Без рубрики

Астанаға саяхат.6-сынып.

І.Сабақтың тақырыбы:Астанаға саяхат.
ІІ.Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Елорда туралы түсініктерін кеңейту,мәтінмен жұмыс
жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру,
ә) тәрбиелік:Өз еліне,жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу,
бір – біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
б) дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңей-
ту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
ІІІ.Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игерту сабағы
ІҮ.Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,топтық жұмыс
Ү.Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте
ҮІ.Пәнаралық байланыс: орыс тілі,география
ҮІІ.Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады, амандасу, қонақтармен амандасу
— Бүгін сыныпта кезекші кім?
— Сыныпта кім жоқ?
— Оқу құралдарын тексеру (оқулық,дәптер,қалам,сөздік дәптер)
ІІ.Жаңа сабақ
1.Сабақтың тақырыбы,мақсаты,барысымен таныстыру.
2.
Саяхат картасы
3.Пирамида
2. Бәйтерек 4.Ақ Орда
1. Вокзал 5. «Думан»
6. «Хан шатыры»
3.1-аялдама. Сөздік алқабы.
ғимарат- здание
аялдама-остановка
көрікті-красивий
жаға-берег
орталық-центр
ойын-сауық орталығы-развлекательный центр
Сөз тізбегі Сөз тіркесі тізбегі Сөйлем тізбегі
4. 2-аялдама. «Бәйтерек»
1. Мәлімет беру.
Астана қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан.Мұнда Өмір ағашы-Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев.
2. Тапсырма
Мәтін бойынан жалғау жалғанған сөздерді теріп жаз.
5.3-аялдама «Пирамида»
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы,жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
Тапсырма
*Әр топ мәтін бойынша сұрақтар әзірлеп, сандықшаға салады.
*Кезекпен сандықшадағы сұраққа жауап береді.
6.4-аялдама «Ақ Орда»
«Ақ Орда» Қ.Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш.м құрайды.Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты,ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Тапсырма
Ғимарат, өзен сөздерін септе.
7.5- аялдама «Думан»
«Думан» ойын-сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы,боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де,балалардың да сүйікті демалыс орны.
Тапсырма
«Мені түсін» . Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, кілтті сөздерді дәптерлеріне жазады.К ейін мәтінмен салыстырып,тексереді.
8.6-аялдама «Хан шатыры»
Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын-сауық орталығы. 200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.
Тапсырма
Берілген сөздерді құрамына қарай талда.
Сарайының,уақыттары,өздерінің, тұрғындарды.
ІІІ.Қорытындылау
-Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
-Саяхат сендерге ұнады ма?
-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де,келіп жеттік.

« Cиқырлы сандық» . Берілген сандарды таңдап,жасырынған сұрақтарға жауап беру.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

1.Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?
2.Астанадағы ойын-сауық орталықтарын ата.
3.Бәйтеректің ұзындығы қанша?
4.Қ.Р тұңғыш президенті кім?
5.Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл ?
6.Бір сөзбен ата.
Әнұран,елтаңба,ту.
7. Әнұранның авторларын ата.
8.Астанаға қандай тілек айтасың?
9. Адасқан сөздерді орнына қой.
Астана, орналасқан,қаласы,Солтүстік, аймағында.
10.Астананың болашағын қалай елестетесің?
ІV.Үй тапсырмасы
Шығарма жазу. «Астана-арман қала»
V.Бағалау
Бағалау парағы.
Аты-жөні Үй тапсырмасы 1-аялдама 2-аялдама 3-аялдама 4-аялдама 5-аялдама 6-аялдама Сиқырлы сандық

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.