Без рубрики

ҚОРЫТЫНДЫ КЕШ.

 Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті
№85 орта мектеп География  пәні мұғалімі  Сәрсен Ғабит

                                            Тарихи танымдық кеш.

Тақырыбы: Көк байрағым,айбарым,тәуелсіз Қазақстаным.

Мақсаты:Оқушылардың патриоттық рухын көтеру,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекіліктері: Мультимедия,электронды оқулықтар.Тәуелсіздікке арналған өлеңдер жазылған плакаттар.

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман,жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың  жетті.

Тәуелсіз Қазақстан-елім менің!

Сен неткен отан анам ғажап едің,

Әспеттеген көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағымның бақыты үшін,

Жайнай бер,ұлы Отан-қазақ елім.

Дей отырып құрметті қонақтар,ұстаздар және оқушылар сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Көк байрағым,айбарым,тәуелсіз Қазақсатным» атты тарихи танымдық кешімізге қош келдіңіздер!

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні құтты болсын!

Егемен еліміз,үзілмес моншақ тамшы мұз,

Қыранға қосты,қазағым арман жан сырым,

Еліктің дастаны,еліме қарашы

Көгінде мәңгі қалықтар әні Шәмшінің.

Қазақстан Республикасының Әнұраны.

9 «А» сынып оқушылар ән шашуы.

Тәуелсіздікті құрметтеу,тәуелсіз елдің азаматы бола білу оның қасиеті мен қадірін түсінудің айқын жолы -өз халқының  жүріп өткен тарихын білуге келіп тірелді.

Егемен ел болғаннан бері қазақ халқының тарихы,қазақстан тарихын өзінше тән ретінде оқуымыздың өзі үлкен мәртебе.

Тас дәуірінен бастау алып,тәуелсіз Қазақстан жылдарын дейінгі аралықта ата-бабамыз сақтап қорғап,қаншама ғайыр жерді ұрпақтарына мұра етіп қалдырды.Сонау Алтайдан Пиренейге дейінгі билік еткен Еділ батырдың елі,Қазақ елі – асқан батырлығымен Мысыр еліне билік жүргізген Бейбарыстың ,Үнді билеген Бабырдың елі.

Мың сан ерлік жасалды ғасырларда,

Тасып теңіз телегей басылды.

Тарих ана арнады  жыр мен дастан,

Елін сүйген ерлерге-асылдарда.

Аманбай Құнтөлеуұлының «Шыңғысхан» еңбегінен Мұхтар Шахановтың «Отырар» дастанынан үзінді ұсынамыз.

Көрініс  «Отырар қозғалысы» 9 «А» сынып оқушылары.

Ән:  Отырардағы той әні

Қазақ халқы небір зұлматтарды басынан кешірген.1723 жылы Жоңғар билеушілері қалың әскермен қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді.Күтпеген жерден қазақ жеріне жасаған  Жоңғарлардың шабуылынан қазақтар тоз-тоз болып мал –мүлкінен айырылып қырылды.Қазақ халқының көкірегінде шер болып қатқан осы бір кезең,туған жерімен,елімен,жұртынын айырылған ел ен далада жосыған халық Жоңғар шапқыншылығы тарихта бұл оқыға  «Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама» деген атпен қалды.

                  

өлең оқу.

Қазақ халқының қиын да күрделі тарихының бүгінгі күнге дейінгі мазмұны – бұл оның еркіндік үшін күресі.Осы күрестің нәтижесінде біздің ата-бабамыз тек қана өздерінің тұтастығы мен бірлігін сақтап қоймай, сонымен қатар XV ғасырдың 50-60 жылдарында қазақ мемлекетін құрды.

Менің өлкем- атадан мирас ат маған,

Ақылды сөзге жадымда жастай сақтаған.

Көне беттерін күрсініп ауыр аударып,

Жаңа парағын,жадырап жайнап ақтарам.

Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан  бірден және бос жерде пайда болған жоқ.Оның еркіндігі үшін миллиондаған адамдар қандарын төгіп,өмірлерін қиды,сан жетпес қайғыларға душар болды.

Қазақ халқының тағы бір басынан өткерген оқиғасы Ұлы Отан соғысы. Ұлы Отан соғысында Одақ бойынша 11600-ден асиам адам ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атанды.Соның ішінде 497 қазақстандық батыр атағына ие болды.

Елім деп еңіреп,халқым соққан жүрегі қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүктің ерліктері ешқашан өшпейді.

«Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

Қазақ елі КСРО-ның қармағында тәуелді болып70 жыл қоластында болды.

Ел тарихындағы әрбір елеулі оқиғаның себебі және салдары болды.Желтоқсан оқиғасының себебі Мәскеудің нұсқауымен басқа ұлт өкілінің Қазақстан басшылығына тағайындалуы және Қазақстанды 20 жылдай басқарып келген Д.Қонаевтың болымсыз себептермен орнынан алуы қазақ халқының ашу –ызасын тудырды. Қазақ жастары алаңға шығып өз наразылықтарын білдірді.

Қазақ еліне өз басшысы , «Менің елім,елім-ай» деген дайыстар желтоқсан ызғарымен бірге үндесті.8515-адам ұсталып, 5324 адамды прокуратура тергеді.

Бейнетаспадан «Желтоқсан» оқиғасын тамашалаңыздар.

Биыл желтоқсан оқиғасына 25 жыл толды.

Жас арудың жанарында Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында Желтоқсан.

Жауыздықты жасқазан да-Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да –Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуылып,

Абақтыға тастаған да -Желтоқсан!

Иә,тарихтағы Желтоқсан оқиғасы дүниежүзін дүр сілкіндіріп, тәуелсіздікке жол ашқан жастарымыздың рухы ешқашан сөнбейді.

Тәуелсіздік таң нұрысын арайлы

Бабалардың арманысын талайғы

Ғасырлардың құшағында ер жеттің

Халқым сені өз бақыты санайды

«Туған жер» әні

 

Тәуелсіздік нығайтып ел іргесін

Биіктерге көк туын желбіресін

Қастерлеген бабаалар өсиетін

Даңқын бар бас иетін

Артсын даңқ қасиетің

/Тәуелсіздік жемістеріне кезек берейік  / «Жылдар сөйлейді» 6 сынып оқушылары

 

Тыныштық баршамыздың ұранымыз

Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз

Арманның асқарына қанат қаққан

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз

Ән: «Алға,қазақ жігіттері

 

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында республикамыздың Туы, Елтаңбасы , Әнұраны қабылданды. Мемлекеттік ту 1992 жылы 4 маусымда  қабылданды.

Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Матаның сол жағында сары өрнегі бар. Тудың авторы:Шәкен Ниязбеков.

Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның

Ортасында төгіп нұр,

Күн жаяды шапағын

Ескі белгі-ұрандар

Сары алтындай сақталған

Астында оның қалқыған,

Қыран құстың бейнесі

Азат елдің шалқыған

Көңілі деп білерсің

Сол жағында матаның

Қызыл түсті жолақ тік

Мұратындай атаның

Әсем өрнек ол ұлттық

Көк байрағы бабаның

Бүгінгі ұрпақ алауы,

Мияты әке баланың

Қазақстан жалауы.

Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шота-Аман Уәлиханов

Алтын қанат көмкерген

Шаңырақ бар уық бар.

Әсем бейне сен көрген

Жай бейне емес, ұғып ал.

Көгілдір түс аясы

Бейбіт дала елесі

Шаңырақ-жұрт панасы

Уықтар-күн сәулесі.

Сүйсіндірген өзіңді

Түсіне біл таңбаны

Аңызда ұшқыр төзімді

Пырақ-халық арманы

Жоғарыда түсер көз

Бес тармақты жұлдызға

Ал «Қазақстан» деген сөз

Таныс барлық ұл-қызға

Мағыналы, сымбатты

Бар осындай белгіміз-

Маған,саған қымбатты

Елтаңбасы ол-елімнің.

Мемлкеттің келесі белгісі-Қазақстан Республикасының гимні. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші гимні 1992 жылы желтоқсан айында қабылданды. Ал-2006 жылы қабылданған қазіргі Гимннің авторлары Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаев. Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов.

Көк аспандай тулардың

Желбірейтін күні бұл

Елім деген ұлдардың

Елжірейтін күні бұл

/ «Қара жорға» биі /

Көк байрақ, иілмесін жығылмасын

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын

Тұрғанда көкте туың көкті тіреп

Қазағым Сен қашанда тұғырдасың

Ән: «Қызылорда» ОРындайтын:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол Тәуелсіз-Қазақстан. Бүгінгі «Көк байрағым ,айбарым , Тәуелсіз Қазақстаным» атты тарихи-танымдық кешімізді осымен аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.