Астана-Бәйтерек.6-сынып.
І.Сабақтың тақырыбы: Астана-Бәйтерек.
ІІ.Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Бәйтерек монументі туралы мәлімет беру, оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сөздік қорын молайту.
ә) дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту,
шығармашылық –танымдық қызметтерін арттыру, сөйлеу қабілеттерін
дамыту.
б) тәрбиелік: Туған жерін елін сүюге қазақ тілін үйренуге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
ІҮ.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап ,сөзжұмбақ,деңгейлік тапсырманы орындау
Ү.Сабақтың көрнекілігі: суреттер,тапсырма парақшалары ,сағат
ҮІ.Пәнаралық байланыс: орыс тілі,архитектура
ҮІІ.Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй жұмысын тексеру
«Тұңғыш Президент» тақырыбын дайындаған рефераттарын тексеру.
ІІ.Жаңа сабақ
1.Сабақтың тақырыбы,мақсаты,барысымен таныстыру.
2.1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқып,үш деңгейлі тапсырманы орындаңдар.
1.Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Астанамыздың рәміздік белгісіне айналған қай ғимарат?
2. «Астана-Бәйтерек» монументі қандай ғимарат?
3. Монументтегі 97 саны нені білдіреді?
4. Панорама залында нелер бар?
2.Мәтіннен 7 септікке сөздер тауып жазыңдар.
- Мәтін бойынша сұқбат құрастырыңдар.
- Мәтіннен тәуелденіп барып септелген сөздерді теріп жазыңдар.
«Бәйтерек-Астананың символы» тақырыбына шығарма жазыңдар.
3.2-тапсырма.Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.
Қаланың ортасында, «Бәйтерек» монументінің қасында, Есіл өзенінің бойында,Елбасы Резиденциясының алдында, «Думан» ойын-сауық ор-талығында.
- Сергіту сәті.Сөзжұмбақ шешу.
1.Ұлы ақын
2.Ай атауы
3.Ауыз әдебиетінің жанры
4.Елорда
5.Өзен аты
6.Қара алтын өңдірілетін қала
7.Еңбек түбі – …
8.Жыл мезгілі
5.3-тапсырма.Мәтінде қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.
ІІІ.Қорытындылау
ІҮ.Үйге тапсырма
Астана сөзін тәуелдеп алып,септеу.
Ү.Бағалау
