сұрақты
Таяғына сүйеніп жүреді шал
Алған сыйы өмірден сол сияқты.

Үлкен сыйлау жасымнан әдет маған
Сәлем берем қарт ата,анаға кеп
Сәлем берем осынау қарияға
Көрмей кетсем өкпелеп қала ма деп

Бұл өмірде жүргендей тұз арқалап
Ашылмайды өмірде мұзарт қабақ
Менің жігіт шағыма қызыққандай
Тұрады ол соңыма ұзақ қарап

Желдей зулап таяқты кететіндей
Соңыма мен бұрылмай тарта берем
Мені қуып бұл қарттық жететіндей.

Жастық шағына қызыға да қызғана да қараған қария шекпенін асықпай шешіп, бір бұрышқа қояды. Онан соң мойынының түймесін ағытып, мойынына ілген бойтұмарын алды. Барқыттан тігілген кәдімгі үшбұрыш  бойтұмар. Қарт тұмарды ерніне жақындатып, тәу етті. Содан кейін бәкісін алып тұмарды сөкті де төңкеріп сілікті. Тұмардың ішінен бір уыс қиыршық топырақ құм түсті жерге түсті. Бұл осыдын бірнеше жыл бұрын туған жерінен түйіп алған топырақ болатын. Осындай әрқилы ойлардың құшағында отырған қарияның ойын немересі бұзды.

 Немересі:Ата,туған жеріңізді неліктен сағынасыз?

Атасы:    Балам туған жердің топырағы,суы мен ауасы ,түтіні де   қымбат. Өйткені сол жерде дүниеге келіп, өсіп-өндім. Ол менің ата-бабамның жері, олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап,көркейіп үрпағына аманатқа тастап кеткен. Сондықтан мен олардың үмітін ақтауым керек.

Немересі: Ата, осыншама жасқа келсеңізде туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет менің бойыма ана сүтімен,бесік жырымен сіңген. Менің бойымдағы туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі өздеріңе дарып жатса үмітімнің ақталғаны деп білем. Туған жерді сүю өз ата-әжеңді, бауырларыңды, әке-шешеңді туыстарыңды тыңдап құрметтеуден басталады,балам. Үлкенді сыйласаң қор брлмайсың деген. Ақылды бол, балам, ақылды бол.

Х ош келіпсіз ақ жаулықты аналар
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауһазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Армысың ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мерекешашулары.

 

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар!  Кеш қонақтары! Ақ жаулықты аналар!

Кеш жарық! Шынайы да ізгі сезімдерді,,білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар,ұстаздар мерекесің тоғысқан күнімен құттықтаймыз!

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған
Зейнет емес бейнеттен арылмаған
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын,өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше,олай болса әр халықтың бойынды ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын,тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.Біздің  халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау,оның сөзіне құлақ асу.Қазақ қарты  жасына лайық ауызы дуалы ,сөзі берекелі,ісі тыңғылықты  ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1-қазан қарттар күнімен құттықтай отырып, «Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың?»атты оқушылар шығармашылығына арналған кешімізге хош келдіңіздер!

Дүниеге келер бір рет,
Құрыштан құйған құдірет
Балалар,  ол кім?   Әрине, қарттарымыз.

Олай болса бүгінгі кеш беташарын 7-сынып оқушысы Г.Нұрлыбаеваның орындауындағы  «Құтты болсын тойларың» әнімен ашамыз.

Ән:  Құтты болсын тойларың.  Көркем сөз : « Қарияға сәлем». Жаңабекова А

Шығармашылық: Қарттарды қадірлейік ағайын! С.Әлтаева.

Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайсың қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір ағат.

Қарттар мерекесіне арналған 9-сынып оқушыларының тартуын қабыл алыңыздар.

Көркем сөз: « Қарттық туралы»  Төребаева Ә.  Қөрініс: Атаның өсиеті

Ән:  Қуанышым қазынам    Жетебаева Ж

Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы,ата жолын қусайшы»деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының,  қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

Көркем сөз:  М.Мақатаев «Қарттарым аман сау жүрші.»А.Сайлаубаева.

Ән: Ана   Г.Нұрлыбаева.

Шығармашылық: С.Халқымов.  «Қарияға арнау»

Көркем сөз: М.Мақатаев «Қарттарым»

Балар бүгінгі кешке ауылымыздағы асыл анларымыздың бірі, қарт ұстаз, қазір зейнеткер Жұмағалиева Күнқияш апа келіп отыр, анамызға рахметімізді айта отырып ортаға шақырып сөз берейік.

Анамызға арнап  10-сынып оқушысы Исаева Назеркенің  орындауындағы «Асыл әжем» әнімен жалғастырамыз.

Бүгінгі кешімізге 5-11 сынып оқушылары газет шығарып, шығарма жазып, буклеттер жасап ата-әжелерімізбен кездесіп үлкен шығармашылықпен жұмыс жасады. Осы жұмыстар  нәтижесімен  мектептегі «Жас ұрпақ» бірлестігінің жетекшісі Молдадосова Майра  таныстырады.

Қорытынды сөз мектеп директоры Б. Қуанышбаевқа беріледі.

«Ауылыңда дана қартың болса жазылып қалған хатпен тең» дегендей бүгінгі кешіміз өз мәресіне жеткендей.

 

Абырой амандығын арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін
Молшылық жерімізге ене берсін
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін.

деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше