Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бердешова Жадыра
Сабақтың тақырыбы: «Алтын балта »
Сабақтың маұсаты:
1.Оқушылармен халық ауыз әдебиетіне , оның ішінде ертегі әлеміне тоқтау, мәтіннің мазмұнын меңгерту
2. Оқушылардың көркем сөйлеуін дамыту, сөздік
сөздік қорларын дамыту.
3. Оқушылардың білім деңгейіне байланысты
тапсырмалар беріп, жазба тілдерін дамыту.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, карточкаларға жазылған
(бөліктерге бөлінген мәтін)
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру (көрініс арқылы)
3. Сергіту сәті
4. Жаңа сабақ
5. Тапсырмаларды орындату
6. Қорытынды
1.Ұйымдастыру: Оқушылар сабақта шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер тілейді. Мысалы: сабақта 5-ке жауап бер.
2.Үй тапсырмасы: — Балалар бүгінгі сабағымыздың бір ерекшелегі, үй тапсырмасы көрініс арқылы тексеріледі. (кейіпкерлері: автор, қойшы, хан және уәзірлер)
3.Сергіту сәті: Әр оқушыға ақ парақ таратылады. Енді осы ақ параққа кез келген өздеріне ұнайтын әріпті таңбаландар. Енді осы әріптеріне қатысты жақсы сөздер жазыңдар. Мысалы: Іі – ізетті, ілтипатты.
4.Ой шақыру: «Балта» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
5.Ой қозғау
Ертегіні оқымас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріңдер.
-Өмірде алтын балтаның болуы мүмкін бе?
— «Алтын балтанының қандай қасиеттері болар еді?»
-Тақырыбына қарап әңгіме не туралы деп ойлайсың?
6.Мәтінмен жұмыс: 1.Мәтінді төрт бөлікке бөліп 4 топқа таратып беремін.
Тапсырма: 1. Өз бөлігіңді оқып болған соң, топта талда.
2. Тұсінгені бойынша сурет салу
3. Оқыған бөліктеріне сай келетін мақал- мәтелдер,нақыл сөздер келтіру.
7.Кейіпкерге хат
— Балалар, осы ертегіден өздеріне жақын кейіпкерді таңдап , сол кейіпкерге хат жазыңдар.Ол хатта өз ойларыңды, сұрақтарың болса, сұрақтарынды қоюға болады.
8.Қорытынды: «Венн диаграммасы»