Без рубрики

БЕЙІНДІК ОҚЫТУДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ӘДІСІ

Зарубаева Лилия Елеуханқызы
«№74 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-сі,
орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
БЕЙІНДІК ОҚЫТУДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ӘДІСІ

Оқушы болу қабілеті мұғалім
болу қабілетінен жоғары әрі мәр-
тебелі
М.Мардашвили

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжы-
рымдамасына сәйкес жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке-даралық ерек-
шеліктеріне мейілінше мән бере отырып, бейіндік оқыту жүйесі іске асыры-
луда. Мұндағы алға қойған басты мәселенің бірі- «Білім беру мазмұнын негізгі
білімнен сөйлеу дағдысына өзгерту».
Бейіндік оқытудың негізгі мақсаты — жеке білім беру траекторияларын оқушы-
ларда жүзеге асыру, оқушылардың отбасында, аймақтық ортада әлеуметтенуі, ор-
та және жоғарғы білім алуға дайындау үшін оқушылардың жалпы білім беру бағ-
дарламасындағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Қазақ тілі пәні қазіргі таңда айрықша роль атқарады. Қазақ тілінде жаңа техно-
логияны қолдану – баланы жан-жақты терең ашуға, оған бағыт-бағдар беріп,
жағымды әсер етуге, зейінін көтеруге, белсенділікті арттыруға көп септігін ти-
гізеді. Оқушының білім алу арқылы тұлға ретінде дамуына, ол үшін оқушы тұл-
ғасының дамуын жүзеге асыратын білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі
амалдары анықталып жүзеге асырылуда.
Қазіргі мақсат оқушының табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік
ашылуына қолайлы жағдай жасау.
Сондықтан бейіндік оқытуда гуманитарлық бағытындағы қазақ тілі мен
әдебиеті пәндерін жобалап оқыту әдісінде төмендегі мақсаттарды басшылыққа
аламын:
барлық оқушыларды қазақ тіл біліміне негіз болатын білімдер жүйесімен
қаруландыру және алған білімін практикада қолдана білудің іскерліктері

мен дағдысын қалыптастыру, оқушылардың өз бетімен зерттеу жұмыста-

рын жүргізуін дамыту, әр оқушының білімдік қабілетін ояту, есте сақтауын,

ой-өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру,таным-

дық белсенділігін арттыру; көпшіл, ұйымшыл болуға баулу, ынтымақтас-

тыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу, кәсіптік бағ-

дар беру.
Қазақ тілін оқыту әрбір жеке сыныптарда мемлекеттік стандартқа сай оқу бағ-

дарламасын басшылыққа алу болып табылады. Сонымен қатар қазіргі таңда қол-

данбалы, таңдау курстарын оқыту болып табылады. Қазақстан Республикасының

мемлекеттік тілі – қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз

бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып

табылады. Жобалау әдісі оқытудың жаңа әдісі болып табылады. Жобалау әдісі –

оқу үрдісін жекешелеуге, оқушыға жоспарлау барысында өзінің тәуелсіздігін көр-

сетуге, тапсырмалар орындағанда шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін

кешенді оқыту әдісі. Жобалар әдісін технология деп есептеуге болмайды – ол бас-

қа әдіс-тәсілдермен бірге нақты бір мақсаттарға жету үшін қолданылады. Бұл

әдісті қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс- әрекеттерін жоспарлауды ғана

қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табады,

бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады, табылған

нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың нәтижесі арқылы

жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды.

Аталған әдіс бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпы-
ныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты бала әрекетіндегі жеке қасиеттерін ашу-
ға жағдай жасайды.

