ТӘРБИЕ САҒАТЫ.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылы
№99 орта мектеп орыс тілі пәні мұғалімі
Нарымбетова Шамшырақ
Тақырыбы: Мен және менің жасөспірім балам
Мақсаты: оқушыларға адамгершілік қасиеттерін анықтауға мүмкіншілік беру, өмірге шынайы көзқараспен қарау, әдептілікке тәрбиелеу;
ата-аналардың міндеттерін түсіндіру, жасөспірім балаға жауапкершілікпен қарауға ұғындыру; өз ойын жеткізе білуге үйрету;
Әдісі: пікірлесу, тренинг.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызба плакаттар.
Барысы.
І.Ұыймдастыру кезеңі.
ІІ.Кіріспе бөлім.
Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі мол. Өйткені, баланың мінез-құлқын, өмірге көз-қарасын дұрыс қалыптастырып, заман талабына сай азамат етіп өсіру – оңай міндет емес.
«Бала тәрбиесі – бесіктен » деп, оған баланың жасына көңіл бөлген. Сол қағиданы қазірде ұстануымыз керек. Бала тәрбиесіне бірінші ата-анасы, екінші мектеп жол салып отырса, екі жақты тәрбие алған балалар жаман болмайды деп ойлаймын.
ҚР Конституциясының 27-бабының 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау, оларды тәрбиелеу ата-ананыңетене құқығы, әрі міндеті» делінген. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен тәрбиелейтін құрал – еңбек. Сондықтан ата-аналар баланы жастайынан еңбекке баулу керек. Сәл ғана қолынан келетін нәрсесі болса, көңіл бөліп дарынын, талабын тыңдауға ата-анасы ықпал ету керек. Ұлағатты сөз айтып, баланы алға талпынтап отырсақ, тәрбиеге тиімді әсер етер еді. Балалардың тәрбиесіне кері әсер ететін нәрселерде өте көп. Ең біріші оның жүрген ортасын бақылап жүрген жөн. Бала тәрбиесі тікелей жанұяға байланысты.
ІІІ. Негізгі бөлім
1.«Өзіндік қабылдау » тренингі
Ойын шартымен таныс болсақ. Қағазды екіге бөліп, ата-аналар сол жағына «Менің бала тәрбиесіндегі жетістіктерім», ал оң жағына «Менің бала тәрбиесіндегі кемшіліктерім»-деп, тақырып қойып, өз ойын ашық жасырмай жазу керек. Оқушыларда менің кемшіліктерім мен жетістіктерім парағын толтырады. 5 минуттан соң ата-аналар мен оқушылар жазғандарын талдап, талқылап, бір-бірлеріне сұрақтар қояды.
2.«Жанұя» ойыны
Бұл ойынның мақсаты:ата-ана баласын қаншалықты біледі. Ата-аналарға сұрақтар беріледі. Сұрақтарға тез әрі жаңылмай жауап беру керек.
- Балаңызыдың туған жылы мен куні?
- Балаңыз қандай олшемді аяқ киім киеді?
- Балаңыздың сүйікті асы қандай?
- Балаңыз қандай түсті ұнатады?
- Балаңыз қандай спорттың түрін ұнатады?
- Балаңыз 1-ші сыныпқа қай жылы барды?
- Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
- Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға келеді?
- Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?
- Балаңыздың досы ким?
- Балаңыздың қандай мамандық иесі болғанын қалайсыз?
- Дені сау,тәрбиелі, өнерлі бала өсіру үшін не қажет деп түсінесіз?
- «Бақытыңды балаңнан ізде» деген сөзді қалай түсінесіз?
3. Адамдармен қарым-қатынаста бет-әлпет, қас-қабақ, дауыс маңызды қызымет атқарады. «Қонаққа тамақ бермес бұрын қабағыңды бер» деген даналық осы қағидаға негізделеді.
– Ортаға 7 адам шығып, берілген сұрақтарғасай әр түрлі көңіл-күйді белгілейді.
Ситуация:
1) Ойланып тұрған адам бет-әлпетінің кескіні.
2) Ренжіп тұрған адам бет-әлпеті.
3) Қайғылы адамның бет-жүзі.
4) Ашулы адамның бет-әлпеті.
5) Таңданған кейіп көрсету.
6) Өкініп тұрған адамның бет-әлпеті.
7) Қуанып тұрған адамның бет-әлпеті.
4. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
-«Ия» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыздар;
-«Жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар;
1) Газет бетіндегі мақалдардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
-егер «жанұя» десеңіздер, жымиыңыздар;
-егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз;
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасайма?
-егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз;
-егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз;
-егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыздар;
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
5. «Кір жуатын машина» сергіту сәті
6. Сіздің мәселеңіз неде? Сізге таблица берілген, онда сіз 4 жұп фигураларға көңіл аударыңызар. Осы 4 жұп фигуралардың ішінен өзіңізге ұнаған бір жұбын бояп шығыңыз. Нәтиже бойынша 4 боялмаған, 4 боялған фигуралар шығады.
Тесттің мақсаты: сіздің өмірде кездесетін кедергілеріңізді дер кезінде шеше білуге және оны көрнекілікпен көрсете білуге жинақылықпен дер кезінде қарсы тұра білуге дайындайды.
7. Идеялар аукционы.
Идеялар айту. Идеяларды сараптау.
І топқа берілетін тақырып: «12 жылдық мектептегі мұғалім, оқушы және ата-ана»
ІІ топқа берілетін тақырып: «Жанұядағы бала тәрбиесі, ата-ананың ролі».
Әр топ өздерінің тақырыбына байланысты ойларын плакатқа түсіреді. Әр топ өзінің тақырыбына байланысты ұранымен немесе шумақ өлеңімен шығады. Топтан бір адам өз идеяларын қорғап шығады.
Қорытынды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, отбасында қандай ахуал болса, бала соған лайық тәрбиеленеді. Баланы күшпен ұстап, шапалақпен ұрып, дөрекі сөздер сойлеп, ұрысу ол дәрменсіздіктің ісі. Балаға бұндай қылық көрсету қазіргі заманның ағымына сәйкес келмейді. Қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және сіздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігіңізді ұмытпаңыздар.
