ГЕОГРАФИЯ.

Жолмаханова Гүлзира
мектеп Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы Ақай ауылы
№99орта Сыныбы: 8 сынып.

Тақырыбы: «Қазақстанның өзендері».
Мақсаты: а) Оқушыларды Қазақстанның ішкі суларымен таныстыру. Өзен жүйесі, өзен алабы,
өзен жүйесінің ерекшелігі, өзеннің су шығыны, жылдық ағынын, өзендердің қоректенуі мен режимін сипаттау.
ә) Оқушылардың ой-өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін, сөйлеу қорын, өз бетінше
тақырып бойынша іздену, зерттеу,сабаққа деген қызығушылығын дамыту.
б) Қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға, өзендердің қазіргі экологиялық
жағдайына мән беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдіс-тәсілдері: баяндау, сипаттау, талдау, сұрақ-жауап, ой шақыру.
Көрнекілігі: Электрондық оқулық, интерактивті тақта, тірек-сызбалар, Қазақстанның физикалық
картасы, Қазақстанның ішкі сулар картасы.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) түгелдеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Электронды оқулық арқылы жұмыс жасау.
1.Күн радиациясының мөлшері бірдей аумақтарды контур картада тиісті түспен бояу керек?
2. Тау желдерінің атын сәйкес анықтамаларға ауыстырыңыз?
А)…………………… Жетісу Алатауының оңтүстік шығысында Қытайда орналасқан Ебінұр қазаншұңқырында, жоғары қысым пайда болғанда соғады.
Ә). ………………….. Ебі желіне кері бағытта Жетісу қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел.
Б)……………………… Шілік өзені бастау алатын мұздықтар өңіріндегі салқын ауаның Іле аңғарына қарай ығысуынан пайда болады.
В). …………………… Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен соғады.
Г). …………………… Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы Жетіжол жотасы Кіндіктас тау аралығындағы Қордай асуының үстінен соғатын жел.
Д). …………………. Мұғалжар тауынан соғады, әсіресе Маңқыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде байқалады.
Жауабы: Ебі желі, Сайқан желі,Шілік желі, Арыстанды-Қарабас желі, Қордай желі, Мұғалжар желі.
3. Қаңтар айының орташа температуралары бірдей аумақтарды тиісті түспен бояу?
4. Қазақстандағы ауа температурасын орналастырыңыз?
Солтүстік Қазақстанның орташа жылдық температурасы- +0,4˚С
Оңтүстік Қазақстанның орташа жылдық температурасы – +13,7˚С
Солтүстік Қазақстанның қаңтар айының орташа температурасы – 19˚С
Оңтүстік Қазақстанның қаңтар айының орташа температурасы -1,5˚С
Солтүстік Қазақстанның шілде айының орташа температурасы + 19˚С
Оңтүстік Қазақстанның шілде айының орташа температурасы +29˚C
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Климаттың адам өмірі мен оңың шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.
Суреттерді сипаттау (су,өзен,көл, жер асты суы, мұздықтар, канал, бөген).
Жұмбақ
Күн астында көк шұбар
Одан асау жоқ шығар
Жарытпайды ол қоныстап,
Тұра алмайсың оны ұстап
(өзен)

ІV. Жаңа сабақ
Су-құрлықтағы сұйық, қатты, газ күйіндегі болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден-бір минерал. Республика аумағында ішкі суларды бірнеше түрге бөлуге болады.
Олар: өзендер, көлдер, жер асты суы, мұздықтар және бөгендер мен каналдар.
Өзен дегеніміз-табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су.
Өзендер үлені-кішісіне қарамай, батпақтардан, мұздықтардан, көлдерден, бұлақтардан бөлініп шығатын жылғалардан басталады.
-Өзеннің ағып шығатын жері-бастауы.
-Өзеннің құяр жері-сағасы.
-Негізгі өзенге жолда қосылатын өзендер-салалары.
-Аңғардың табанындағы өзен суы ағып жататын ойыс- арна.
– Өзеннің барлық салаларымен қосылған тұс-өзен жүйесі.
– Өзен саласының тармаққа бөлінуі-атырау.

1.Өзен жүйелері және өзен алаптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Каспий теңізі алабына Арал теңізі алабына Балқаш –Алакөл көлдер
жүйесіне
Жайық өзені Сырдария саласы Қаратал өзені
Жем өзені Арыс саласы Лепсі өзені
Сағыз өзені Шу өзені Ақсу өзені
Ойыл өзені Сарысу өзені Іле өзені
Үлкен өзен Торғай өзені Тентек өзені
Кіші өзен Ырғыз өзені Сарқан өзені
Талас өзені Басқан өзені

  1. Өзендердің ағынына тән ерекшеліктер (оқулықтағы сурет бойынша)
  2. Ағынның маусым бойынша таралуы.
  3. Өзен суының шығыны мен жылдық ағыны

 

 

 

Өзендердің қоректенуі мен режим

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Режим түрлері
Қазақстандық тип-көктемгі қар ерігенде өзен ағыны күрт көтеріледі Мұз режимі-тау бөлігінде ағыстың күшті болуына байланысты тұрақты мұз жамылғысы қалыптаспайды.

V. Жаңа сабақты бекіту
1. Оқулықпен жұмыс жасау.
Жоспары
Солтүстік Мұзды мұхит алабы Ішкі тұйық алап
Капиий Арал Балқаш-Алакөл
Ірі өзендері
Қоректенуі
Режимі
Шаруашылықтағы
маңызы

 

  1. Атласпен жұмыс жасау. Өзендердің қайда құятынын тауып, картадан көрсету.
    Ертіс өзені …………… құяды.
    Есіл өзені ………………. құяды.
    Тобыл өзені …………….. құяды.
    Жайық өзені ………………. құяды.
    Іле өзені ……………………. құяды.
    Шу өзені …………………… сіңіп кетеді.
    Сырдария өзені …………………… құяды.
    Жауабы: Обь, Ертіс,Ертіс, Каспий, Балқаш, Топырақ, Арал.
  2. Электронды оқулық.
  3. Кескін картада өзен бассейндері бойынша бояп шығу. Өзен бассейіндері белгіде көрсетілген.
  4. Сөздерді суретке апару арқылы әр стрелканың мағынасын жазу керек.
    (булану;жауын; су буының конденсациясы; жер асты суы; беткі, оның ішінде өзен ағысы;)

VІ. Жаңа сабақты қорытындылау
Электронды оқулық.
1. Қазақстан өзендерінің суреттері және маңызы.
2. Тест.
1. Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су?
А) көл Б) мұздық С) өзен Д) саға
2. Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты қанша өзен бар?
А) 75000 Б) 45000 С) 85000 Д) 25000
3. Қазақстанда ұзындығы 1000 км-ден асатын өзеннің бірін көрсет?
А) Сағыз Б) Ойыл С) Сырдария Д) Жем
4. Негізгі өзенге жолда қосылатын өзендер қалай аталады?
А) өзен жүйесі Б) бастауы С) салалары Д) арна
5. Каспий теңізі алабына жататын өзеннің бірі?
А) Қаратал Б) Торғай С) Жайық Д) Шу
Тесттің жауабы: барлық «С» нұсқасы дұрыс.
3.Электронды оқулық. Судың атқаратын қызметі.

VІІ. Үйге тапсырма 27 оқып келу, кескін картаға Қазақстанның өзендерін түсіріп келу,
реферат жазу.
VІІІ. Оқушыларды бағалау

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше