ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ.

Пәні: Қызылорда облысы  Қармақшы ауданы
Төретам кенті   №85 орта мектеп  Дене тәрбиеі
пәні мұғалімі
Айжарықов Мұрат

 Пәні: Дене тәрбиесі     тақырыбы: Тепе-теңдік жаттығулары                     

Мақсаты:

Білімділік:  оқушыларға тепе-теңдік жаттығулары туралы білім беріп,әдіс-тәсілдерін  көрсетіп үйрету және гимнастикаға қызығушылығын ояту.

Дамытушылық:  оқушылардың қимыл-қозғалысын дамытып пәнге қызығушылығын арттыру.                                                                                                            

Тәрбиелік:  оқушыларды тақырып бойынша  жаттығуларды ұқыпты, өз мәнінде жасауға, ептіліккіе, күштілікке, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.                                                                                                                          

Түрі: дәстүрлі сабақ  

Типі:  Білім, білік, іскерлік дағдыны бекіту сабағы.

Көрнекілігі:  плакаттар, доптар, ракетка, таяқша.

Құрал-саймандар: ысқырық, бөрене.

Сабақтың барысы:

1.Дайындық бөлім                                                                                                          2.Негізгі бөлім                                                                                                         3.Қорытынды бөлім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысы

р/с Сабақтың мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар
І Дайындық бөлімі

14 минут

 
  1.Сапқа тұру, сәлемдесу, баянат беру,түгендеу,өткен сабаққа шолу жасау, сабақтың мазмұнын қысқаша  түсіндіру.

2мин

Кезекші сыныптың сабаққа дайын екендігін мұғалімге баянат  ету
  2.Саптағы  бұрылу жаттығулары:А)оңға бұрыл

Ә)солға бұрыл

Б) кері бұрыл

 

1мин

Дұрыс бұрылуын қадағалау
  3.Жүру жаттығулары:

3мин

 
  А)қол жоғарыда аяқтың ұшыменӘ)қол белде аяқтың өкшесімен

Б)Жартылай отырып жүру

В)толық отырып жүру

 

Алақанды қарама-қарсы ұстаймыз 

Қолды белде ұстаймыз

Қолды алға созамыз

Қолды тізеде ұстаймыз

  4.Жүгіру жаттығулары:А)Бір қалыпты жүгіру

Ә)оң қапталмен жүгіру

Б) сол қапталмен жүгіру

В)тізені көтеріп жүгіру

Г)аяқты артқа сермеп жүгіру

Д)бұрыштан бұрышқа жүгіру

Е)дем алу, саптық жүріс

3мин

 Жүгіру жаттығулары кезінде аяқты дұрыс қою және қолдың жұмыс істеуіне мән беріп бақылау.

Жылдам  жүгіру

  5.Бір орында жасалатын жаттығулар:А) Аяқ иық көлемінде қол белде. Басымызды оң жаққа 1-2 рет, сол жаққа 3-4 айналдырып, 5-6 рет қайталаймыз.

Ә)Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, екі қол иықта, оң қол оң иықта, сол қол сол иықта, 1-2 қолды алға айналдырамыз. 3-4 қолды артқа айналдырамыз.

Б) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол төменде, қолды ауыстырып сермиміз.

В)Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қол белде, белді оңға 1-2, солға 3-4 айналдырып,      5-6рет қайталаймыз.

Г) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, оң қол жоғырыда ,сол қол белде, қолды ауыстырып кезек-кезек екі жаққа иілеміз. 5-6рет қайталаймыз.

Д) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде,қол тізеде, іщке1-2, сыртқа 3-4 айналдырып,5-6рет қайталаймыз.

Е)Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қолды алға созып

10-15 рет отырып тұрамыз

              5мин

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығудың бірдей жасалуына мән беруДенені тік ұстаймыз, көзді  жұмбаймыз

 

 

Денені тік ұстаймыз, қолдың иыққа толық тиюін және толық айналуын қадағалаймыз

 

 

Денені тік ұстаймыз қолдың жазылуын, қолдың бүгілмеуін қадағалаймыз

Қол белде, дұрыс еңкеюін қадағалаймыз

 

 

Толық еңкейеміз

 

 

 

 

 

Толық айналдырамыз

 

 

 

Дұрыс отырып тұруын қадағалаймыз

ІІ Негізгі бөлім:

26 минут

 
  1.Оқушыларға тепе-теңдік жаттығулардың әдіс-тәсілдерін, түрлерін, пайдасын, айырмашылығын көрсетіп түсіндіру. Техника қауіпсіздік ережесін ескерту.Бөрене үстіндегі жаттығулар:

А)жүрістегі әр түрлі қозғалыстар: аяқтың ұшымен жүру,тіркеме адыммен жүру, еңкейіп жүру,тоқтап бұрылу,бір аяқпен отырып тұру, «қарлығаш» бейнесін жасау.

Ә)қарама қарсы жүріп өту

Б)екі ауыр допты  ұстап жүру

В)жеңіл допты лақтырып қағып алып жүру

2.Эстафеталық ойын:

Сынып оқушыларын екі топқа бөлу. Сайыс барысында:

1.Теннис добын түсіріп алма.

2.Тез есепте.

3.Сыңарын тап.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2рет

2рет

2рет

Мұғалімді мұқият тыңда! Қауіпсіздік ережесін сақтау

 

 

Тепе-теңдік сақтау

 

Аяқтың дұрыс басуына мұқият болу

 

 

 

 

Отыру және аттау арқылы жүріп өту

 

 

 

 

 

Сайыстың дұрыс орындалуына мән беру.

ІІІ Қорытынды бөлім

5 минут

 
  Сапқа тұру, сөзжұмбақпен сабақты бекітіп, сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма:  «қарлығаш» бейнесін жасау және бір аяқты алға созып отырып тұру. Оқушыларды  бағалау.

Қоштасу.

 

 Қателіктерін айту, көрсету.

Үйде өз бетінше жаттығуды дұрыс орындау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше