Без рубрики

Жолда жүру ережесін білесің бе?

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бердешова Жадыра

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін білесің бе?
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол
ережесіне арналған кітаптар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Мұғалім : Ал енді » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .
ІІ. Негізгі бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған, 2.Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.
Өміріңді күзеткен, (Автобус) Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

3,Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

  1. Арқаным бар тым ұзын,
    Ала-алмайсың бір үзім.
    Табыңдаршы, балалар,
    Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
  2. Өзі сөйлей білмейді,
    Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
    Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.
  3. Неге ?Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
  4. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
  5. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .
  6. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
    Тақтада
    Қызыл – Тоқта !
    Сары – Сақтан !
    Жасыл – Жол ашық!
    Қызыл көзін ашқанда ,
    Сынық сүйем баспа алға
    Сары көзін ашқанда ,
    Қарап қалма аспанға !
    Жасыл көзін ашқанда ,
    Өте бергін , жасқанба !
    Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
    Ән: Бағдаршам
  7. Көшеде біз сақ болайық ,
    Қаймықпасын ата – ана .
    Жолда сен бол лайық,
    Жас ұлан деген атқа
    Қ- сы :
    Әрқашан күн сөнбесін,
    Аспаннан бұлт төнбесін .
    Қасымда болсын анам,
    Болайын мен де аман !
  8. Жолда жүру әліппесін
    Білген жөн бес саусақтай.
    Сонда ғана жүре аласың ,
    Сен өзіңді сау сақтап
    Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?

Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Қорытындылау :
Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.