Жоба тапсырмаларын орындау үстінде көбінесе оқушылар жұптасып, немесе

үш-үштен бірігіп, немесе шағын топпен жұмыс істейді. Табысқа жету ұжымдағы

әрбір мүшенің тілдік қатынасқа құрылған жоба тапсырмаларын дұрыс орындауы-

на және ұжымның жаппай ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне байланысты.
Жобада оқытушы сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беру-

ші рөлін атқарады. Өз күшімен жоба-тапсырманы орындауда тіл үйренушілер өз

жұмыстарын жоспарлау, оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу сияқты өз

бетінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.Бұл технологиялық оқудағы мұғалім

мен оқушының іс-әрекеті түбегейлі өзгереді.

Оқушының іс-әрекеті: Мұғалімнің іс-әрекеті:
-Оқушы-оқыту субъектісі. -Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.
-Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект. -Бағыт-бағдар беруші, кеңесші.
-Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы. -Оқушының жетістігін құптаушы.
-Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі. -Ынталандырушы, мақсат қоюшы.
-Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға. -Мақсаттарға жетелеуші.

Жалпы жобалау белгілі бір қасиеттеріне қарай топтастырылады және
оларға қойылатын шарттар мен талаптарына сай келеді, атап айтсақ төмендегідей
типтегі жобаларды ұсынуға болады:
1. Демонстрациялық жобалау;
2. Зерттеушілік жобалау;
3. Шығармашылық жобалау;
4. Рольді – ойындық жобалау;
5. Ақпараттық жобалау;
6. Үйретуші жобалау;
7. Моножобалау;
8. Пәнаралық жобалау;
9. Тәжірибелі және бағдарлы жобалау;
10. Қысқа мерзімді жобалау;
11. Ойын жобалауы [2].

Жобалаудың құрылымы:
— нақты нәтиже шығару жобасы;
— нақты мәселенің талдауы;
— нақты уақыт белгілеу;
— жұмыс жүргізу жобасы;
— нәтиже шығару [2].

Жоба белгілі бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол оқушының қызығу-

лығына қарай таңдалуы мүмкін.
1-кезең дайындық кезеңі. Тақырып таңдау, оны құрастыру, міндеттерін белгі-

леу, ұйымдастыру, талқылау, жоба мазмұнымен танысу. Мұнда оқытушымен бір-

ге оқушы жобаның тақырыбын, мақсатын анықтайды.

2- кезең. Материал жинау, материалды өңдеу, толықтыру. Оқушылардың жи-

наған тілдік материалдарын, алғашқы нәтижелерін қорытындылап талқылау, ке-

лесі қосымша материалды, жаңа материалды іздестіру. Жоба үй тапсырмасы ре-

тінде материалды қолдана отырып сұхбат жасауға беріледі, лексикалық, грам-

матикалық материалдар өңделінеді, кесте беріледі.

3- кезең. Сөйлеу кезеңінде алынған материалды қолдану, жоба жұмысын аяқ-

тайды.

4-кезең. Қорытынды шығару, жобаның презентациясы [1].

Осылайша жоба жұмысымен әр оқушы қазақ тілінде сөйлейді. Әр оқушы өз

ойын айтуға, дәлелдеуге тырысады. Ауызша сөйлеуді жетілдіруге үлкен мүмкін-

дік береді.
Жоба жасауда мультимедиялық бағдарламаны қолдану әдісінің көп артық-
шылықтары бар. Ол әр түрлі сөйлеу түрлерін жаттықтыру және оларды әр түрлі

түрде үйлестіруге, тілдік құбылыстарды білуге, лингвистикалық құбылыстарын

қалыптастыруға, коммуникативті жағдайларды құруға, тілдік және сөйлеу әре-

кеттерін машықтандыруға, сонымен қатар қатысушылардың жеке өзіндік жұмыс

жүргізулеріне мүмкіндік береді.

Таңдалған тақырып бойынша жоба (презентация) жасағанда оқушылар ин-

тернет желісін пайдалана отырып, тақырып туралы ең қызықты оқиғаларды,мәлі-

меттерді іріктеп алады. Жобадағы мәліметтерді игерудегі ең маңыздысы оқушы-

лар көрнекілікті, анимацияны, дыбыстарды қолданады. Оларға: суреттер, хаттама-

лар, маңдайша жазулары, жарнамалар, кестелер, диаграммалар жатады.

