Сүйінбай Аронұлы

пән мұғалімі: Бегалиева Гүлжан. Жамбыл обл. Шу қаласы. «Жібек Жолы» мектеп-лицейі.

Сабақты тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

Мақсаты: 1) Ақынның өмірі туралы мағлұмат беру 2) Өлеңді мәнерлеп оқу, логикалық ойлау қабілетін дамыту  3) Өлеңді негізге ала отырып, оқушының бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыру, жаман әдеттерден жирендіру, жақсы мен жаманды ажырата алуға, өмірге қажетін таңдай білуге бағыттау.

Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Мақсаты:
1) Ақынның өмірі туралы мағлұмат беру
2) Өлеңді мәнерлеп оқу, логикалық ойлау қабілетін дамыту
3) Өлеңді негізге ала отырып, оқушының бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыру, жаман әдеттерден жирендіру, жақсы мен жаманды ажырата алуға, өмірге қажетін таңдай білуге бағыттау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, талдау,баяндау.
Көрнекілік: Ақын портреті, теңге суреті, венн диаграмма.
Бөлімі
Мұғалімнің әректі
Оқушының әрекеті
Білім
І. Ұйымдастыру
Бағалау жүйесі.
— Балалар, бүгінгі сабағымызда біз жақсы бір талдау жасаймыз, алдымен үйге не берілді?
— Ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы дайындап келген жұмыстарыңды тыңдайық.
Үй тапсырмасын дұрыс орындап келіпсіңдер.
(оқушының назарын тақтаға аудару)
— Сүйінбай Аронұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы ізденіп, оқып келу тапсырылды.
1. Ақынның өмірбаяны.
2. Шығармашылығы туралы.
3. Айтыстары туралы. /оқушылар дайындап келген жұмыстарын баяндайды/.
Түсіну
Алдарыңда тұрған ақынның портреті Қазақ халқының тұңғыш кәсіби суретшісі Ә.Қастеевтің көркем туындысы. Ақынға арналып тұрғызылған мазар туған жерінде орналасқан. Сүйінбайды біз ұлттық валютамыз теңгеден де көреміз.
— Балалар, мен сендерге мынандай сұрақ қояйын. Жақсы дегеніміз не? Жаман дегеніміз не?
Ақынның тоқтаусыз шығарған жыр-мұрасы ұшан-теңіз болған . Солардың ішіндегі бүгін біз сендермен ақынның «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері » атты толғауын өтеміз.
Оқушылар өз ойларын айтады.
— Алдымен не істейміз ?
— Қандай мақсат қояр едіңдер ?
— Осы мақсаттарға жету үшін тапсырмаларды орындайық.
—        Мақсат қоямыз.
—        Ақынның өлеңінің мазмұнын түсіну,талдау.
—        Сөздік жұмысын жасау.
Сөздік жұмысы.
Қызықты тұсы-
Арғы атасы     —
Сақ тұрады     —
Парқы             —
Миуалы          —
Іріткі салар     —
Оқушы жауап берген соң шығады
Интересный промежуток
Предок, прадедушка
Быть осторжным
Сушество, достоинство
Плодоносный
Разлагать, растрайвать.
-Балалар, енді өлеңді тыңдаңдар.
1.Өлеңді мәнерлеп оқып беру
2. Оқушыларға оқыту.
3. Мазмұнын сұрау.
4. Әр топқа берілген тапсырмаларды орындату.
1. Баяндаушы «Жақсы жігіт елінің ағасындай»деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
2. Дәнекер: Ақын жақсы адамды неге «миуалы алмаға» теңейді?
3.     Із қуушы: Жаман адам неге тал түсте адасып жүреді ?
Қолдану
Оқулықпен жұмыс. /өлең сөздерін тірек ете отырып, жақсы мен жаман қасиеттерді теріп жазу/ Венн диаграмма.
Жақсы
Сөзіне сақ тұрады,елінің ағасындай, жүзі жақсы, сөзін әркім пайдаланады, миуалы алмадай.
Ортақ қасиеті
Адамның бойындағы қасиеттер
Жаман
өтірікші, өсегі көп, іріткі салар, жалған сөзбен бықсытар ел арасын, әркімге бір ұрынады
Анализ
Тақтамен жұмыс. Өлеңнің бір шумағын құрылысына қарай талдау.
Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Синтез
Толғау қандай мақсатта жазылған? «Ой толғау»
Әрқайсысы өз ойларын жазады.
Бағалау
Балалар, бүгінгі тақырыпқа байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Қорытынды:
-Балалар, бүгінгі сабақта жұмыстарыңмен білімдеріңді көрсеттіңдер.Сонымен, бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?
Үйге тапсырма: Өлеңнің ұнаған шумақтарын жаттап келу.
Білімдерін бағалау.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!
Білетін мақал-мәтелдерді айтып шығады.
-Бүгінгі сабақтан түйгеніміз: жақсы сөйлеу, жақсы қылықты болу, өтірі-өсек айтпау, т.б

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше