СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС.

Қызылорда  облысы  Қармақшы ауданы Ақай ауылы
№99 орта мектеп Биология  пәні мұғалімі
Алдабергенова   Гүлсая Амангелдіқызы

Сыныбы: 9-10 сыныптар

Тақырыбы: 10 миллион кімге бұйырады?

Мақсаты:А) Білімділік – оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйрету; информациялық білім беру;
Б) дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін, зейінін, шығармашылық қабілетін
дамыту;
В) тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу,

Көрнекілігі: компьютер – 1, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор – 1, қорапшалар

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
(Жарыс 4 топ арасында жүргізіледі)

Жүргізуші: Табиғаттың бар байлығы даламда,
Жер-Ананың жаттығы жоқ адамға
Тамақ та, киім де, денсаулық та,
Бәрі, бәрі табиғаттың қолында.

Жүргізуші: Тапқыр, білгір дарынды
Жарыс бар бүгін арынды.
Сүйсең туған жеріңді,
Ортаға сал, барыңды.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі сайысымызға 9-10  сынып оқушыларының арасынан 4 топ қатысады,

1 – топ «Білгірлер тобы»     2 – топ «Алғырлар тобы»

3 – топ «Тапқырлар тобы»  4 – топ «Ойшылдар тобы»
Жүргізуші: Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар

Жүргізуші: қазір сіздердің алдарыңызға экраннан сұрақтар беріледі, сол сұрақтарға қорапшаларды тігу арқылы жауап бересіздер, әр қорапша 100 ұпаймен бағаланады.

  1. 1.      Білгірлер тобы (15 сұрақ)

 

1.Өсімдіктерге жасыл түс беретін пигмент қайсысы ?

1. Гемоглобин    2.  Хемоцианин  3.  Каротиноид  4. Хлорофилл

2. Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі?

1. Арцелла    2.  Вольвокс   3.  Кірпікшелі кебісше 4. Жасыл эвглена

3. Тек қайың, қарағай, шырша маңында өсетін саңырауқұлақтар?

1. Көктерек  2.  Қозы құйрық    3.  Арышқұлақ    4. Ақ саңырауқұлақ

4. Балдыр жасушасына жасыл түс береді?

1. Хроматофор  2.  Хлороформ  3.  Лейкопласт  4. Хромопласт 

5. Пенициллин антибиотигі алынатын саңырауқұлақ?

1. Түлкіжем  2. Қалпақшалы  3.  Ақұнтақ   4. Зең 

6. Жасушаны алғаш көрген кім?

1. А. Левенгук    2.  Р. Гук    3.  Ж. Б. Ламарк    4. К. Линней 

7. Амебаның қозғалуы?

1. Еттері арқылы   2.  Талшық арқылы   3. Жалған аяқтары арқылы  4. Қозғалмайды

 8. Негізгі өсімдік жүйесінің ең жоғарғы сатысы?

1. Туыс    2.  Бөлім    3.  Класс   4. Тұқымдас  

9. Саңырауқұлақтарды  зерттейтін ғылым?

1. Микология  2.  Биология   3.  Эмбриология 4. Цитология 

10. Төменгі сатыдағы өсімдік?

1. Мүк   2.  Плаун  3.  Қырықбуын 4. Балдыр

11. Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын арнайы тұтас табиғи аймақ?

1. Саяжай   2.  Жылы жай    3. Ұлттық саябақ   4. Қорық

12. Тек өсімдік жасушасында болатын денешік?

1. Целлюлоза   2.  Пластид    3.  Ядро    4. Жасунық  

13. 20 – 30 метр тереңдікте өсетін балдыр?

1. Хламидомонада    2.  Ламинария   3.  Спирогира   4. Хлорелла

14. Тостағанша гүлдің қай бөлігінде орналасады?

1. Гүл сағағы 2.  Аналық   3.  Гүл табаны   4. Аталық

15. Фотосинтез барысында өсімдіктерде қандай зат түзіледі?

1. Гликоген  2.  Пластид  3.  Хлорофилл  4. Крахмал  

  1. 1.      ІІ. Тапқырлар тобы (15 сұрақ)

1. Мүктерді  зерттейтін ғылым?

1. Бриология 2.  Цитология  3.  Микология 4. Эмбриология

2. Гүл дегеніміз не?

1. Түр өзгерген жапырақ   2.  Түрі өзгерген өркен  3.  Сабақ бөлігі   4. Бүршік

3. Туберкулез қоздырғышы?

1. Безгек паразиті   2.  Инфузория   3.  Туберкулез таяқшасы  4.  Амеба

4. Бір жасушалы саңырауқұлақ?

1. Түлкіжем   2.  Ашытқы  3.  Түбіртек  4. Дің

5. Қай балдырлар бір жасушалы?

1. Ламинария   2. Спирогира  3.  Улотрикс  4. Хлорелла

6. Қағаз өндірісінде пайдаланады?

1. Кладофора   2.  Коралина  3.  Плюмария  4. Порфира

7. Қарағайлы орманда өсетін қына?

1.   Мүк     2.  Талшық қына 3. Жапырақ қына  4.  Бұта қына

8. Күлте ішінде орналасады?

1. Сабақ  2.  Тостағанша  3.  Аталықтар  4. Гүл табан

9. Туберкулез  қоздырғышы?

1. Кох таяқшасы  2.  Пішен таяқшасы   3.  Вирус    4. Ешқайсысы

  10. Бір гүлде аталық пен аналық болса, ол:

1.  Аналық гүл   2.  Дара жынысты  3.  Аталық гүл 4. Қос жынысты

11. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы?

1.  Өздігінен тозаңдану      2. Айқас тозаңдану   3. Жел арқылы тозаңдану   4. Жынысты көбею

12. Топырақты азотты қосылыстармен байытатын бактериялар?

1.  Сапрофиттер  2. Паразиттер   3. Түйнек бактериялары    4. Шіріту бактериялары

13. Қыналар пішіндеріне қарай неше топқа бөлінеді?

1.   3        2.         5      3.         2      4.         1

14. Кладофора балдырын пайдаланатын өндіріс?

1. Тамақ  2.  Тоқыма  3.  Фармацевтика  4. Қағаз 

15. Микроскоптың  препаратқа жарық түсіретін бөлімі?

1. Бұранда  2.  Штатив   3.  Айна    4. Окуляр

  1. 1.      ІІІ. Алғырлар тобы (15 сұрақ)

 

1. Қоңыр балдырды ата?

1. Порфира  2. Саргассум  3. Коралина   4. Хондрус

2. Қай балдырлар көп жасушалы?

1. Спирогира   2.  Хлорелла    3.  Хлорококк     4. Хламидомонада

3. Грекше “Брион” қандай мағынаны білдіреді?

1. Қына      2.  Жануар       3.  Балдыр         4.  Мүк 

4. Тік сабақты өсімдікті тап?

1. Қауын     2.  Қарбыз   3.  Асқабақ      4. Жүгері

5. Өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек?

1. Гүл       2.  Сабақ     3.  Жеміс   4. Жапырақ  

6. Өсімдіктің жер асты қоректену мүшесінің ең ұшы?

1. Қосалқы тамыр   2.  Негізгі тамыр   3.  Тамыр оймақшасы  4.  Жанама тамыр

7.  Гүлдің ең негізгі бөлімдері?

1. Гүл сағақ және гүл табан    2.  Аналық және аталық   3. Күлте жапырақша

4. Тостағанша жапырақша

8. Тынысалу мүшелерінің ауруына жатады?

1. атеросклероз    2. мешел    3. кариес   4. туберкулез

9. Микроскоптың үлкейтетін екі шынысы бар бөлімі?

1. Окуляр    2. Айна   3.  Штатив    4. Табан

10. Өсімдікте жемістің түзілетін жері?

1. Гүл    2.  Аналық жатын   3.  Аналық мойны  4. Аналық аузы

11. Қыналарға ең қажетті жағдай?

1. Оттегіне бай таза ауа  2.  Ылғалды топырақ   3. Қара топырақ   4. Құнарсыз топырақ   

12. Ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар?

1. Паразиттер   2.  Симбиоздар   3. Сапрофиттер   4. Спорофиттер

13. Балдыр жасушасына жасыл түс береді?

1.  Хлорофилл   2.  Хроматофор    3.  Лейкопласт 4. Хромопласт  

14. Ботаника зерттейді?

1. Өсімдіктерді   2.  Бүкіл табиғатты   3.  Қоршаған ортаны  4. Жануарларды

15. Хлорофилл орналасқан?

1. Жасыл түсті пластидтерде   2.  Бояғыш пластидтерде    3. Түссіз пластидтерде

4. Ешқайсысы

  1. 1.      ІҮ. Ойшылдар  тобы (15 сұрақ)

1. Қызыл балдырды тап?

1. Саргассум  2.  Ламинария  3.  Порфира   4. Нереоцистис

2. Порфира балдырын қай өндірісте пайдаланады?

1. Тамақ  2.  Қағаз    3.  Тері     4. Тоқыма    

3. Жоғары сатыдағы өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

1.       5                    2.       4                     3.       2                       4. Ешқайсысы    

  1. Жеуге жарамды саңырауқұлақты тап?

1. Шыбынжұт    2.  Көңілкеш   3.  Жалған түбіртек    4. Түлкіжем

5. Грекше  “Микос” қандай мағынаны білдіреді?

1. Саңырауқұлақ      2. Мүк       3.  Қына      4. Балдыр   

6. Аспергилл қандай саңырауқұлаққа жатады?

1. Зең      2.  Ашытқы      3.  Дің    4. Шыбынжұт

7. Көзге көрінбейтін ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын  зерттейтін ғылым?

1. Экология  2.  Микробиология  3.  Цитология  4. Микология

8. Грекше “бактерион” қандай мағынаны білдіреді?

1. Қына             2.  Мүк           3.  Таяқша         4. Балдыр

9. Паразит саңырауқұлақтарды көрсет?

1.  Қастауыш      2.  Көңқұлақ   3.  Қозықұйрық     4.  Жерқұлақ  

10. Антарктидада қынаның қанша түрі табылған?

1. 350     2.  6     3.  7      4.  5   

11. Жүйенің ең кіші бірлігі?

1. Қатар  2.  Класс      3. Бөлім       4. Түр

12 .Көкек зығыры деп қай мүкті атайды?

1. Жасыл мүк        2.  Шымтезек мүгі     3. Плаунды     4. Ақ мүкті  

13. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратын өсімдік?

1. қырықбуын  2.  Плаун   3.  Мүк 4. Қына   

  1. Тамырдың өзгерген түріне не жатады?

1. тамырша   2. Жем тамырлар    3.  түйнек   4. мұртша   

15. Қай өсімдікте тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кетеді?

1. бидай         2.  Мандарин           3 .  апельсин         4. бүлдірген

 Қорытынды: Сыныптан тыс жұмыс қорытындыланып, ең көп балл жинаған топ жеңіске жетеді. Дұрыс жауаптары слайдта көрсетілген.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше