ГЕОГРАФИЯ
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылы
№99 орта мектеп география пәні мұғалімі Жолмаханова Гүлзира
Сыныбы: 8 сынып
Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы.
Пән мұғалімі: Г.Жолмаханова
Тақырыбы: Климат қалыптастырушы факторлар.Күн радиациясы.
Мақсаты: а) білімділік: Климат жағдайларының ерекшеліктері жөніндегі білімді қалыптастыру:
Қазақстан климатына қатысты әрбір климат қалыптастырушы факторлардың әсерін қадағалау және жалпы климат ұғымдары білімдерін тереңдету.
ә) дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге,ой-өрісін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: Қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту,білім біліктілігін қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,баяндау,сипаттау,ой-шақыру
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық географиясы, Күн радиациясының картасы,үлестірмелі
материалдар, суреттер,электрондық оқулық,интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: физика,әдебиет
Пайдаланған әдебиетер: 8-сынып оқулығы,«География және табиғат» журналы
элекрондық оқулық, ғаламтор материалдары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) салемдесу
ә) түгелдеу
б) оқушылар назарын сабаққа аударту.
ІІ. Ұй тапсырмасын сұрау.
«Жер бедері» тақырыбы бойынша қайталауға арналған тапсырмалар.
Суреттерді сипаттау.
- Геохронологиялық кесте бойынша эраларды ата?
- Сейсмология қандай ғылым?
- МSК-64 қандай шкала?
Кесте толтыру,картадан көрсету.
| Аласа таулар | Биік таулар |
| 1.Сарыарқа |
|
| 2.Мұғалжар |
|
| 3.Маңғыстау |
|
|
Пайдалы қазбалардың шартты белгілерін түсіру.
- Алюминий-
- Алтын-
- Мыс-
- Темір-
- Табиғи газ-
- Тас көмір-
- Вольфрам-
- Мұнай-
ІІІ. Ұй тапсырмасын пысықтау
Ауа райы құбылыстарына байланысты жұмбақтар шешу.
- Жүйрік өзі тұлпардан, 3.Қанатсыз құс маңып барады.
Ұшқыр өзі сұңқардан. Көзінен жас тамып барады. (Бұлт)
Күні-түні жүйткиді.
Кең далада бір тарлан. (Жел) 4. Бар ма, жоқ па-оны анық білмейсің,
- Түбі тесік шелектен Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)
Су тамшылап тұрғандай 5. Шашылды көктен ақ моншақ,
Басталып еді ол еппен Жоғалды бірден тапқанша-ақ (Бұршақ)
Ақтарылды түк қалмай (Жаңбыр)
ІV. Жаңа сабақ.
Климат қалыптастырушы факторлар.Күн радиациясы
Ауа райы дегеніміз-атмосфераның жер бетіне таяу қабатының белгілі бір қысқа мерзіміндегі
жай-күйін айтамыз.
Атмосфера қысымы,температура,ылғалдылық,бұлттылық,жауын-шашын атмосфераның
элементтері деп аталады.
Климат дегеніміз-ауа райының көп жылдар бойы қайталанып отыратын белгілі бір типтерін атаймыз.
Климаттың пайда болуы оның себептеріне байланысты.оларды климат қалыптастырушы факторлар деп атайды.
Аймақтың географиялық орнына, жер бедеріне, ішкі суларына, мұхиттан алыс-жақындығына қарай өзгереді.
Климат қалыптастырушы факторлар
Күн радиациясы Атмосфералық циркуляция Жердің төсеніш беті
тура күн температура жер бедері
радиациясы ылғалдылығы қар
шашыранды жиындық мөлдірлігіне су
радиациясы радиация топырақ
жұтылған радиация өсімдік
шағылысқан радиация
Күн радиациясы-килоколория/см2
Энергия-джоуль
1ккал/см2 ≈42 мДж/м2
Мысалы, 100 ккал/42 мДжм2=4200 мДж/м2
Кесте.
| Қазақстанның солтүстік бөлігі | Оңтүстік бөлігі |
| 1.Күн сәулесінің түсу ұзақтығыҚостанайда 2132 сағат | Қызылорда қаласында-3042 сағат |
| 2. Ашық күндер орта есеппен 120 күн | 260 күн |
| 3. Бұлтты күндер орта есеппен 60 күн | 10 күн |
| 4.Жылдық жиындық радиация 100 ккал | 155 ккал |
V.Жаңа сабақ бекіту
1.Сандар сөйлейді: 90,10,260,60,3042,2132,20
Дәптермен жұмыс.
2.Артық сөзді табу.
| 1 | Жауын-шашын,жел,бұлттылық,мұнай,үсік |
| 2 | Қысым,боран,көктайғақ,жанартау,дауыл |
| 3 | Климат,ауа райы, радиация,алтын,қар |
| 4 | Джоуль,бұлт,килоколория,Алтай,аяз |
| 5 | Күн,топырақ,Өсімдік жамылғысы,мезозой, су |
3.Адасқан әріптерді сәйкестендіру:
- ЕФАМОТАСР-Атмосфера
- ҰТБЛ-Бұлт
- АТЛИКМ-Климат
- ЯАРАИДЦИ-Радиация
- ДЬОЖЛУ-Джоуль
VІ. Жаңа сабақты пысықтау
1.Кескін картамен жұмыс жасау.
Жиындық күн радиациясының шартты белгілерін түсіру.
2.Электрондық оқулықпен жұмыс жасау. Климаттың әсері.
VІІ. Қорытындылау.
Тест
- Қазақстан климатының шұғыл континенттілігі … байланысты:
A) Атлант және Тынық мұхиттарынан шалғай жатуына.
B) Солтүстіктен оңтүстікке көп көлемді жерге созылып жатуында.
C) Жазықты жерлердің көп болуына
D) Табиғат зоналарына.
E) Оңтүстік аумағы таулы болуына.
- Ауа райының көп жылдар бойы қайталануы қалай аталады?
А) Климат
В) Радиация
С) Энергия
D) Қысым
Е) Бұлттылық
- Қазақстанның климаты неше фактормен анықталады?
А) 3
В) 5
С) 7
D) 12
Е)9
- Белгілі бір уақытта 1 см2 жер бетіне түсетін күн қуаты немен есептелінеді?
А) Дж/м2
В) Дж/см
С) Джмм
D)
Е)
- Қазақстанда жылдық жиындық радиация мөлшері солтүстікте қанша килоколория?
А) 100
В) 155
С) 200
D) 50
Е)300
VІІІ. Үйге тапсырма беру. §20 оқып келу,кескін картаға жиындық күн радиациясын түсіру,
реферат жазу.
ІХ.Бағалау.
