Туған-туысқандар
Сабактың тақырыбы: Туған-туысқандар.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Қазақтың әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру. Олардың тек өз ата-анасын, бауырларын ғана біліп қоймай, жігіт адамның өз жұртынан баска нағашы жұрты жәнеқ жұрты болатындығын түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Туыстык жакындыкты жете карым-катынасты дамы туга, оқушылардың ой-өрісінің дамуына жағдай жасау.
б) Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру.
Көрнекіліктер: суреттер, сызбалар, плакаттар.
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту.
Оқыту формасы: жеке, топтык, ұжыммен. Сабақтың әдісі: сұрак-жауап, ізденушілік. Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка.
Мұғалім міндеті: оқушылардың міндеттерін орындауға жұмылдыру, бағыт сілтеу, ой түрткі – мотив туғызу.
Оқушылардың міндеттері: біртұтас объектіні тану, сызбадағы негізгі ұғымдарды ажырата білу.
Оқу процесі.
- Ұйымдастыру бөлімі.
- Үй тапсырмасын тексеру.
– Үйге қандай тапсырма берілді? (Түсінік айту, эссе бойынша жағандарын сұрау.)
– Отбасына кімдер жатады?
| – Бұлар бізге кім болады? (Тума, туыс.)- Балалар, бүгінгі біздің такырыбымыз «Туған-туысқандар» деп аталады.
– Балалар, тақтага назар аударайык. Қазақ халкы жігіт адамның үш жұрты бар деп есептейді. |
Ой жинактау:
Оқушыларга жаздырып шыгу.
- Отбасының басшысы кім?
- Отбасы тағы кімдермен қарым-қатынаста болады?
- Біздің тағы да қандай жақын адамдарымыз бар?
III. Мәселе қою.
Ой козғау. Сызбамен жүмыс:
ӀҮ.
| Қайын жұрты |
| Өз жұрты |
Жігіт
Нағашы жұрты
Сурет бойынша жұмыс істеу.
а) Өз жұртың сендердің ата- әжелерің, әке-шешелерің, ағаларың, апаларың т.б.
ә) Нағашы жұрт – анаңның төркіні. Нағашы ата, нағашы эже, бөле, жиен, т.б.
б) Қайын жұрт – әйелдің төркіні. Қайын ата, қайын аға, қайынбике, т.б.
Ү. Оқулықпен жұмыс.
Қатар бойынша оқытып шығару.
I қатар II қатар III қатар
Өз жұрты Нағашы жұрты Қайын жұрты
Түртіп алу:
– білмеймін,
– мені таң қалдырды
– түсініксіз сөздерді белгілеу.
Сөздік жұмысын жүргізу:
Жиен, бажа, жезде, кұдаша.
ҮӀ. Логикалық ойын:
– Оның шешесі – менің апам. Сонда ол маған қандай туыс? (жиен)
– Ол екеуміздің аналарымыз бірге туган. Біз қандай туыспыз? (бөле)
– Оның әкесі – менің нағашым, сонда мен оған қандай туыспын? (жиен)
– Оның ағасы маған жезде, мен оған кім болам? (кұдаша)
– Ол бізге күйеу бала, біз оған кім боламыз? (қайнаға, қайын апа)
ҮӀӀ. Шығармашылық тапсырма.
«Өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – сыншыл, нағыз жұртың – нағашың.» Мағынасын түсіндіру.
– Ұрпаққа ата-анадан кейінгі ең жақын жанашыр адам – нағашы. Өзіміздің нағашыларымызға арнап 5 жолды өлең шығарайык.
ҮӀӀӀ. Дәптермен жұмыс.
| НағашыСыпайы, көңілді Көмектеседі, әпереді . |
- Зат есім.
2.Сын есім
3.Етістік,
- IX. Сәйкестендіру тесті:
Өз жұрты әке-шеше
Нағашы жұрты бөле
Қайын жұрты балдыз
- X. Бекіту: Не үйреніп, не білдік?
I қатар өз жұрты
II қатар нағашы жұрты
III қатар қайын жұрты
- Өз жұрты дегенді калай түсінесіңдер, оған кімдер кіреді?
- Нағашы жұрты дегенді қалай түсінесіңдер, оған кімдер кіреді?
- Қайын жұрты дегенді қалай түсінесіңдер, оған кімдер кіреді?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Шығарма жазу
