Без рубрики

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

Сыныбы: 5 сынып
Қызылорда облысы   Қармақшы ауданы Ақай ауылы
№99 орта мектеп география  пәні мұғалімі
Жолмаханова Гүлзира

Пәні: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Табиғат байлығы»

Мақсаты: а) Білімділік:табиғат ресурстарының пайда болуы туралы,олардың адамзат үшін

маңызды екенін түсіндіру.

ә) Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ойын

элементтерін пайдалану арқылы картамен  жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

б) Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қорғауға, еңбек ете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, тірек-сызба.

Көрнекілігі: Дүние жүзінің картасы, Қазақстанның физикалық картасы, сызбалар, үлестірмелі материалдар, оқулық, интерактивтік тақта, атлас.

Сабақтың барысы:       І. Ұйымдастыру кезеңі

                                          а) ұжымдық әрекет

                                          ә) сақтандыру

                                           б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

 

                                         ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (сұрақ-жауап арқылы).   

                                Тақырыбы: Адамның табиғаттағы алатын орны.

  1. 1.      Оқулықпен жұмыс. «Ойды аяқта».

А) Адамдар……………. құбылыстарын бақылай және……………………,көптеген…………… ашады.

Ә) …………………………..-кез келген адамның көңіл күйіне қолайлы әсер етеді.

Б) Табиғат-………………., рухани байлықтың қайнар көзі.

В) Табиғат аясының ………………. адамды…………………қоймайды.

Г) Адамға қажет деген кез келген……………………….- табиғат…………………….. алынады.

  1. 2.      Үй тапсырмасы бойынша оқушылар шығармашылығы. (Табиғаттың зияны мен пайдасы).

 ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

  1. 3.      Шеңбер сұрақтарына жауап беру. (Шеңбер сұрақтарына жауап берсе, жаңа сабақтың тақырыбы шығады).
  2. Табиғаттың адам үшін маңызы нешеге бөлінеді.?(5).
  3. Адамдар өздеріне өсімдіктер мен жануарлардан не алады? (азығын,киімін).
  4. Біздің ғаламшарымызда тірі организмдер неше тіршілік ортасына бөлінеді?(4).
  5. Барлық тіршілік үшін не қажет?(жарық, температура,ылғалдылық,азық-түлік).
  6. Тіршілік иелерінің сол жердің табиғат жағдайына және ортасына бейімделуі қалай аталады?

(Адаптация).

  1. Саңырауқұлақта не болмайды? (тамыр, жапырақ,сабағы).
  2. Қандай саңырауқұлақты тек микроскоппен көре аламыз? (зең және ашытқы).
  3. Бөлме өсімдіктері нешеге бөлінеді? (3-ке. Жарық сүйгіш, жылу сүйгіш, көлеңкеге бейім).
  4. Жануарлар қоректенуіне қарай нешеге бөлінеді? (4).
  5. Флора нені құрайды?(өсімдіктер).
  6. Фауна нені құрайды? (жануарлар).
  7. Сүт қоректілердің ыстық ауа мен күресу үшін қандай мүшесі атқарады? (құлағы).
  8. Тіршілік ортасы дегеніміз не? (тірі организмдердің бір-бірімен байланысып өмір сүретін табиғаттың бір бөлігі.).
  9. Қорегін жеу үшін жануарлардың сыртқы пішіні өзгереді ма? Мысал келтір?

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақырыбы: Табиғат байлығы.

  1. Тірек-сызба.

Ресурс дегеніміз- адамға қажет деген нәрсенің барлығы. Француз тілінен аударғанда – нәрсе,қор деген мағынаны білдіреді.

 

  1. Кесте.

 

Минералды байлықтар Жер байлықтары Құрлықтағы су байлықтары Орман байлықтары
Қазіргі кезде минералдық байлықтардың 200-ден артық түрі пайдаланыла-ды. Олар жер қыртысы-

ның геологиялық дамуына байланысты дамыған. Мұнайдың ең көп қоры Сауд Арабиясында, Иран мен Иракта, Ресейде. Газдың ең көп қоры – Ресей мен Иранда, АҚШ,Қытай, Аустаралия

 

 

 

Құрлықтың ауданы 13,4 млрд. га, соның 34 пайызы ауыл шаруашылығына жарамды жерлер алып жатыр. Құрлыс екі пайыз, ормар 30 пайызды, шөл мен мұздықтар 34 пайызды алуда. Ресей,Қазақстан, Ақш, Канада,Қытай, Бразилия-тың жерлерді кең көлемде игерген елдер. Тұщы су қоры гидросфераның жалпы көлемінің 2,5 пайызын ғана құрайды. Су энергетика ресурстарының 50 пайыздан астамы Қытай мен Ресейге, Бразилия мен Канадаға келеді. Ағаш қорының көптігінен Ресей, Канада, АҚШ, алдыңғы орындарда. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жанатын пайдалы қазбаларға: мұнай мен газ, уран.(қосымша деректер).

Қазақстанда мұнай мен газ—- Атырау,Маңғыстау,Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған.

Қазақстанда көмір қоры мол—мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазіргі кезде Қарағанды алабы 3600 км шаршы жерді алып  жатыр.                                                    Қарағанды көмірі кокстелетіндіктен сапасы өте жоғары. Тас көмірдің 80 қабаты анықталған, олардың жалпы қалыңдығы — 120 метр.

Қазақстанның минералды шикізаты: базасы дүние жүзінде уранның 25 пайызын құрайды. Елімізде уранның 100-ге жуық кен орындарда барланған. Оның тең жартсы солтүстік Қазақстанда орын алады.

 

                                                              2.  Картамен жұмыс.

 


 

 

  

          

 

     

 

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қазақстан қалаларына саяхат. Қазба байлықтардың белгілерін тауып, оларды тиісті орындарына барып қою.
  2. Ассосация.

 

3. Кескін картаға Қазақстанның қазба байлықтарын түсіру.

4. Оқушылар бір – біріне сұрақ қояды.

Ү. Жаңа сабақты қорытындылау.

Тест сұрақтары.

  1. Жер бетіндегі барлық өсімдіктер қалпына келетін қандай ресурсқа жатады?

А) Биоресурстарға                Б) Георесурстарға             В) Гидроресурстарға

  1. «Ресурс» француз тіліне аударғанда нені білдіреді?

А) Ыдырау            Б) Тарау             В) Нәрсе, қор

  1. Табиғат ресурстары нешеге бөлінеді?

А) 3                          Б) 2                    В) 4

  1. Қалпына келетін ресурстарға нелерді жатқызамыз?

А) Металл рудалары        Б) Күн жүйесі               В) Топырақ, өсімдіктер, жануарлар

  1. Жанатын пайдалы қазбаларды ата?

А) Мыс, ас тұзы               Б) Мұнай мен газ          В) Темір, цемент

  1. Алтын қорынан Қазақстан дүние жүзі бойынша нешінші  орында?

А) 3                     Б) 5                   В) 1

  1. Қазақстанда мұнай қоры көбінесе қай өңірлерде шоғырланған?

А) Батыс              Б) Шығыс              В)  Орталық

 

ҮІ. Үйге тапсырма. Табиғат байлықтарын оқып келу, кескін картаға түсіру. Реферат жазу.

ҮІІ. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.