Қызылорда обл, Қармақшы ауданы № 80 мектеп-гимназия
Пәні: Тарих Пән мұғалімі:Жакеева Гүлмира сыныбы:9
Сабақтың тақырыбы: §11. 1930 жылдардағы қоғамдық – саяси өмір
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тоталитарлық режим мен социализмнің сталиндік үлгісінің мәні мен сипатын түсіндіру, коммунистік партия билеген тұста Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау;
Дамытушылық: Кесте, сызбаларды пайдалана отырып, сабақ мазмұнын аша білу дағдыларын қалыптастыру. Деректі дүниелерді өз беттерінше зерттеулеріне, өз бетінше оқып дағдылануларына, ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға бағыт беру;
Тәрбиелік: Оқушыларға халықының өткенін ұмытпауға, әділетсіздікке төзбеуге, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі ету.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтастыру стратегиясы сұрақ-жауап, картамен жұмыс, сурет бойынша әңгіме
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, қоғам
Сабақтың көрнекілігі: ҚР-нің саяси картасы, «Алаш алыптары» бүктеме, тірек-сызбалар, слайдтар, бейнебаян, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылармен сәлемдесу
2) Оқушыларды түгелдеу
3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
§10. 1929-1931 жылдардағы шаруалардың ұжымдастыруға қарсылығы.
- Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру саясатына шаруалар қарсылығының ауқымы мен сипаты қандай болды?
- 1929-1931 жылдары қанша шаруалар көтерілісі болып өтті?
- 1930 жылдардың басындағы Қазақстандағы неғұрлым ірі көтерілісті атаңдар
- Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың зардаптары қандай болды?
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
І ой қозғау:
Қасіретті жылдарды ата?
(Топтастыру стратегиясын пайдалану)
1932-1933 жж
1920-1922жж 1937-1938
1916ж 1986ж 1941-1945жж
IV Жаңа сабақ
Жоспары:
- Социализмның тоталитарлық, казармалық сипат алуы.
- Ұлт зиялыларының саяси қудалануы.
- Сталиндік лагерьлер.
1-тірек –сызба
|
20 –жылдардың соңында жеңіске жеткен әміршіл-әкімшіл жүйе 40-50 жылдарда күшейіп тұрған еді. Республикада И.В.Сталиннің жеке басына табыну үстемдік құрды. Қандай табыс болсын Сталиннің қабілеті деп бағаланды, ал оның тарапынан жіберілген кемшіліктер мен өрескел қателіктерге көз жұмып қарады. Жетекші күш Коммунистік партия.
1878-1953
Жеке басқа табыну Грузия (Гори қаласы)
Қазақстан лагерьлер Қуғын-сүргін КСРО КОКП ОК
өлкесі (1937-1938) бас хатшысы
ІІ Бейнебаян Сталин туралы
Жазалау шаралары:
- Ату жазасы
-
Жер аудару
-
Еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау
-
КСРО-дан тыс жерлерге қудалау
30-жылдардың өзінде-ақ жазықсыз жазаланған, саяси қудалаудың құрбаны болғандарды қоғамнан бөліп ұстауы үшін Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналдырылған еді.
Гулаг (ЛББ) – лагерьлер Бас басқармасы.
Концентрация – шоғырлану, топтастыру.
Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына қолданылатын қатаң жазалау шаралары.
Алжир – Ақмола қаласындағы әйелдерге арналған лагерь.
КарЛАГ – Қарағанды еңбекпен түзеу легері.
Степлаг – Далалы аймақтағы лагерь.
ЧССР – Отанына опасыздық жасаған отбасылардың мүшелеріне арналған лагерь.
ІІІ Карта бойынша сөйлеу.
Мәселең, бірғана Алжир лагерінде М.Тухачевскийдің анасы мен қарындасы, Т.Рысқұловтың әйелі мен қызы, Т.Жүргеновтың әйелі, С.Қожановтың әйелі тағыда басқа көптеген аналар азап шекті. «Халық жауының» әйелдері деп танылған әрбір анаға алды 3 жыл, арты 8 жылдан берсе, 1937 жылдан 1954 жылға дейін қаншама адамның тағдыры тәлкек болғанын ойлаңыз. Орта есеппен мұнда 22-мыңдай тұтқын әйелдер азап шеккен. Аналар отырған сол жер «26-шы нүкте» деп аталған.
1937-1938 жж. сталиндік қуғын-сүргіннің ақиқат зардаптарына сипаттама беру (М.Тәтімов дерегі бойынша).
|
Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең асыл азаматтарынан айырылып қалды.
1997 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталып өтті, ал 31-мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып белгіленген.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев мамырдың 31 –і күні Астанадан 40 шақырым жердегі бұрынғы Малиновка мекені қазір Ақмола саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм тарихи мұражай кешенін ашты. 3 гектарға жуық жерде мұражай, ескерткіш және саяси репрессия құрбандарының тізімі жазылған тас бар. Орны толмас орасан обал дүние.
Саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына ескерткіш құлпытас.
Астана қаласы.
V Жаңа сабақты бекіту.
- «Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды» дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Кеңес билігі тұсында қуғын-сүргіннің қайталанып отыруның себебі неде деп ойлайсыңдар?
-
Қазақстан аумағындағы саяси қуғын-сүргінде ұшырағандарға арналған қандай концлагерьлерді білесіңдер?
«Тәуелсіздік жолындағы күрес бәйтерегі» атты плакат
Халқымыздың жеті арысын бәйтерекке атап ілу
VІ Жаңа сабақты қорытындылау.
|
VІІ Оқушылардың білімін бағалау.
VІІІ Үйге тапсырма §11 1930 жылдардағы қоғамдық – саяси өмір
— тақырыпты оқу, мазмұндау;
— «37-де опат болғандар» деген тақырыпта эссе жазып келу