Ахмет Йассауи «Даналық кітабі»
Ақшабаева Кеніш Жақсығұлқызы
Жамбыл облысы, Шу қаласы, “Жібек Жолы” мектеп-лицейі
жоғары санатты Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мақсаты:
Білімділік – Қожа Ахмет Йассауи туралы ойларын тереңдету, оның шығармаларын сыни тұрғысынан бағалай білуге үйрету;
Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз
Сабақтың проблемалық ситуациясына қажетті бейнефайлды көшіріп алу.
Тәрбиелік – оқығандарын ортаға салып,өз ойын тұжырымдай білуге және өзгенің пікірін сыйлауға үйрету;
Дамытушылық – оқушыларыдң ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдері туралы дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін дамыту, ойлануға, қорытынды жасауға дағдыландыру, білімдерін өз бетінше қолдануға, іздену, зерттеу жұмыстарына баулу.
Көрнекілігі: Түркістан – «Ахмет Йассауи» дискісінен көрсетілім, роликтен үзінділер, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Қорытындылап, қайталау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтастыру, талдау, сұрақ-жауап, мәселелік сұрақтар.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Пайдаланған әдебиеттер: 1) Н. Клімбетов «Ежегі дәуір әдебиеті».2) А. Қыраубаева «Ежегі дәуір әдебиеті». 3) М. Жолдасбеков «Асыл арналыр кітабі». 4) «Тарихи тұлғалар энциклопедиясы». 5) Әбсаттар қажы Дербісәлі «Қазақ даласының жұлдыздары».
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Ал, балалар, ойымызды айтайық,
Білімімізді байқайық.
Келген бізге ұстаздар,
Қалсын бір сәт марқайып,-деп сабағымызды бастайық!
Олай болса, ежелгі дәуір әдебиетінде, түркі тілдес халықтарға ортақ асыл мұраларымыздың қазақ әдебиеті тарихында алатын орны зор. Сондай көрнекті өкілдеріміздің ішінде бүгінгі сабағымызға арқау болған, ежелгі Сайрам мен Түркістан ғұламасы Қожа Ахмет Йассауимен жақын таныстығымызды бастау үшін, біз мына мақсаттар мен міндеттерді анықтайық:
Мақсаты:
- Ахмет Йассауидің өмірі мен қызметімен танысу
- Ислам жолын уағыздаушы тарихи тұлға екенін білу.
Міндеттері:
- «Не үшін алпыс үште кірдім жерге»
- «Диуани хикметтің» идеялық мазмұны
- Көркемдік ерекшелігі
- «Диуани хикмет» басылымдары, зерттелуі
(Осы міндеттерді орындау үшін мына бейнефильмге назар аударайық).
Енді өзіміз оқып-біліп танысқан жұмыстарымыз арқылы сабағымызды сабақтастыра жалғастырыйық.
Жеті жаста Арыстан Бабқа қылдым сәлем…
Осы халде мың зікірін қылдым тәмәм…
Құрма беріп, басымды сипап назар қылды…
Мектеп барып, қайнап толып, тасыдым, міне,-
деп жазады бұл туралы кейін Ахмет Йассауи.
Енді оқушылыардың сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту мақсатында мәселелік сұрақтар беру.
- Тапсырма. Ахмет Йассауидің өмірі мен қызметінен мағлұматты кім айтар екен?
- Тапсырма. Ислам долын уағыздаушы тарихи тұлаға екендігіне түсінік берейік
I Топтастыру стратегиясы.
Тапсырма. «Не үшін 63-те кірдім жерге? »-дейді
(Осы кезде 63 жасқа келгенде қылуерке түсіп, «Даналық Хикметін» Жазғаны турлы айтып, оқушылар хикметтен жаттаған шумақтарын айтып, өз ойларын тұжырымдайды. Ол шұмақтан туған ой-пікірлерін жазып тапсырады).
Осы тапсырмаларыды орындап болған соң, оқушыларды топқа бөліп, алдын-ала берілген іздену тапсырмаларамен жұмыс жасайды.
| Хикметтің идеялық мазмұны
|
| Моральдік-этикалық парасаттылық |
| Сопылық хикметтер
(суфизм-мұсылман дінінің ағымы
|
| Адамгершілік қасиеттері |
| Кемелденген адам дәрежесіне жету мақсаты |
| Түпкі мақсаты Хаққа жету шарты |
| шариғат |
| Ол үшін ілім-ғылым керек |
| маръифат |
| тариқат |
| хақиқат |
|
Адам өзін-өзі тану арқылы ақиқатты, яғни Құдайды тану сөз болады
|
1.«Шариғат» – ислам діні қағидаларын, шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындау.
2.«Тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту. Аллаға деген сүйіспеншлікті арттыра түсу. Бұл-суфизмнің негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартады.
3.«Маръифат» – негізінен дін долын танып білу сатысы. Негізгі талабы-күллі дүниенің негізі «бір Алла» екенін танып -білу.
4.«Хақиқат» – Аллаға жақындап, оны танып білудің ең жоғарғы басқышы.
Қорытындылай келгенде, Ахмет Йассауи «Аллаға жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өту керек» деген пікірді айтады.
