Без рубрики

ФИЗИКА

Аты жөні Абжанова.Айгүл   Пәні: Физика
№ 80 мектеп-гимназия

Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Электр зарядтарының Кулон заңы бойынша әрекеттесетінін түсіндіру.

ә) Тәрбиелік: Сабақ барысында өз ойын ашық айтуға, тапсырманы дұрыс орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

б) Дамытушылық: Оқушылардың теориялық білімін есеп шығару арқылы тиянақтау, белсенділігін арттыру, тез шешім қабылдауға үйрету.

Сабақтың түрі:дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Сызба плакаттар, тест,  электронды оқулық, мультимедиа

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын  бекіту   Кім жылдам?

  1. Электр зарядының сақталу заңының мәні неде?

Q1+q2+q3+… +qh= const

  1. Неліктен кәдімгі жағдайда денелердің заряды байқалмайды?
  2. атомның құрамына қандай зарядталған бөлшектер кіреді?
  3. Электрон туралы не білесің?
  4. Ядроның құрамы қандай?
  5. 6.     Егер дене электронды қосып алса, онда денеде не байқалады?

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

1)    түсіндіру

Электрлік өзара әрекеттесу күшінің шамасын анықтауға бола ма? Француз ғалымы Ш.О.Кулон 1785 жылы тәжірибе жүзінде вакуумдегі нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын ашты.

Өлшемдері өзара әрекеттесетін денелердің арақашықтығынан бірнеше есе кіші болатын денеде орналасқан зарядты нүктелік заряд деп атайды.

Көптеген тәжірибе жасап Кулон электрленген шарлардың өзара әрекеттесу күші – олардың арасындағы арақашықтықтың квадратына кері пропорцианал деді.

1

F~___

r2

 

F~q1·q2

 

q1·q2

F~ ____

r2

Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне  тура пропорционал және олардың ара-қашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.

k пропорционалдық коэффициентін енгізіп Кулон заңы

q1 q2

F=k ____

r2

q1 ,q2 – зарядтардың шамасы

r – зарядтардың ара қашықтығы

k – пропорционалдық коэффициент

 

1 Кулон – вакуумде 1 м арақашықтықта орналасқан шамасы жағынан өзіне тең нүктелік зарядқа 9 ·109 Н күшпен әрекет етеін нүктелік заряд.

1 кулон — өте үлкен заряд

Денелердің электрленуіндегі тәжірибелерде 1 кулонға қарағанда миллион, миллиард есе кіші зарядтар алынған.

1                    H·м2

k= __ = 9 ·109  ________

4πε0                     Кл 2

 

                                               Кл 2

ε0= 8,85 · 10-12 _______

2

 

                1       q1·q2

F= ___   ·  _____

4πε0        r2

1        q1·q2

F= ___   ·  _____

4πε0        ε r2

 

2)    кітаппен жұмыс  14 жаттығу 1-4 есеп

3)    сергіту  Сәйкесін тап

V. Жаңа сабақты бекіту

Сөзжұмбақ

  1. Зарядтың өлшем бірлігі
  2. 2.     Бір пратон, бір электроны бар элемент
  3. 3.     Зат неден тұрады
  4. 4.     Адам өмір сүру үшін ең қажетті элемент
  5. 5.     Заряды жоқ элемантар бөлшек

VІ. Сабақты қорытындылау. Тест

  1. Электор зарядтарының өзара әрекеттесу  күшін кім ашты?

А) Ом           ә) Ампер           б) Кулон

  1. Теріс зарядталған бөлшек қалай аталады?

А) ядро         ә) электрон             б) ион

  1. Ядроның заряды қандай?

А) теріс            ә)     оң       б) зарядсыз

  1. Зарядты өлшейтін құралды ата?

А) амперметр       ә) диномометр            б) электроскоп

  1. Атомның құрылысы

А) протон, нейтрон      ә) ядро, электрон    б) электрон, пратон, нейтрон

 

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма §31. 14-жаттығу.  № 7 есеп.

Кулон туралы мәліметтер жинау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.