Сөйлеу барысында оқушылар әр слайдқа толық мәліметтер береді. Өз ойын

ашық айту жоба құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құ-

руға ұмтылады.

Оқу – жобамен жұмыс істеген кезіндегі ең негізгі бөліктердің бірі. Жобаға ке-

ректі мәліметтерді алу үшін қатысушылар баспа мәліметтеріне сараптама жасауы-

на тура келеді. Жұмыс кезінде оқушы анықтамалармен, энциклопедиялық сөздік-

пен жұмыс істейді.

Тыңдау – оқыту құралы және нысан ретінде жобада қолданады. Тыңдаудың

ең бірінші қызметі – жобаны қорғаушы сөйлеген кезде оның сөзін басқалар тың-

дайды, жаңа мәліметтерді ерекшелеуге, ал екінші жағынан кейбір түсініксіз сөз-

дерді тастап кетіп, мәтінді түсінуге дағдыланады.

Жобалау әдісі арқылы ұсынылытын тапсырмаларды орындау барысында оқу-

шылар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бо-

йынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, бас-

қаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді.

Жобалау әдісіне тән жетістіктерге мыналарды жатқызуға болады:

  • жобалау әдісі оқушыларды оқыту үрдісіне және тілдік қатынасқа

белсенді жұмылдыра алуымен ерекшеленеді;

  • оқушыны білім алуда, өз ісін ұйымдастыруда жауапкершілікке

үйретеді;
— жобамен жұмыс істеу барысында оқушының тілдік дайындығы

қалыптасады;

  • жобалау әдісі оқушының белсенді түрде өз бетінше ойлауына,

жұмыс істеуіне және алған білімін есте сақтауы, тиісті жағдайда

қолдана алуына көмектеседі. Сонымен бірге оларды жеке тұлға ретінде

қалыптастырады;

  • жобаны қорғау кезінде оқушы өз әрекетін ұйымдастырып бағалай

алатын жеке тұлға ретінде ғана емес, тілді меңгеруге байланысты өз

бойындағы кемшіліктерді жеңуге де үйренеді.
Қазақ тілі пәнінен төмендегідей қызықты тақырыптарды оқушылар өз еркімен таңдады:
• «Қазақстанның астаналары»,
• «Қарағанды қаласындағы көшелер»,
• «Менің мектебім»,
• «С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театры»,
• «Менің болашақ мектебім»,
• «Қаладағы ақпарат көздері»,
• «Біздің қаламыздың спортшылары»,т.б.
Бұл тақырыптарды қамтыған жоба жұмыстарын ақпараттық, шығармашылық жоба түрлеріне жатқызуға болады. Ұзақ мерзімді жоба жұмысы болғандықтан, оқушылармен жұмыс жүргізіліп жатты.
Әр топ шешудің негізгі сатыларын басшылыққа алды. Олар:
1. Ақпараттық – «не істеу керек?»;
2. Жоспарлық – «бұған қалайша жетуге болады?»;
3. Шешім қабылдау – «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау»;
4. Орындау – «жүзеге асыру»;
5. Бақылау – «тапсырма дұрыс орындалды ма?»;
6. Бағалау – «келесі жолы нені дәлірек істеген жөн?».
«С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театры» жоба жұмысын жасаған оқушылар қаладағы театр туралы соңғы нәтижесі ретінде – Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді? деген сұрақтарға нақты жауап бере білді.Оқушылар театрдың тарихымен жан-жақты танысып,театрға байланысты ақпарат көздерінен материалдар жинақтап,театрдың белгілі әртістерінен сұқбат алып,жетістіктерімен танысты. «Біздің қаламыздың спортшылары» жоба жұмысында оқушылар қаламыздан шыққан белгілі спортшылар туралы деректер іздеп тауып,зерттеп,материалдарды сұрыптап,ақпарат көздерін кеңінен қолданып,жинақтап,шығармашылық, іскерлік,интеллектуалдық-танымдық, қа-рым- қатынастық бiлiктiлiгiн, әлеуметтенуге бейiмдiлiгiн, эстетикалық, рухани-адамгершiлiк құндылықтарын бойларына сіңдіріп, жоба жұмыстарынын нәтижелерін мультимедиялық презентация, фильмдер, шығармашылық есеп жасады. Оқушылар,әсіресе,2012 жылғы Лондон олимпиадасында әлем чемпионы болған жерлесіміз Серік Сәпиев туралы көптеген мағлұматтар жинақтады.
Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекеті, яғни сиқыршының көжекті цилинірдің астына салу үшін ұзақ мерзім көлемінде атқарған еңбегі тәріздес. Конфуцийдің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін» дегені – бұл технологияның негізгі ұстанымы.
Қазіргі кезде білімді жетілдіру негізіне құзыреттілік тұрғысынан қарауды алу ұй-

ғарылуда. Құзыреттілік бойынша алынған білім мен біліктілікті тәжірибеде, күн-

делікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу

үшін қолдана алуға қабілеттілікті білдіреді.

Мектепте білім берудің практикалық бағытталуын күшейтуді, оқушылардың

ойлау әрекетін дамытуды, практикалық дағдыларын қалыптастыруды шығарма-

лық, ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарының өзіндік үлесін арт¬тыру көзделеді.

Жобалау әдісі бойынша өткізілген сабақтар оқушы бойындағы қабілеттілік пен

қызығушылығына сәйкес жетіліп, дамуына жағдай туғызылып, әр оқушының же¬

келеген мүмкіндіктерінің ашылуына ықпал жасайды. Оқушылар өз ойларын орта-

ға салып, басқаларына сын көзбен қарауға үйренеді.

Бұл әдіс- келешекте оқушылардың зерттеу жұмыстарымен айналысып, ақпарат

жинау, шыққан нәтижені бейнелеп төсіндіру, өз зерттеу жұмысын қорғау дағды-

сын қалыптастырады.

Қорыта айтатын болсақ, жобалау әдісі — бұл оқу жүйесі, оқу үрдісінің

ұйымдастырылған моделі, ол оқушылардың интеллектуалды және физикалық

мүмкіндіктерін жаңа жобаларды құру үрдісінде шығармашылық қабілеттерін да-

мыту жолымен өзіндік тұлғаны жүзеге асыруға бағытталған.

Теориялық тұрғыдан жобалау — белгілі бір мәселенің өзгеруі, дамуы деп
танимыз. Жобаның құрылымы мәселенің талдауынан басталып, оны шешіп нә-

тижесіне жету үшін жасалатын қадамдардың жобалауынан тұрады. Жобалау жұ-

мысында ой өрісінің дамуы, критикалық ойлау, креативтілік, сонымен қатар мә-

селелерді шешу қабілеті пайда болады.

Мұғалім оқушыны өз бетімен білім алып, алған білімін арнайы рәсім-

деумен жобалау әдісі арқылы дәлелдей білуге үйретеді. Осы жұмыстың арқасын-

да мұғалім мен оқушының арасында шығармашылық байланыс, жаңа көзқарас

пайда болады. Мектеп қабырғасында оқушыда зерттеу, іздеу, анықтау, дәлелдеу,

синтез, анализ жасау дағдылары қалыптасады және жобалау әдісі белгілі мерзім-

ге берілуіне байланысты оқушы уақытты ықшамдап үйренеді. Бұл келешекте

оқушының өз өмірінде пайдалануға қажет қасиет пен дағды.

  1. Әлметова Ә.С. «Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» пед.ғыл.доктор.дисс.автореф. Алматы, 2007. -48б.
  2. Полат Е.С. Типология телекоммуникационных проектов. Наука и школа-№ 4, 1997
  3. Пахомова Н.В. –Учебный проект: Его возможности. «Учитель», N4-2000.
  4. Фазылова Р.Л. Проект на уроках немецкого языка Иностранный язык в школе.-1999.- №.3

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.