II топ.
1-ші тапсырма. Хикметтің көркемдік ерекшелігі
2-ші тапсырма. Хикметке сөздік жұмысын жаса.
1. Жырды ұзақ жылдар бойы зерттеген Е.Э. Бертельс. Ол бұл дидактикалық сарындағы туындының ежелгі түркі поэзиясымен дәстүрлі байланысы бар екенін дәлелдей келіп, айтқан пікірі: Ахмет Йассауидің жырлары күні бүгінге дейін қазақ даласынан Кіші Азияға дейін кеңінен тараған фольклорлық лирикалық түрерімен сырттай ұқсас болып отырады. Бұл ерекшелікті сопылық әдебиетте алғаш рет Йассауи бастап тұрақтандырды. Осыдан кейін өзге елдердің дәруіштік поэзиясында да бұл үрдіс жалғасын тапты, сөйтіп жазба поэзия мен фольклорлық байланысы бұдан былай жаңа сипат алды.
Ахмет Йассауи орта ғасыдағы көшпелі тайпалардың дүниетаным мүмкіндігін ескере отырып, исламның кейбір қағидаларын Жұмақ пен Дозақтың айтысы түрінде түсіндіреді.
«Диуани хикмет» көбіне 11 буынды, не12 буынды. Мысылы:
Белгісіз қалды елді қанша ғұмырың. 12 б.
Берік бол жалғыз хақты барым де. 11 б.
Адамның асыл тегі су мен гүл ғой 11 б.
Күл болмақ қайта айналып жолын дене. 12 б.
Зерттеушілердің айтуынша, араб-парсы әдебиетінде қолданатын ұйқас та бар. Қазақтың қара өлең ұйқасы да бар. Өлеңдеріндегі бейнелі сөздер, ұтымды теңеулер жиі ұшырасады. Мысалы: «көңіл бағы», «көңіл құсы», «иман нұры», « заһар көз», «күйген көбелек», «хақиқат дариясы» сияқты ұғымдырды сөз зергері ретінде ұтымды пайдаланған.
2.Сөздік.
Қылует – (араб сөзі) оңашалану
Пір – (парсы сөзі) жетекші, бастаушы
Сопылық – мұсылман дінінің суфизм деп аталған ағымы.
Зікір – Құдайды мадақтап айтылатын өлеңдер
Шариғат – ислам заңдары мен әдет-ғұрып жинағы
Мағрифат – дін жолын танып,оқып білу
Тариқат – сопылық идеясы
Хақиқат – Құдай және оған жақындау
Ғазиз – өте үстем
Ғафил – бейқам
Аят – Құран кәрімсүресіндегі ақ жол өлеңдер
Хадис – Мұхаммед пайғамбар жайлы әңгімелер
III топ. «Диуани хикметтің» басылымдары мен зерттеулеріне сұрақтарға жауап.
1. Қай тілде жазылған және қай ғасырдың жәдігері?
Орта Азия мен Қапшақ даласының түркілеріне түсінікті болсын деп Шағатай (қыпшақ) тілінде жазылған.
XII ғасырдын бері сақталған әдеби жәдігер.
2. Ұзақ жыл зерттеген ғалым кім және нұсқалары туралы не білесің?
А. Йассауи хикметтерінің тілін ұзақ жыл зерттеген көрнекті ғалым А.К.Боровков.
Алғашқы түпнұсқасы сақталмаған. Кезінде қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған. Бертін келе көшірушілер араб, парсы сөздерін қосып жіберген (XV ғасырдың кезі)
3. Қай қалаларда басылды және зерттерген ғалымдарды ата.
Қазанды 1987 жылы және 1901ж.
Стамбулда 1901 ж.
Шымкентте 1902 ж. Және 1911 жылы жеке кітап болып шықты.
А.М. Самойлович, Е.Э. Бертельс, А.К. Боравков т.б.
М.Жармұхамедұлы, М.Шафиғи, Е. Дүйсенбайұлы, С. Дәуітұлы
3 топқа бірдей тапсырма
Ізденушілік жұмыс. Венн диаграммасы.
1-ші топқаАхмет Йассауиге
2-шітопқа Абай Құнабайұлы
3-ші топқа Шәкәрім Құдайбердіұлы
Үшеуінің еңбектеріндегі ортақ тақырыпты табыңдар
| Ахмет Йассауи
XII ғасыр (1093-1166) «Диуани хикмет» еңбегі Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиеттерінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты. |
| Абай Құнанбайұлы
XIX ғасыр (1845-1904) Өлеңдері мен «Қара сөздері» 36-қара сөзінде әңгіме ұят туралы. Ұялмас нәрседен ұялу -ақымақтық, жамандық. «Ұят қандай болу керек?» «Ұят кімде болса, иман сонда» «Ұятсыздық-өмірдегі ең сұрқия қылық.» Сондықтан келер ұрпақ ар-ұятын таза сақтасын,»-дейді. |
| Шәкәрім Құдайбердіұлы
XIX ғасыр (1858-1931) «Мұсылмандық шарты» еңбегі –иман-ғибадат турасын шамам келгенше қазақ тілінде жазайын, әр қазақтың оқуына оңай болсын, олар ға пайда, өзіме де сауап болар ма екен деп үміт еттім»,-дейді. |
| Адамгершілік |
| Иман-ғибадат
|
| Ұят |
Дүниетаным көзқарастары
сыншылдық дәстүр басы деген ұғым –
имандылық екен.
Аңыздар мен афоризм сөздер.
Балалар, араларыңда өздерің қосымша біліп, айтсам екен деп отырған Ахмет Йассауи туралы, Түркістан туралы аңыздар мен ақыл-нақыл сөздерің болса, еркін айтуларыңа уақыт беріледі.
Ахмет Йассауидің өмірі мен хикметтерінің әсері сендердің көңіл-күйлерің мен сезімдеріңе қандай әсер берді.
1. Ысқақ Бабтың ұрпақтарының бірі Ибраһим шайхтан екі бала болады. Бірінің аты Қожа Ахмет Иассауи, екіншісінң аты Садр шайх. Міне осы екі бала туралы мынадай аңыз-әңгіме бар.
Бірде Қожа Ахмет Иассауи Сайрамда (Испиджаб) тұрған кезінде үйден далаға шықса, атасы Ибраһим шайх шұқшиып жер шұқып отыр екен. «Ата, не істеп отырсыз?» — деп сұрағанда: — «Е, балам, егістікті жекелеп отырмын» — деп жауап береді. «Ой, ата-ай, соған да уақыт жұмсап, әуре боласыз ба, бір ауыз сөзбен бітрмейсіз бе?» — дейді. «Ондай қолымнан келмейді, қолыңнан келсе, жасай ғой», – дейді. Сонда жас Қожа Ахмет тұрып: «Жегенің жерге қал, бітенің бетке шық»,-деген екен.
Дәрет алып келген атасы қайран қалып: «Е, балам, екі қошқардың басы бір казанға сыймайды дегендей, енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек», – депті. Сонда Қожа Ахмет тұрып: «Сіз жасыңыз келген ағасыз, мен жаспын, мен кетейін», – деген екен. Сонымен, ақ түйеге мініп, жүріп кетеді Сондағы ойы – осы ақ түйе қай жерге барып шөксе, сол жерге қоныс тебу. Сөйтіп, ақ түйе шөккен осы Түркістан жері оның мекен-жайына айналады. Арада біраз уақыт өтеді. Бір күндері Қожа Ахмет ата-анасына сәлем беріп қайту үшін Сайрамға келеді. Дем алып, тыныстаған соң, атасы сөз қозғап: «Иә, қарағым, қайда болдың, қай жерге қоныс тептің»
— деп сауал береді. Сонда ол: «Ақ түйем Түркістан шаһарына шөкті», – деп жауап берген екен. Сол жер мына қазіргі Қожа Ахмет Иассауи ғимараты жайласқан жер. Сонда атасы тұрып: «Балам, сен сол жердің халқымен сұхбаттастың ба, не байқадың?» дегенде, «Иә, ата, сухбаттастым, бәрін де білемін, бірақ соны біле тұра, мен сол жерге қоныс тебуге бел байладым»,-деп жауап береді. Баласын сынамақ болған Ибраһим шайх: «Иә, не байқадың, айтшы», – дегенде, жас Қожа Ахмет былай жауап берген екен: «Ол жердің халқы арқаңнан қағып тұрады, аяғыңнан шалып тұрады». Сонда мұны естіген атасы, баласының зеректігіне риза болып: «Иа, балам, дұрыс айтасың, бірақ соны біле тұрып, неге қоныс тептіің?» дегенде: «Жақсыны жолға салу оңай, жаманды да жолға салып көрейін», – деген екен.
2. Ахмет Йассауи айтып еді деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге тарайды.
«Кітап аш та мәнін ұқ»
«Аяқ-қолыңды жерге түсірмей мақтағандарға қуанба»
«Кердеңдік – пиғылы бұзылған пасықтың ісі»
«Мейірімі жоқ меңмеңдерге қаспын мен»
«Мадақтар болсаң, шан асылды мадақта»
«Бейнеттен қашпа»
«Бетбақ болма»
«Қиын да болса, түзу жолмен жүр»
«Арың сақта, болсаң да малға кедей»
«Жамандық ойламы»
«Кісі ақысын жеме»
«Ұрыншақтың жауы көп, жамандардың жауы көп»
«Халқыңа қызмет ет, Ізгілерге ізет ет, Жаны жақсы жайсаңдарға қызмет ет»
«Менмен бай құдайға да ауыз салады»
Киелі Түркістан жеріне барып келген мұғалімдердің ой-пікірлері.
Ал, балалар, біздің лицейімізде дәстүрге айналған көптеген атаулы іс-шаралар бар. Соған тағы біреуі қосылып отыр, оның дәлелі осы қазан айында мектебіміздің біраз мұғалімдері киелі Түркістан жеріне зиярат етіп барып келді. Олай болса сіздердің алып-қосарларың болса, әңгімелеп беруіңізді сұраймыз.
Сабаққа қатысқан балаларды бағалау.
