Сынып дарабозы

Маңғыстау облысы,  Қарақия ауданы
Мұнайшы кенті №5 орта мектеп
мұғалімі Мыңбаева Айгүл

Мақсаты:  1. Білімділік: Оқушыларға өткен материалдарды қайталата отырып,білімдерін тексеру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,білімдерін жан-жақты дамыту,өмірдегі қарым-қатынасты кеңейте білуге үйрету. 3.Тәрбиелілік: Балаларды достық қарым-қатынасқа, мейірімділікке, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
: Шарлар, плакаттар, үнтаспалар, музыкалық аппарат.  Әдісі:Жарыс сабақ.

Барысы:

Болат: Қош келдіңіздер,қадірлі де құрметті ,ардақты да аяулы ұстаздар, келген қонақтар.

Жұлдыз:Армысыздар,ұстаздарым қымбатты,

Армысыздар,сұлу қыздар сымбатты.

Талай ғасыр небір ақын-жыраулар,

Жігіттердің батырлығын жырлапты.

Болат: Бүгін « Сынып дарабозы» атты байқауымызға қатысатын сыныптастарымыз өздерінің біліктілік,ақыл-парасат,өнер,жігерін көрсетіп, тапқырлық көрсетулері керек.

Жұлдыз: Енді сайысымыздың жүрісіне тоқталайық. Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады: 1.Таныстыру.

2.Өнер сайысы.

3.Сұрақ-жауап

4.Поэзия минуты.

Болат: Ал енді сахнаға сұлу да сымбатты, сыпайы да ұстамды, өнерлі де жігерлі, сері жігіттерді шақырайық.

Жұлдыз: Спортпенен білім жағын бір қосқан,

Кем қалмаған талантпенен табысқан.

Алдарыңызда өзі палуан күрескер,

Сыныптасым Оңғарбаев Қанатжан.

Болат:Білімді, алғыр, ақылды,

Танитын алыс-жақынды.

Сыныптың озат түлегі

Шақырайық ортамызға Әділді.

Жұлдыз: Жақсы оқиды, өнері бар талапты

Бұл сыныпты өзі қалап, таңдапты.

Шындық үшін шырылдайды, ұлтжанды,

Шақырайық ортамызға Мирасты.

Болат: Білімменен бүгін міне ән қосты,

Сұрақпенен жауаптарды талдасты.

Алғырлығын тағы бізге дәлелдер,

Ортамызға шақырайық Рахметті.

Жұлдыз:Өлеңімен тамсандырған талайды,

Біледі ол жақсы менен жаманды.

Талайларды таң қалдырып жүреді ол,

Ортамызға шақырамыз Бақытжанды.

 

 Болат: Ал, енді, әділқазылар алқасын айтып өтейік. Мектебіміздің  тәрбие ісінің орынбасары Аманшаева Ләззат апай, мектеп психологы  Нұрсолтанова Ақмарал апай,тарих пәні мұғалімі Айтмағанбетова Айткүл апай.

Жұлдыз: Ерлер жайлы жоқ тарих жазып біткен,

Құрсын соғыс ерлерді азып күткен.

Өжеттікпен, ерлікпен емес қыздар,

Жігіттерді сыйлайық нәзіктікпен. -деп,  алғашқы сайысымызды «Таныстырумен» бастайық.

Болат: Ортаға Әбдіқадыр Әділді шақырайық…….

Жұлдыз: Ал, жігіттер, сендерге сәттілік тілейміз.

Әр оқушы ортаға бір-бірлеп шақырылады.

Жұлдыз: «Жігітке жеті өнер де аз» дейді халқымыз.Өнерпаз болсаң өр бол.Ал, жігіттер, енді өздеріңді өнер сайысында көрсетіңдер.

Ортада Әбдіқадыр Әділ…….

Бірінен соң бірі өз өнерлерін көрсетеді.

Болат:Ендігі кезекте сайыскерлерімізді білім жағынан тексерейік. Жұмбақ шешу, мақал-мәтелдер айтудан жарысады.

Жұлдыз: Ал, қазір сахнаға сынып екпіндісі Бекібаева Мадинаны өлең оқуға шақырамыз.

Жұлдыз: Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Мен сені неге іздедім сезесің бе?

Неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан

Шырақтардан, аттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.-деп,келесі сайысымыз « Поэзия минутына» арналады.

Болат: Құрметті көрермендер! Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы бір шешімге келгенше, ортамызға әнші қызымыз Айгерімді және сыныптастарымызды  «Балалық шақ» әнімен шақырамыз.

Жұлдыз: Ендігі сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Марапаттау.

Мұғалім: Сайысымызды көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше