Облыстық, аудандық білім бөлімдеріне,
жалпы білім беретін мектеп басшыларына,
Республикалық «45minut.kz» газеті тілшілерінің назарына….
Республикалық «45minut.kz» газеті облыс, аудан көлемінде ұстаздардың білімін жетілдіру, тәжірибе алмасу, баяндамалар мен тәрбие сағаттарын, ашық сабақтарды Республика көлемінде насихаттау және ата-аналармен, оқушылармен жүргізілетін жұмыстар туралы пікірлесу үшін семинар оқулар, кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға ұсыныс білдіреді.
Республикалық «45minut.kz» газеті және сайты туралы презентация: Презентация — 45minut.kz
Аталмыш шараларды ұйымдастыру үшін жергілікті жердегі Республикалық «45minut.kz» газетінің тілшілерімен хабарласып, Редакцияның жұмыс жоспарына үйлестіріп, өтетін күні мен уақытын, өткізілу формасын анықтауға болады.
Өткізілген іс-шаралар туралы http://www.45minut.kz сайтында және Республикалық «45minut.kz» газетінің арнайы бөлімінде толықтай ақпараттар, видео, фото материалдар жарияланады. Іс шара барысында оқылған баяндамалар мен презентациялар туралы жинақ кітапша шығаруға мүмкіндік қарастырылған.
Құрметті оқырман! Республикалық газетке мақала беру, сабақты газетке жариялау, сабақты Интернетте жариялау, сертификат, грамота берілуі, конкурстар ұйымдастыру, лекция сабақтар ұйымдастыру және т.б жұмыстар барлығы «БАҚ өкілі-Тілшілер» ұйымдастыруымен жүргізіледі.
Жазғы демалысты пайдаланып тағы бір бас қоссақ қалай болады? Тілшілер бұл ұсынысқа қалай қарайсыздар?Семинар трнингтер ұйымдастрысақ… Ой қосуларыңызды сұраймын.
болады
кайда жиналамыз
Жазғы каникул айларына әр облыстарға семинар оқулар ұйымдастырсақ және тілшілер мен редакция ұжымы болып бірге ойластырса өте тамаша болар еді.
Ақтөбе қаласында семинар ұйымдастырайық.
Құрметті сайт ұжымы,тілшілер қауымы бәріміз ұстаздық қызметтің басында жүргеннен кеиін бамрлығымызда қазір қарбалас сәт,нақты күнін белгілеик ешқандай жұмысқа кедергі келтірмеитін етіп.Семинар оқу бір рет ұйымдастырылды енді топтасқан тренингтер жобасына қалай қарайсыздар қазіргі ваучерлік жүйегеде шамалап икемделіп қалар едік.әрине ұйымдастыру жұмыстары көп еңбекті қажет етеді, нақты бөлініп тілшілер кіріссек алынбайтын асу жоқ деп ойлаймын.Сайт ұжымы өткізілетін жер мен мадақтауларға көметессе,тілшілер өту барысын жоспарлап бөліп алсақ. Барлық тілшілер қауымынан нақты ой ұсыныс күтемін.
Жаксы пікір екен. баріміздің илегениміз 1 терінің пушпағы болған соң, қандай іс болса да жумыла котеруге дайынмын
Семинарлар жиі ұйымдастырылса, біз көмектесуге дайынбыз
Тілшілер тарапынан нақты ұсыныстар болса, редакция тарапынан ұйымдастыру жұмыстарын қолға алар едік.
Мысалға аудан, облыс көлемінде газеттің презентациясы мен тілшілер жұмысы туралы дөңгелек үстел ұйымдастырылса. Тілшілер жағынан күнін және уақытын белгілеп, өткізілетін орнын мектепте де өткізуге болады.