Сабақтың тақырыбы:Шамалар және оларды өлшеу
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың өтілген сабақтар бойынша білімін тиянақтау.
Білімділігі:Шамалар және оларды өлшеуден алған білімін таныту,білім,білік,дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы:Алған білімдерін есеп шығару кезінде қолдана білу, дағдысын жэне өз бетінше ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды алғырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жарыс сабағы.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, қайталау.
Сабақтың типі:Қайталау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі:Үлестірмелі парақшалар,геометриялық фигуралар, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Саламатсыздар ме, балалар! Бүгін математика пәнінен мен жүргіземін. Менің есімім Ләззат.Балалар қараңдаршы біздің сабағымызга көптеген мұғалімдер келіп отыр,барлығымыз бұрылып қарап алайық.
Бүгін сендерді көп қызықты-қызықты тапсырмалар күтіп түр.Сондықтан сендерден ұйымшылдықпен,көтеріңкі көңіл-күймен сабаққа қатысуларыңызды сұраймын.
-Келістік қой?
-Керемет!
Сабағымызды бастамас бұрын сендердің білімдеріңді бағалайтын әділ- қазылар мүшесін тағайындаймыз.Олар осы мектептің мұғалімдері.Біз бүгінгі жарыс сабағында екі топқа бөлінеміз.
1- топ. «Білімділер»
2- топ. «Тапқырлар»
Алдымен екі топтан екі оқушы шығып,өздерінің білімдерін бағалайтын геометриялық фигураларды алып,жауап берсін.Жауап берген оқушы топ болып сайланады.
1- топ. Үшбұрыштың ұзындыгы 8см,5см,2см.Периметрін тап.
2- топ. Төртбұрыштың ұзындыгы 1О см,ені 7см.Периметрін тап.
Енді әр топтың білімдері осы геометриялық фигуралармен бағаланады.
Қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған.Бұрын жаяу жарыс,өгіз жарыс,тай жарыс пен жеңіп алса,біз бүгін XXI гасырда ғылым мен техниканың дамыған заманында білімімізбен жарысамыз.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялады.
Білім беру саласына қандай міндеттер жүктеді? (Оқу)
Балалар,біз биік шыңға шығып,әрдайым биіктен көрінуге тырысуымыз керек.Бүгінгі сабағымызда осы шыңға шығу үшін өз білімімізді көрсетеміз. Әр кезең сайын қай топ тапсырманы бұрын және дұрыс орындаса, сол топ
осы шыңның басына Қазақстан туын тігу құрметіне ие болады.Туды үздік, алғыр,білімді оқушылар ұстайды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»дей отырып,сабағымызды бастайық.
Сабағымыз жеті кезеңнен тұрады.
1-Бәйге
2-Ауызша есептеу
3-Көкпар
4-Есеп шығару
5-Ойлан тап
6-Білгенге маржан,білмеске арзан
7-Тесттік тапсырмалар
1 -кезең «Бәйге» (Сұрақ-жауап арқылы)
Масса бірліктерінің кестесін құру
- 1кг неше грамм бар?
- 1 ц неше грамм бар? 1тоннада ше?
- 1ц неше килограмм бар?
- 1тоннада неше килограмм бар?
- 1т неше центнер бар?
- 1 гр килограмның қандай үлесі?
- 1 кг центнердің қандай үлесі?
-Біз нені еске түсірдік? (Масса бірліктерін) 2-Кезең.Ауызша есептеу.
2 топ 7200:80= 4800:6= 7000:7= 450*5= 360*10= |
1-топ
Граммен: 7т ,9ц, 5кг, Зт 8ц
Килограммен: 6т, Зт 6 ц 7кг, 4т 9кг, 8ц 57кг
Центнермен: 9т, 107т, 6т 9ц
2-топ
Граммен: 5т,5т 8ц, Зкг,Зц 49кг
Килограммен: 19ц, 2т 8ц, 92ц 43кг, 4т
Центнермен: 6т, 28т, 23т 6ц
4-Кезең. «Ойлан тап» (қызықты математикалық тапсырмалар)
Ӏ.Үш шегіртке сан жазылған түзу бойымен жүгіріп,секіріп жүр.Бір мезгілде А шегіртке 24 санының қасында, алБ шегіртке 66 санының қасында болған.Осы уақытта С шегіртке А Және Б шегірткелердің ортасында болды. С шегірткенің тұрған жеріндегі сан қандай?
2.Кенгуру кәмпиттердің 3 түрін — ірі ,орташа, майда сатып алды.Ӏрі кәмпиттердің әрқайсысы 4кг,орташасы 2кг және майдасы 1кг түрады.Кенгуру Ӏ6 кг барлығы 10 кәмпит сатып алды.Кенгуру қанша ірі кәмпит сатып алды?
7т*70ц 7т14ц900кг* 81490кг
7т43ц114ц 7т17ц5кг3000г7т17ц5кг3001г
9т22ц53кг75000г1От 76ц89кг5000г6т2ц98кг1860г
62т8000000г43т180ц90кг1г 7т7000кг
6- Кезең.Тест.
1.Екінші кластың 50 бірлігі мен бірінші кластың 50бірлігінен түратын санды көрсет.
а)5050 ә)50050
б)50500
в)500050
2.Ұшақ 8000м биіктікке ұшты.Осы биіктікті километрмен жазып көрсет.
а)8км ә)80км б)88км в)800км
3) Мына санның цифрмен дұрыс жазылуын көрсет:үш жүз жиырма бес мың.
а)300250 ә)30025 6)300205 в)325000
4) Қай қосындыларды көбейтумен алмастыруға болатынын белгіле.
а)17+27+37 э)1+11+111 6)12+12+12 в)7+8+9
5) Қате шығарылған көбейтіндіні белгіле.
а)50=5 ә)2 20=40 6)5002=1000 в)171=17
б.Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?
а)1 э)0 6)2 в)5
Әр топтағы оқушы өз көршісін тексереді.
Байқау қорытындысы.
Әділқазылар алқасы қай команданың жеңіске жеткенін айтады.Шың басына бұрын жеткен топ Қазақстан туын тігеді .Жеңіске жеткен топқа ескерткіш сыйлықтар тапсырылады.
Елбасы былай дейді: «Болашақ Қазақстан сендердің қолдарыңда.Жан- жақты білімдеріңді үлгілі тәртіптеріңді көрсете біліңдер.Отанды қорғауға дайын болыңдар!
-Дайынбыз ба?
-Дайынбыз.
Үйге:Аудан бірліктерін қайталап келу.