Без рубрики

БЕЙНЕЛЕУ.

Қызылорда облысы  Қармақшы ауданы Төретам кенті
№80 мектеп-гимназия бастауыш сынып мұғалімі

Қылқалам шеберлері                                                              Қарғабаева Гүлзира

 

Сыныптан тыс жұмыс

Ұл-қыздарымыз сүйкімді болсын деп,

Өнер-білімге икемді болсын деп,

Бәйтеректей бойшаңдансын деп,

Өрен-өршіл өркенді болсын деп,

Жақсы жолды таңдайық.

Жамандық тәлім алмайық,

Дарынды мектеп дәстүрін

Жаңалайық жалғайық,-деп «Қылқалам

шеберлер» атты

сайысымызды бастайық.

-Армысыздар қадірменді қауым!Бүгінгі 4А

сыныбында өткелі отырған

сайысымызға қош келдіңіздер

ІІ.Сайыстың жоспары

І кезең

«Сәлем-сөздің атасы»

ІІ кезең «Бәйге»

ІІІ кезең «Кім жылдам»

ІV кезең «Тіл өнері»

V  кезең  «Менің қиялымдағы сурет»

VІ кезең « Ашық хаттарды безендіру өнері»

Өнер ,білім,өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқалары

І кезең «Сәлем-сөздің атасы»Әр топ атымен

ұранымен таныстырады.

І топ «Шеберлер»тобы

ІІ топ «Жұлдызша» тобы

ІІІ топ «Көбелектер» тобы

Ақылдылық сыныбымызға жарасады,

Көзі ашықпен бәріде санасады.

Келесі сұрақ-жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты-дей отырып ,келесі кезекте

 сұрақтарға жауап береді

«Бәйге» Әр топқа бейнелеу пәнінен  5-сұрақ беріледі

«Шеберлер» тобына

1.Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер?

2.Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді?

3.Жылы және суық түстерді атап беріңдер?

4.Қанық түстерді атаңдар?

5.Қанықпаған ашық түстерді атаңдар?

«Жұлдызша» тобына

1.Графология нені зерттейтін ғылым?

2.Алғашқы ашық хаттар қай жылы ,қай қалада пайда болған?

3.Ұлттық киімдерді ата?

4.Натюрморт дегеніміз не?

5.Қазақстандағы белгілі суретші кім?

«Көбелек» тобына

1.Пейзаж дегеніміз не?

 2Қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер?

3.Адам бейнелейтін жанрды не деп атаймыз?

4.Бейнелеу өнерінің жанрларын ата?

5.Графика дегеніміз не?

ІІІ кезең «Кім жылдам?» Әр топ  мүшелері өздерінің шеберліктерін икемділіктерін көрсетеді,оюды ойып оны қағазға жабыстырады.

ІV кезең «Тіл өнері»Мақал-мәтелдің жалғасын табу

«Шеберлер»тобына

1.Әке көрген оқ жонар

…………….

2.Өнерлі жігіт өрде озар

………..

3.Еңбектің наны тәтті

………

«Жұлдызша» тобына

1.Бейнетің қатты болса,

………

2.Оқусыз білім жоқ

………

3.Тоқсан ауыз сөздің

………

«Көбелектер» тобына

1.Білекті бірді жығар

………

2.Жүз теңгең болғанша

………

3.Бір тал кессең

V кезең « Менің қиялымдағы сурет»  Әр топ өздерінің қиялдарынан сурет салады және оны түсіндіреді

VІ кезең  «Ашық хаттарды безендіру өнері» Әр топ мүшелері  ашық  хаттар жасайды.

ІІІ.Сайыстың   қорытындысы: Салт-дәстүр ,әдет-ғүрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей  жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы.Халқымыздың  осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың  санасына сіңіріп,әрі қарай жалғастыруына  мүмкіндік жасау  басты  мақсатымыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.