«Біржан мен Сара» айтысындағы әлеуметтік мәселе.

Тойшыбаева Роза. Егіндікөл орта жалпы, білім беретін мектебі мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы.

Класы:  9-сынып. Әдебиет

Тақырыбы:         «Біржан мен Сара» айтысындағы әлеуметтік мәселе.

Мақсаты: 1) «Біржан мен Сара» айтысындағы көтерілген әлеуметтік   мәселелерді айқындай отырып, айтыстың                                            маңызын ашу.

2) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру,  логикалық ойлауын дамыту.

3) Төл өнерімізге деген қызығушылығын арттыру, өнерді құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: екі ақынның суреті, слаидтар, интерактивті тақта.

Түрі: дәстүрлі емес.

Әдісі: СТО,  ойланут, топтастыру, сұрақ-жауап.

Өту  барысы:

І. Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Айтыс деген не?

 

«Мәні бөлек, мәрт өнер айтыс деген» деп ақындарымыздың өзі бас иген ұлттық өнеріміз сонау ата-бабаларымыздан сақталып келген. Оны қалай дәлелдейміз?

/ Ең көне түрі – Бәдік айтысы арқылы/

Өзінің құрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі- қай айтыс деп білеміз?

/ «Біржан мен Сара» айтысы/

 

Кейіпкерлерге сипаттама

ІІ . Мағынаны тану

Айтыстан ұнаған шумақтарды жатқа айту.

(Біржан сипаты, Сара сипаты)

 

ІІІ. Бүгінгі сабағымыз осы айтыстағы екі ақынның көтерген әлеуметтік әселесін тану, талдау болатын. Олай болса, өздеріңді толғандырған, әсер еткен мәселелерді жаза қойыңдар. Оған түсініктеме бересіңдер.

Әлеуметтік мәселе Түсініктеме
Ру мәселесі
  1. Найманда екі жүзді
  2. Найманда байлық бар ма біздің елдей?
Елдегі атақты адамдарды дәріптеу Арғын руының атақтылары

Найман руының атақтылары

Қазақ қыздарының бас бостандығы

 

 

Сатылай кешенді талдау.

«Біржан мен Сара» айтысы

  1. Түрі:  айтыс
  2. Тақырыбы: Қазақ әйелдерінің бас бостандығы
  3. Әдеби жанры:  поэзия, айтыс.
  4. Басты кейіпкерлері:
  5. Теңеулер.
  6. Метафора
  7. Негізі идеясы

Айтыста Сараның жеңіліп қалуына кім кінәлі?

Қорытынды:

Айтыс- сөз таласы, шешендік пен тапқырлық, заман, қоғам, әлеумет туралы толғаныстар. М.Әуезов: «Айтыс-сөз барымтасы» деп баға берген.

Үйге тапсырма:

«Біржан –азамат ақын»

«Сара – үздік өнер иесі» /шығарма/ ,  үзінді жаттау.

Комментариев нет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше