Без рубрики

ФИЗИКА

 Қызылорда обл, Қармақшы ауданы  № 80 мектеп-гимназия
Пәні: Физика Сыныбы: 8
Пән мұғалімі:Алданиязова Жанар

 Сабақтың  тақырыбы:  Өткізгіштерді  тізбектей  және  параллель  қосу

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың  білімге  деген  қызығушылығын  мен  ынтасын  арттыруға,  берілген  тізбектей  және  параллель  өсу  қасеттерін  қолданып,  есептер  шығару.

Дамытушылық: Ережелерді  есептер  шығару  барысында  қолдана  білу  дағдысын  қалыптастыру  жылдам  ойлауды,  шапшаңдықты,  өз  бетімен  жұмыс  жасау  белсенділігін,  логикалық  ойлау,  физикалық  тілде  сөйлеу  қабілетін  дамыту.  Оқушылардың  теорияны  практикамен  ұштастыра  білуге  үйрету.

Тәрбиелік:  Топпен  жұмыс  істеу,  мәдениетін  қалыптастыру.  Оқушыларды  ұйымдастырушылыққа,  шыншылдыққа,  және  сүйгіштікке  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  Дәстүрлі.

Сабақтың  типі:  Аралас.

Сабақтың  әдісі:  Сұрақ-жауап,  түсіндіру,  есептер  шығару.

Сабақтың  көрнекілігі:  Ток  көзі,  амперметр,  вольтметр,  қыздыру  шамы,  өткізгіш  сымдар,  катушка,  электр  машина,  электроскоп,  кондинсатор,  реостат,  генератор,  т. б.

Пәнаралық  байланыс:   математика,  ағылшын.

Сабақтың  барысы:

І Ұйымдастыру  кезеңі.

Өтілген  материалдарды  еске  түсіру.  Сыныпты  екі  топқа  бөлу:  ток  күші,  кедергі.  Топ  басышларын  анықтау.

Ток  күші:  Ток  күші  сенің  арқан  өмір  сүргеніміз,

Сабақ  оқып,  теледидар  көргеніміз.

Қымбат  қылып  бағанды  көтерсе  де,

Ақшасын  ауырсынбай  төлейміз  біз.

 

Кедергі:    Электр  тогын  сипаттайтын,  сақтайтын,

Токты  тежеп,  құралдарды  сақтайтын.

Ом  заңында  оны  бөлек  бір  шама,

Кедергіні  таныстырам  баршаға.

«Жұмбақ  конверт»  ойыны

(Бір  мезгілде  әрқайсысына  тапсырмалар  беріледі)

 

 

 

«Бұл  қай  формула?»  тапсырмасы

  1. Металл  өткізгіштер  кедергісінің  температураға  тәуелділігі  қандай?
  2. Асқын  өткізгіштік  құбылысы  туралы  не  білесіңдер?

ІІІ  Үй  тапсырмасын  бекіту.

R=R(1+at)  өлшем  бірлігі  К–1

Асқын  өткізгіш  деп  таза  металдардың  (мысалы:  мырыштың,  алюминийдің,  қалайының,  сынаптың,  қорғасынның)  және  бірқатар  қоспалардың  кедергісінің  абсолют  0-ге  жақын  температураларда  кенет  0-ге  дейін  төмендеу  құбылысын  айтады.

ІV  Жаңа  сабақ

Техника  және  тұрмыста  әр  түрлі  тұтынушылар:  қыздыру  шамдары,  үтіктер,  электр  пештері,  электрқозғалтқыштар  және  т. б.  қолданылады.

Өткізгіштерді  жалғаудың  тәсілдерін  қарасырайық:

1-тәсіл:  Егер  1-ші  өткізгіштің  соңы  2-ші  өткізгіштің  басымен,  2-ші  өткізгіштің  соңы  3-ші  өткізгіштің  басымен  жалғанса,  онда  мұндай  қосуды  тізбектей  жалғау  деп  атайды.

Бір  секундта  өткізгіштің  көлденең  қимасы  арқылы  бірдей  мөлшердегі  еркін  заряд  тасушылар  өтсе,  өткізгіштертегі  тізбектей  жалғанғанда, өткізгіштегі  ток  күшінің  шамасы  І бірдей  болады.  Алайда,  өткізгіштің  ұшындағы  U1  және  U2  кернеулері  әр  түрлі.

Тізбектің  әрбір  бөлігіне  Ом  заңын  қолданамыз.

Демек,  U=IR.  U1=IR2.  U=U1+U2  екенін  ескере  отырып,  U=IR  1+IR2=I (R1+R2)  аламыз.

Тізбектей  жалғанғанда  бірнеше  өткізгіштен  тұратын  тізбектің  кедергісі  жеке  өткізгіштер  кедергілерінің  қосындысына  тең.

