Аяғанова Гүлмира Асылбекқызы
№99орта мектеп Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы Ақай ауылы
Сыныбы: 6
Тақырыбы: Қосарлама қос сөздер
білімділік —қос сөз,қосарлама қос сөз,қосарлама қос сөздердің жазылу емлесі туралы түсінік беру,қазақтың ұлттық ойын түрлерімен таныстыру;
дамытушылық-ойын түрлері арқылы оқушылардың ой-өрісін,танымын,өз бетімен ізденуі арқылы қабілеттерін жетілдіру,сөзжасам туралы түсініктерін дамыту;
тәрбиелік-оқушыларды ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге,Отанын,жерін сүюге,адамгершілік қасиеттерге,эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға,әділдікке,тапқырлыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта арқылы даярланған слайдтар, М.Әуезов шығармалары
Типі:жаңа білімді меңгерту.
Түрі: ойын сабақ.
Әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап,талдау-жинақтау,шығармашылық арқылы пікірін қорғау.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Пайдаланылған әдебиеттер:
1«Сөзжасамды оқытуға қосымша» Б.Б.Жахина 2007жыл
2 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 2008жыл
3 Қазақ тілі мен әдебиеті журналдары
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу; оқушы зейінін сабаққа аудару; бүгінгі сабақтың мақсатын айту.
Үй тапсырмасын сұрау
1«Ақсүйек ойыны арқылы сыныптағы 22 оқушыға ішінде «ақсүйекгі» бар конверттер таратылады.Тек 6 оқушы ғана тапсырма жазылған (сүйектің суреті бар) конверт табады.
2 Тақтадағы түстерді таңдау арқылы жұмбақтардың шешуін табу (жұмбақтардың ішінен қос сөздерді айтып өту)
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Қ О С А Р Л А М А
Жаңа сабақ.
1.Тірек сызба арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру
Қосарлама қос сөздердің құрамына назар салайық
| Мағынасы бір-біріне жақын сөздер және қарама-қарсы мағыналы сөздер қосарланады. | Құрт-құмырсқа,әке-шеше,ағайын-туыс,үлкен-кіші,іші-сырты,аға-іні |
| Бір сыңары мағыналы,екінші сыңары мағынасыз | Келін-кепшік,бала-шаға. |
| Екі сыңары да мағынасыз | Ығы-жығы,екен-саяқ |
| Қоғамдық даму аясындағы өзгерістер барысында кейінгі кезде қалыптасқан қос сөздер | Үгіт-насихат,оқу-ағарту,саяси-экономикалық,қазақша-орысша,ғылыми-танымдық. |
2. Ойнайық та, ойлайық!
«Көкпар» ойыны арқылы 3 топқа бөлініп,қос сөздердің сыңарларын тауып жазу
82-жаттығу
Дос- Жігіт- Әмпей-
Сана- Қыз- Тым-
Ат- Шал- Егжей-
Ас- Шапан- Бытықы-
Қару- Ақсақ- Атау-
Сән — Қора- Далдың-
Кескін- Арық- Алапай-
Қиын- Қант- Ымы-
Апалы- Әуре- Қылтың-
3. Семантикалық картамен жұмыс
| Түрлері
Мысалы |
Мағынасы жақын және қарама-қарсы сөздердің қосарлануы | Бір сыңары мағыналы,екіншісі мағынасыз сөздердің қосарлануы | Екі сыңары да мағынасыз сөздердің қосарлануы | Кейінгі кезде қалыптасқан қос сөздер | |
| 1 | Ығы-жығы | ||||
| 2 | Ыдыс-аяқ | ||||
| 3 | Бала-шаға | ||||
| 4 | Ғылыми-әдістемелік | ||||
| 5 | Ақ-қара | ||||
| 6 | Туыс-бауыр | ||||
| 7 | Мал-жан |
4. Оқулықпен жұмыс
84-жаттығу.Сөйлемнен қосарлама қос сөздерді тауып,қосарлама қос сөздердің қай түріне жататынын анықтау
5.Шешендер сайысы
Алтын сандықтан шыққан мақал-мәтелдердегі қос сөздерді табу.
- …………. көсем боласың, ………….. шешен боласың.
- ………….ның ақылы сарқылмайтын көлмен тең.
- Әдептілік ………… –адамдықтың белгісі.
- Ақылды адам ……….. келеді, ………. байқай келеді
6. Мен оқыған шығарма
М.Әуезов шығармасынан үзінді (мәтін ішінен қос сөздерді айтып өту)
7. Жеке оқушымен жұмыс
86-жаттығу 1 Өлеңді түсініп оқу 2 Қарама-қарсы сөздер жасау
8. Мен таңдаған мамандық (Бекіту)Оқушылар пікірі
Үй тапсырмасы 1. 87-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,қос сөздердің жасалуын түсіндіру.
2.Ережелерді жаттау
Оқушыларды бағалау








