Стиль, сән және костюм туралы түсінік. Технология. 8 – сынып
Қызылорда облысы, Арал ауданы
№74 орта мектебінің технология пәні
мұғалімі Шамұратова Рысжан
Технология. 8 – сынып Сабақтың тақырыбы: Стиль, сән және костюм туралы түсінік.
Мақсаты: «Стиль» «Сән» «Киім-кешек» түсініктеріне тоқталу Костюмнің компизициялық шешімін меңгерту.
Тәрбиелеу: Жастарды жас ерекшелігіне сәйкес киінуге, киіну мәдениетінің қыр- сырын ұғынатын эстетикалық тәрбие беру әсемдікке, сұлулыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Дамыту: Оқушылардың тақырып туралы ойларын кеңейту, эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылығын арттыру.
Міндеттері: Оқушыларға «Сән» «Киім» «Стиль» түсініктерін білдірту. Киім мәдениеті туралы ой қалыптастыра отырып, өз мүмкіндіктерін қолдана білу.
Күтілетін нәтиже: Өз ойларын ортаға салып, сыни тұрда талдау жасайды. «Киім» туралы ойларын кеңейтеді. Сарамандық жұмыста топпен жұмыс жасайды. Еркін сөйлеп ойын жеткізе алады. Талғамдары бойынша киім эскиздерін жасайды.
Ұйымдастыру формалары: «Сыни тұрғыдан ойлау» бағдарламасы стратиялары.
Өткізу барысы: Оқушыларды 2 –топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау немесе қайталау сұрақтары арқылы өткен тоқсанда өтілген материалдарды еске түсіру.
- Тігін машинасымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
- Тігін машинасына арналған айла бұйымдарын ата?
- Бүрмелегіш табанды не үшін қолданады?
- Қандай тігіс түрлерін білесіңдер?
- Біріккен тігістер қандай жағдайларда қолданады?
- Шеттік тігістерді не үшін қолданады?
- Әрлеу тігістерін не үшін қолданады?
- Біріккен тігістерде бөлшектер қалай орналасады?
- Шеттік тігістерде бөлшектер қалай орналасады?
- Өлшемдері бірдей бөлшектерді тұрақты, инешаншымдармен қосу операциясы қалай аталады?
Пысықтау. «Сен маған, мен саған» ойыны арқылы.
Ой қозғау.
|
І топ. |
ІІ топ |
| «Тірек сөздер» тақырыпқа жақындау.
Киіну мәдениеті, бұрынғы қазақ жастары сән үлгілері қазіргі киіну мәдениеті. |
Менің түсінігімдегі…
|
Мағынаны тану
Сән (латынша – Modus) – өлшем, тәсіл іс- қимыл бейнесі. Сән белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән әлеуметтік құбылыс. Киім бірінші қажетті оны өндірумен өнеркәсіптің әртүрлі салалары айналысады. Ал сатумен жүйелері шұғылданады.
Сән – экономикалық құбылыс. Адам қоғамның дамуына және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сәнді демократияшыл десек те болады. Ол таңдау идеясы мен еркіндігімен, яғни әр түрлі стильдермен, пішіндерімен, үлгілерімен, алуан түрлі реңділігімен ерекшеленеді.
Стиль (stu is латын сөзі) – мәнер, сипат ерекшелік. Сол дәуірдің мәдениетін сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым – қатынасын көрсететін тұрақты анық ерекшелеген дәуір тілі.
Киімде бірнеше – классикалық, спорттық, романтикалық фоьклорлық стильдер болады.
Классикалық стиль: (Қатал, іскер, сәнді киіну) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өөгерістерге онша беріле бермейтін барлық киім түрлері кіреді.
Спорттық стиль: – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер.
Романтикалық стиль: Әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік нәзіктікті әдептіден тыс ерекше көрсетеді. Ерекшелігі – қатпарлар, желбіреуіштер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль: Ұлттық сипаттағы киімдер. Ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмысының элементтері кеңінене пайдаланылады.
Формалық стиль: қызмет түріне қарай киетін киім.
Силуғт -(siluett) француз сөзі – ұзындығы мен ені бйоынша адам мүсінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тік төртбұрыш, трапеция, үшбұрыш сопақ, карандаш т.б.) бірін беретін киімнің кез- келген бөлігінің сыртқы кескені.
Биылғы жылдың сән үлгісінде Қазақстан сәнгерлері: Құралай Нұрқаділова, Айда Кауменова, Берік Исмайлов
сияқты сәнгерлердің киім үлгілері. (Слайттан көрсету)
Киімді таңдауға адамның талғамы жоғары болуы керек.
Мен таңдаған киім (тақтамен жұмыс)
Ересек адамдарға арналған киімді 4 топқа:
- Жастарды 18-29 жас
- Орта жас 30-44 жас
- Егде адамдар (45 тен жоғары)
- Қарт адамдар
Композиция – деген костюм композицясы деп түсінік, ол (латын сөзі- COTPOSITO-шығару, құрастыру) костюм өзіне тән амалдармен жасалатын әдістер бар екенін білдіреді. әр елдің әр ғасырдың өзінің костюм композициясы болған.
Ойтолғаныс
1 топ. «Киіне білу де мәдениеттілік»
Р-ана
А-отбасында
Ф-түсінік беру арқылы немесе ақыл
Т– «Киіне білу де мәдениеттілік»
Қызым, әр адам өз жас ерешклігіне қарай киінсе, орнын тапқан саналылықтың, мәдениеттіліктің белгісі болар еді. Қанымызға сіңген қасиетімізді қазақ қызы кіндігін ашып, етегін қиып, тырысқақ шалбар киіп өз сәнін өзі кетірмеген. Сөзімді ұқсақ ешкімнен сөз естімеуге тырыс. әдемі бол, сұлу бол бірақ жарасымды, табиғатыңа сай киіммен.
2-топ «Жақсы киіну- жақсы ойлаудан басталады» дегенді қалай түсінесіңдер.
Бұл пікірді біздің топ жақсы қабылдады және біраз ойландырады жақсы ой адамды саналылыққа, білімділікке, мейірімділікке, яғни барлық ізгі тілектерге жетелейді.
Сол сияқты жақсы ой жақсы жарасымды киінуге де себеп болды. өзіміздің тума қасиеттерімізді қадірлейтін тіл тазалығын, жан-жүйке талағы арқылы рухани сезімді айтуға болады.
Өз ұлтына қанына тартпаған адамнан ештеңе күтуге болмайды. Жақсы ойы бар адам ол болашаққа үмітпен қарап барлық жағынан рухани бар адам деп ұғымыз.
Үйге тапсырма: Биылғы жылы сән үлгісі (буклет жасау)