Өткізгіштердегі  тізбектей  жалғанғанда  ток  күштері  бірдей,  ал  тізбектегі  жалпы  кернеу  оның  жеке  бөліктеріндегі  кернеулердің  қосындысына  тең  болады,  ал  жалпы  кедергі  әрбір  өткізгіштің  кедергілерінің  қосындысынан  тұрады&

I=I1=I2…=I

U=U1+U2+…U

R=R1+R2+…R

Өткізгіштердегі  тізбектей  жалғаудың  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Тізбектегі  өткізгіштердің  ең  болмағанда  біреуі  жұмыс  істемесе,  онда  бүкіл  тізбек  бойындағы  ток  жүрмейді.  Егер  88(а)  суретте  көрсетілген  тізбектегі  шамның  біреуін  бұрап  алсақ,  онда  екінші  шам  да  жанбай  қалады.  Бұған  өздерің  де  тізбектей  жалғанған  шырша  шырақтарының  бір  шамшырағын  бұрап  алып  көз  көз  жеткізулеріңе  де  болады.

2-тәсіл:  егер  өткізгіштердің  басын  бір  ғана  а  нүктесінде,  ал  ұштарын  екінші  бір  В  нүктесіне  жалғасақ,  онда  мұндай  жалғауды  өткізгіштердің  параллель  жалғау  деп  атаймыз.

Жазықтағы  қиылыспайтын  екі  түзу  (параллель)  электр  тізбегінің  екі  өткізгіштен  артық  өткізгіштер  түйісетін  нүктесін  түйін  деп  атаймыз.

Өткізгіштерді  параллель  жалғағанда  тізбектің  барлық  бөліктеріндегі  кернеу  бірдей,  ал  жалпы  ток  күші  әрбір  өткізгіштегі  ток  күштерінің  қосындысына  тең.  Тізбекті  параллель  жалғағанда  өткізгіштердің  саны  артқан  сайын  тізбектегі  жалпы  кедергі  кемиді,  оның  сабабі  параллель  жалғанған  өткізгіштердің  көлденең  қимасының  жалпы  ауданы  артады.  Яғни,  өткізгіштердің  көлденең  қимасының  ауданы  артқан  сайын,  оның  кедергісі  кеми  түседі.

Тұтынушылар  кернеу  220V  екенін  білесіңдер,  тұрмысқа  қажетті  электр  энергиясын  тұтыну  құралдары  220V-ке  есептелінген  және  бір  құралды  іске  қосқанда  қалғандары  тізбекті  бұрынғысынша  жұмыс  жасай  береді.

Тізбектей  және  параллель  қосып  көрсету.  (электронды  оқулықтан)

20-жаттығу

(1,  2  есептерді,  үлестірме  арқылы  қосымша  есептер  шығару)

Сергіту  сәті:

«Инжинер  болу  арманың,  электрик  болу  міндетің»  ойыны

  1. Кім  физик  болғысы  келеді?
  2. Кім  энергетика  саласын  оқығысы  келеді?
  3. Кім  электрик  болғысы  келеді?

Қызылорда  облысы  осы  уақытқа  дейін  электр  энергиясынан  тапшылық  тартып  келді.  Алайда,  елбасы  идеясымен  өмірге  келген  Қазақстанды  индустрияландыру  бастамасына  сәйкес,  облысымызда  бұл  мәселе  оңтайлы  шешілді.  Нәтижесінде  «Құмкөл  Ресорсиз»  компаниясы  қуаттылығы  25  мвт  болатын  2  қосымша  газтурбиналық  қондырғының  құрылысын  бастады.  Осы  толық  іске  қосылғанда  100 мвт  электр  энергиясын  өндіріп,  57  адамға  жұмыс  көзі  табылады.

 

 

«Шаңғы  жарысы»  ойыны

(Тәжірибе  жасап  көрсету)

  1. Тізбектей  жалғау.
  2. Параллель  жалғау

«Коньки  жарысы»  ойыны

(Үлестірме  арқылы  қосымша  есептер  швғару)

V  Сабақты  бекіту.

  1. Параллель  жалғау  кезінде  ток  күші  неге  тең?
  2. Тізбектей  жалғау  кезінде  ток  күші  неге  тең?
  3. Физика  зертханасында  қыздыру  шамы  істен  шыққан  кезде  зертхананың  бүкіл  шамы  сөніп  қалды,  неліктен?
  4. Тізбектей  және  параллель  жалғау  кезінде  кернеу  неге  те?
  5. Тұрмыста  электр  құрылғылары  қанша  вольт  кернеуге  негізделген?

VІ  Қорытындылау.

I=I1=I2

U=U1+U2

R=R1+R2 — тізбектей

U=U1=U2

I=I1+I2 – параллель

VІІ  Үйге  тапсырма  беру

Өткізгіштерді  тізбектей  параллель  жалғау,  оқу,  анықтамасын,  формуласын  жаттау,  20-жаттығудың  4, 5, 6  есептерін  аяқтау.

VІІІ  оқушыларды  бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.